Тапсырма 1.Төмендегі объектілердіңқалып күйқатарындағы анықтамаларын оқи отырып, суреттерді салыңыз.
Зертханалық жұмыс № 4 Кескіндерді көрудің түрлі әдістері Мақсаты : Салған суреттер мен объектілерді алдын ала көру тәсілдерән үйрену.
Сурет салу кезінде объектінің кейбір бөліктерін өңдеу үшін кескіннің масштабын үлкейту немесе толығымен кесінді көру үшін кішірейту қажет болады. Бұл операциялар масштабтау құралы көмегімен орындалады. Жұмыс кезінде масштабты бірнеше рет өзгертуге болады.Сондықтан масштаб құралын дұрыс қолдана білу өте қажет. Төменде танысатын әдістеріміз суреттің масштабын емес, оның экрандағы көріну масштабын өзгертетінін ескертеміз.
Стандарты саймандар тақтасында үнсіз келісім бойынша үнемі уровень приближения тізімдері орналасқан. Оның енгізу өрісінде кескіннің ағымдағы масштабы көрсетіледі. Біз оны өзгертпегендіктен ол 100%- ға тең болып тұр. Масштабты қалай өзгертетінін көрейік.
Графика тақтасындағы – Масштаб батырмасын басыңыз. Қасиеттер тақтасының түрі өзгереді. Онда масштабтау құралдарының батырмалары көрсетілген
Тышқан көрсеткішін баспа бетінің центріне орналастырыңыз. Тышқан көрсеткіші ортасында қосу таңбасы бар үлкейткіш шыны формасына ауысады.
Тышқанды сол арада шертіңіз. Сурет кескінінің масштабы екі есеге өседі және центрі тышқан шертілген жерге орнатылады. Стандартты саймандар тақтасында Уровни приближения тізімінің енгізу өрісінде кескіннің масштабы 200% ды көрсетеді.
Жұлдышада тышқанды тағы бірнеше рет шертіңіз. Тышқанды әрбір шерту кезінде кескіннің масштабы 2 есеге ұлғайып отырады. Стандартты саймандар тақтасында
Үнемі уровни приближения тізімді енгізу өрісінде кескіннің ағымдағы масштабы көрсетіледі. Масштабты қалай өзгертетінін көріңіз. Құжат бетінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.Кескіннің масштабы екі есеге кемиді және центрі тышқан шертілген жерге орнатылады.
Қасиеттер тақтасындағы Уменьшти батырмасын басыңыз. Тышқанды әрбір шерту кезінде кескіннің масштабы екі есеге кеміп отырады. Стандартты саймандар тақтасында үнемі уровни приближения тізімді енгізу өрісінде кескіннің ағымдағы масштабы көрсетіледі. Масштабтың қалай өзгеретінін көріңіз.
Құжат терезесінің баспа беті мүмкіндігінше максималды өлшемге ие болады, ол әдетте 200 көрсетеді. CorelDraw жүктелгенде үнсіз келісім бойынша осы масштаб қабылданады және оны SHIFT+F4 ПЕРНЕЛЕР КОМБИНАЦИЯСЫМЕН ОРНАТУҒА БОЛАДЫ. Қолданып көріңіз.
Сіз сонымен қатар суреттің аймағын құжат терезсі өлшемімен бірдей етіп көрсете аласыз. Мысалы қарастырайық.
Тышқан көрсеткішін баспа бетінің сол жағына және эллипстен жоғары орналастырыңыз.
Тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз және ұстаңыз.
Тышқанның сол жақ батырмасын босатпай тышқан көрсеткішін оңға және төмен қарай ауыстырыңыз. Пайда болған көк рамка эллипс шеңбер жұлдызшаларды ерекшелесін
Тышқанның сол жақ батырмасын босатыңыз. Ерекшеленген аймақтың масштабы құжат терезесінің көлемін алып үлкейтеді. Ағымдағы масштаб мәнін енгізу өрісінен көре аласыз.
Егер суреттегі барлық объектілер құжат терезесінің көлемінде болатындай етіп өзгерту керек болса, онда келесі әрекеттерді орындаңыз.
Батырмасын немесе пернесін шертіңіз. Масштаб суретте салынған барлық объетылар көрініп тұратындай өзгереді. Сонымен бірге сіз таңдаған объектіңізді немесе объектілер тобын жұмыс терезесінің толық аймағына үлкейте аласыз.
Выбор батырмасын шертіп, эллипсті ерекшелеңіз.
Приближение батырмасын шертіңіз, Панель свойств тақтасының түрі өзгереді. Онда масштабтау құралдарының батырмалары шығады.
Батырмасын шертіңіз. Объект үлкейтіледі. CorelDraw онымен қатар кескін масштабты құжат терезесінің барлық аймағында ені немесе биіктігі бойынша орналасалады.
Батырмасын шертіңіз. Сурет масштабы, яғни құжат терезесінде толығымен баспа бетінің ені бойынша орналасады.
Батырмасын шертіңіз. Сурет масштабы, яғни құжат терезесінде толығымен баспа бетінің биіктігі бойынша орналасады.
Стандартты саймандар тақтасындағы батырмадағы тізімнен қажетті масштабты таңдау арқылы орнатуға болады. Егер масштаб бірнеше есеге үлкейген болса, ондағы кескін аймағындағы басқа объектілерді көру немесе өңделіп жатқан объектінің келесі шетін жылжыту қажеттігі туындайды. Онда оны айналдыру жолағы көмегімен орындауға болады. Бірак құралын пайдаланған ыңғайлы.
Приближение батырмасын шертіңіз, оның қосымша батырмалары шығады. Қосымша құралдар батырмасы.
Құралын таңдаңыз. Қосымша тақташа жоғалып кетеді.
Тышқан көрсеткішін құжат терезесіне орналастырыңыз. Тышқан көрсеткіші қолдын суреті формасына өзгереді. Тышқанның сол жақ батырмасын басып ұстаңыз. Тышқанның сол жақ батырмасын босатпай, тышқан көрсеткішін экранда орын ауыстырыңыз. Онымен бірге сол бағытта баспа бірге қозғалады және суреттің көрінбей тұрған бөліктері көрінеді. Тышқанның сол жақ батырмасын босатыңыз. Енді SHIFT + F4 пернелер комбинациясымен баспа бетін құжат терезесінде толық көрінетін етіп орнатыңыз.