Циклограмма iі-апта



Дата01.04.2022
өлшемі40,95 Kb.
#137533
Байланысты:
20. Қантар 10-14.01. 22ж 2-апта-3


ЦИКЛОГРАММА
IІ-апта (10.01.2022-14.01.2022 ж.)
Кіші «Балапан» тобы Өтпелі тақырып: «Табиғат Әлемі»
Тақырыпша: Жануарлар әлемі

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі
10.01.2022ж

Сейсенбі
11.01.2022ж

Сәрсенбі
12.01.2022ж

Бейсенбі
13.01.2022ж

Жұма
14.01.2022ж

«Сәлеметсіңдер ме, балалар?»
Балаларды қабылдау
(Ата –аналармен
әңгімелесу)
Ойындар (үстел үсті, саусақ т.б.

Таңертеңгі дене шынықтыру



8:00
-
8:30

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Жануарлар әлемі туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және
көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.

«Жабайы жануарлар» Мақсаты: Балаларға жабайы жануарлар туралы мағлұмат бере отырып, жабайы жануарлар мен үй жануарларын ажырата білуді үйрету

«Қыс қызығы»
Мақсаты: балаларға қыста болатын табиғаттағы өзгерістер туралы мағлұмат беру



«Қыста ұйқыға кететін жануарлар» балаларға қыстай ұйқыға кететін жануарларды атапберу
Мақсаты ойын дамытады, сөйлеу қабілетін арттырады

«Жануарлар әлемі» ойыны. Мақсаты: Балаларға жануарлардың тірі табиғатқа жататындығы туралы мағлұмат беру

«Үй жануарлары».
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары мен оның төлдері және адамға пайдасы туралы түсіндіру

Таңертеңгі жаттығулар кешені №4.Құралмен 5-6минут
Мақсаты:Қимы- қозғалыс жаттығуларды күн сайын жасауға тәрбиелеу

Гигиеналық шаралар
Таңғы ас

8:30
-
9:00

Ойын – жаттығу
Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)
Ас мәзірімен таныстыру. Түзу дұрыс отырып, тамақтануды дағдыландыру.
Асқа деген құрметті түсіндіру. Бата беріп барып, астан алу.
Бата:
Асым,асым, асыма
Береке берсін басыма.
Уайымдарын жоқ болсын,
Тамақтарын тоқ болсын!.

Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

9:00
-
9:15

Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар

«Қыстағы адам еңбегі»
Мақсаты: Қыстағы еңбек түрлері туралы әңгімелеу

«Кім тапқыр» Мақсаты: Сурет бойынша қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажыратып атауға үйрету

«Қыс» картиналар топтамасынан сурет тер қарастыру
Мақсаты: Қыс туралы әңгімелеу

«Шыршаны сәндейміз»
Мақсаты: балалар екі топқа бөлініп екі шыршаны жарысады

«Тез таңда»
Мақсаты: суреттер топтамасынан қыс мезгіліне жатпайтын суретті тез табады

«Ойнайықта та, ойлайық» Ұйымдастырылған оқу қызметтері
(Үзілісті қосқандағы жалпы ұзақтығы. Үзілісте: Дәруменді таңғы ас)



9:15
-
9:45

Музыка
1. «Күшігім менің»
Мақсаты: Күшігім менің балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу, музыкалық қабілетін дамыту.
Құрастыру
Тақырыбы : «Шырша ойыншықтары»
Мақсаты: Балаларды олардың түсін, пішінін, көлемін, ажырата алуға және құрылыс материал дарын кеңестікте дұрыс орналастыра білуге дағдылан
дыру, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Дене шынықтыру
Тақырыбы : «Кегельдер арасымен жүгіру»
Мақсаты: Меңгерген іскерлік,ептілік дағдыларды бекітіп:шағын топпен тұру,педагогтың соңынан жүру,жүгіру.Тура жолмен жүгіруді үйрету
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы : «Үй құстарына жем береміз»
Мақсаты«Үй құстарына жем береміз» еңбекке баулу

Музыка
2) . «Күшігім менің»
Мақсаты: «Күшігім менің» балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу, музыкалық қабілетін дамыту.
Сурет салу
Тақырыбы : «Мұз сүңгілері»
Мақсаты: Балаларды «Мұз сүңгілері»
суретіне салуға, түс үйлесімділігін бере білуге үйрету.

