Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырлы
ған оқу қызметі
|
«Денсаулық»
Дене шынықтыру
Тақырыбы : "Жаттығу жасау"
Мақсаты : Балаларды сыңарымен жүгіруге жаттықтыру. Жаттығу жасай білуге жаттықтыру.
"Шығармашылық"
Музыка
Шығармашылық
Жапсыру
Тақырыбы :" Түстермен таныстыру "
Мақсаты: түстерді қазақ тілінде атауға, бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: түстердің қазақ тіліндегі атауларымен таныстыру. Төл дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.
Дамытушылық: тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, тіллерін дамыту.
Тәрбиелік: әдемілікті сезіндіру арқылы эстетикалық тәрбие беру.
|
«Таным»
Жаратылыстану
Тақырыбы : «Табиғат бұрышымен таныстыру»
Мақсаты: Білімділік: Табиғат бұрышындағы өсімдіктерді бақылату арқылы олардың құпия сырлары мен тіршіліктері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Балықтар туралы әңгімелеу, олардың тыныс алулары, қоректенулері, қимыл-қозғалыстары, тіршілік ету орталарымен таныстыру.
Тәрбиелік: Еңбек іс-әрекеттеріне баулып, тірі табиғатқа деген қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру.
«Шығармашылық»
Мүсіндеу
Тақырыбы : "Ермексазбен таныстыру"
Мақсаты: Білімділік: Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру. Дамытушылық: Қолынан іс келетін өнерлі, шебер болып өсуге баулу
Тәрбиелік :Шеберлік өнерін дамыту.
|
"Денсаулық"
Дене тәрбиесі
«Белгілі бағытқа қарай жүру»
Мақсаты:балалардың дене шынықтыруға деген ынтасын қалыптастыру. Жүгіру, секіру түрлерін түсіндіру.
|
«Шығармашылық»
Сурет салу
«Сызық салуға үйрету»
(саусақпен)
Мақсаты:
Қағазға солдан оңға қарай түзу сызық жүргізе білуді үйрету.
Міндеттері:
Білімділігі: Балалардың қарындашпен дұрыс жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру, бейнеленгендердің іс-әрекет арқылы көрсете білу.
Дамытушылығы: Саусақ, қол қимыл-қозғалыстарының икемділіктерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Еңбек етуге, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
|
"Денсаулық "
Дене шынықтыру
Тақырыбы : « Белгілі бағытқа қарай жүру» (бекіту)
Мақсаты:балалардың дене шынықтыруға деген ынтасын қалыптастыру. Жүгіру, секіру түрлерін түсіндіру.
"Таным"
Құрастыру
Тақырыбы : «Текшелерден заттар жасау»
Мақсаты: Балаларды тар және кең ұғымдарымен таныстыру Білімділік: құрылыс материалдарымен жұмыс жасай білуге,олардың түсін,пішінін,көлемін,ажырата алуға
Дамытушылық: құрылыс материалдарын кеңестікте дұрыс орналастыра білуге дағдыландыру, Тәрбиелік: ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
|