Дене шынықтыру
Тақырыбы : «Доғаның астынан еңбектеу»
Мақсаты: Меңгерген іскерлік,ептілік дағдыларды бекітіп:шағын топпен тұру,педагогтың соңынан жүру,жүгіру.Тура жолмен жүгіруді үйрету

Дене шынықтыру
Тақырыбы : «Доғаның астынан еңбектеу»
Мақсаты: Меңгерген іскерлік,ептілік дағдыларды бекітіп:шағын топпен тұру,педагогтың соңынан жүру,жүгіру.Тура жолмен жүгіруді үйрету
Жаратылыстану
Тақырыбы : «Үй жануарлары»
Мақсаты: «Үй жануарлары» туралы айту білігін бекіту

«Табиғат аясына бірге бармыз»
Серуенге дайындық.

09:45
-
10:05

Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау.
Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.

Серуен

10:05
-
11:30

Жайсыз ауа райын бақылау
Мақсаты: Балаларға ауа райының жағдайын байқап, белгілеуді ұсыну. Қатты желге назар аудару. Қатты жел әсіресе ақпан айында жиі болады.
Қимылды ойын: Үшінші артық
Мақсаты:Шапшандыққа баулу.
Еңбек:Ауланы қардан тазалау.
Мақсаты: күректі пайдалана білуге үйрету.

Қыстың негізгі белгілерін бақылау
Мақсаты: балаларды қыстың белгілерін ажырата білуге үйрету.
Қимылды ойын: Аяз
Мақсаты тез жүгіруге жаттықтыру.
Еңбек: үйдің ауласын қардан тазартып қою.
Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге үйретіп, еңбекке баулу.



Ауыл көшесін бақылау
Мақсаты: тәрбиеші көшеде тәртіп сақтау туралы, жол жүру ережесі туралы, көліктердің көптеген түрі туралы білімдерін анықтап, толықтыру
Қимылды ойын: Жанады жанбайды ойыны.
Мақсаты: тез жүгіруге, шыдамдылыққа жаттықтыру.
Еңбек: балабақшаның маңын қардан тазарту.
Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге, бірлесіп еңбек атқаруға, істі аяғына дейін тиянақты орындауға үйрету.

Қардың қасиетін бақылау
Мақсаты: қар туралы балалардың білімдерін толықтыру, ақ, ұлпа сияқты, күн нұрына шағылысып жылтырайды. Қимылды ойын: ұстап ал
Мақсаты: белгі берілісімен бірден іске кірісіп, жаттықтыру.
Еңбек: қарды күреу.
Жеке жұмыс: қарды жұмырлап, қатты қысу.

Табиғат күнтізбесі арқылы ауа райын бақылау
Мақсаты: ауа райын бақылау. Ауа райына көңіл бөліп, байқау өткізулерін ұсыну.
Қимылды ойын: Арқан тарту!
Мақсаты: қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру.
Еңбек: кішкентай балдырғандардың ойнайтын ауласын қардан тазарту.

Серуеннен оралу

11:30
-
11:50

Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау

«Ас дәмді болсын»
Гигиеналық шаралар Түскі ас

11:50
-
12:30

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру; Тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. балалардың назарын тағамға аудару ; тағамның атымен таныстыру, бата айтқызу Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдану дағдыларын жетілдіру. Тамақтан соң ауыздарын шаюды қадағалау.

«Тәтті ұйқы»
Күндізгі ұйқыға жатқызу

12:30
-
15:00

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату

Тапқыр қоянертегісін оқып беру. Музыкамен және ән айтып тын\орн

Жолбарыс жеген түлкі ертегісін оқып беру.

Қожанасырдың май сатып алуы
ертегісін оқып беру.

Екі әтеш
ертегісін оқып беру.

Қыран мен құзғын ертегісін оқып беру.

«Ұйқыдан ояну және сергіту»
Біртіндеп ұйқыдан ояту.
Шынықтыру шаралары.Ойындар

15:00
-
15:30

1.Керуеттегі жаттығулар ( 2-3 минут)
Оянайық бәріміз.
Көздеріңді ашыңдар,
Кірпіктеріңді көтеріңдер.
Беттеріңді жеңіл қимылмен сипаңдар,
Бір - біріңе жымиыңдар,
Бастарыңды оңға, солға бұрыңдар,
Ауаны жұтыңдар, содан соң жіберіңдер,
Іштеріңді тартыңдар,
Көңіл күй көтерілді,
Кеуделеріңді алақанмен сипаңдар,
Жұдырықты қысыңдар,
Енді біраз ашыңдар,
Керіліңдер, созылыңдар,
Енді ояндыңдар, төсектен тұрыңдар.6-7 рет


2.Керует жанындағы жаттығулар ( 2 ,5минут)
Бойымызды жазайық.
Қолымызды созайық
Жаттығулар жасайық,
Ұйқымызды ашайық.
- Б. қ .қол белде: басты оңға, солға, алға, артқа бұру. 
- Б. қ. кезекпен оң қолды және сол қолды кезекпен көтеру. 
- Б. қ. оң жаққа және сол жаққа бұрылу. 
- Б. қ.: қолды аяқ ұшына жеткізу, бастапқы қалыпқа келу. 
Бір орында жүру, ұйқы бөлмеден аяқ ұшымен шығады. 
7-8 рет
3.Шынықтыру шарасы. ( 2-3 минут)
Әдемі ирек жолдармен
Лақтарша біз ойнақтап
Тастан-тасқа секіріп
Жалаң аяқ жүреміз.
Табанға біз нүктелі
Массаж жасау білеміз.
Арнайы жолдармен жүру.


4.Демалуды қалыпқа келтіру
Демді қалыпқа келтіру.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық!.
1,5 мин

«Ас дәмді болсын» Гигиеналық шаралары.Бесін ас.

15:30
-
16:00

Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң аузын шаюды қадағалау



«Алақай! Ойнаймыз!» Ойындар, дербес әрекет.

16:00
-
16:20

Қыс мезгілінің белгілері туралы сұрау.

Д/о: «Дәл осындай пішінді тап»
М: Ойлау қабілетін дамыту.



«Қысқы баспана» ертегісін оқу. Үстел үсті ойын

Сөздік ойын: «Ұшады-ұшпайды»
М: мұқият болуға үйрету.



2.Д/о: «Мынау қай пішін?»
М: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.

Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыстар.




«Ойыншықтар әлеміне саяхат» Тақырыбы: «Ойыншықтар» Н.Әлімқұлов
Мақсаты: Н.Әлімқұловтың ойыншықтар өлеңін жаттату. Ойыншықтың түрлерін айтып түсіндіру.

Жеке баламен жұмыс: Мақсаты: Алинур кейбір қимылдарды ересектердің көрсетуімен орындауға үйрету



Жеке баламен жұмыс: Мақсаты:
Іңкарға таныс ертегілерді айтуға, ойыншықтар жөнінде шағын әңгіме құрастыруға
үйрету

Жеке баламен жұмыс: Мақсаты:
Кәусәрға суреттен жануарларды тауып, атауға, олардың сипаттық ерекшеліктерін айтай білуге үйрету

.Сюжетті ойын: «Емхана»
Мақсаты: Қарым-қатынас көрсете білуге үйрету.



Серуенге дайындық.

16:20
-
16:30



Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау.
Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.

Серуен, қимыл – қозғалыс ойындары

16:30
-
17:15



Шымшық торғайлардың балапандары мен мысық.
Мақсаты:бірлесіп ойнауға шақыру. Балалардың көңілдерін көтеру.Шапшаңдыққа баулу.

 Масаны ұста.
Мақсаты: балалардың бойындағы зейінділік сезімталдық, ұйымшылдық, ептілік сияқты қабілеттерін дамыту.

Бақалар.
Мақсаты:бірлесіп ойнауға шақыру. Балалардың көңілдерін көтеру.Шапшаңдыққа баулу.



Аттар.
Мақсаты: балаларға табиғат құбылыстарын сезіне білуге үйрету.

Кегли.
Мақсаты:бірлесіп ойнауға шақыру. Балалардың көңілдерін көтеру.Шапшаңдыққа баулу.



Серуеннен оралу.

17:15
-
17:30



Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау

«Ас дәмді болсын»
Гигиеналық шаралар
Кешкі ас

17:30
-
18:00



Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру; Тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. балалардың назарын тағамға аудару ; тағамның атымен таныстыру, бата айтқызу Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдану дағдыларын жетілдіру. Тамақтан соң ауыздарын шаюды қадағалау.

«Қош бол, балабақша!»
Балалармен,
ата-аналармен қарым- қатынас.
Еркін ойындар.
Балалардың үйге қайтуы.

18:00
-
18:30

Ата – аналарға балалармен логикалық ойлауына байланысты ойындар ойнауларын айтып түсіндіру.

Ата – аналармен балалардың тазалықтары жайлы әңгімелесу.



Балаларды ауа райына сай жылы киіндірулерін ескерту.

Құстарға арналған үйшік жасауларын сұрау

Ата – аналарды балалармен үйде өлең – тақпақтарды бірге жаттауға жұмыстар жүргізу.

Циклограмманы толтырған тәрбиеші: _________________
Тексерілген күні: _________________
Циклограмманы тексерген әдіскер: __________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет