Зертханалық жұмыс №1 Сызықтар, эллипстер, төртбұрыштар және көпбұрыштар салу Мақсаты:Сызықтар,эллипстер, төртбұрыштар және көпбұрыштарды салу әдістерімен танысу.
Сурет салу әдісімен танысуды элементарлы оюъектілерді: сызықтар, эллипстер, төртбұрыштар және көпбұрыштарды жасауға көмектесетін құралдарды меңгеруден бастаймыз. Осы қарапайым формалардан CorelDraw күрделі композицияларды құрастырады.
Төртбұрыш құралы кез келген өлшемдегі әртүрлі төртбұрыштарды салуға мүмкіндік береді. Кез келген құралды қолданбас бұрын оны алдымен таңдау керек.
Тышқан көрсеткішін Графика тақтасындағы батырмасына орналастырыңыз. Батырманың қасында батырма атауы, яғни қалқымалы анықтама беру жолы тышқан көрсеткішін құралға жақындатқанда пайда болады.
Егер осы төртбұрыш батырмасында тышқанды шертетін болсақ, ол батырылған батырма күйіне енеді, яғни құралдың батырылған батырма күйіне енеді, яғни қүралдың таңдалғанын көрсетеді және де сіз көрсетілген құралды F6 пернесін басу арқылы таңдай аласыз.
Тышқан көрсеткішін құжат терезесіне жылжытыңыз. Тышқан коөрсеткіші мынандай форманы қабылдайды. Қалып күй қатарының сол жақ бөлігінде тышқан көрсеткішінің ағымдаағы координатасы көрсетіледі. Координата басы ретінде үнсіз келісім бойынша баспа бетінің төменгі жақ бұрышындағы нүкте болады. Құжат терезесінде тышқан көрсеткішін қозғалтқанда оның координаталары өзгеріп отырады.
Тышқан көрсеткішін баспа бетінің сол жақ жоғарғы бұрышына Қалып күйқатарына келесі координаталар: (1,010; 10,004) көрсетілетіндей етіп орналастыр. Осы нүктеде төртбұрыштың сол жақ жоғарғы бұрышы орналасқан. Кескін масштабын 100координатаға орналастыру қиындық тудырады. Сондықтан Координатаны 1-2 миллиметр дәлдікпен алуға тырысыңыз.
- Тышқанның сол жақ батырмасын басып ұстаңыз.
Тышқанның сол жақ батырмасын жібермей тұрып, тышқанды төртбұрыштың қарама-қарсы бұрышына диагональ бойынша жылжытыңыз. Қалып күй қатарындажасалып жатқан фигураның келесі ақпараттары Ені және биіктігі беріледі.
Тышқанның сол жақ батырмасын келесы параметрлерге: Ширинаи 1,975 Высота: 3,003 жақындағанда жіберіңіз. Төртбұрышты салу аяқталды. Оның маңайында 8 қара төортбурыш маркерлер пайда болады. Ол деген сөз объект келесі әрекеттерді орындауға арналып ерекшеленіп тұр (Сурет 1).
Сурет 1. Салынған төртбұрыш
Егер төртбұрышымыз керек өлшемде алынбаса, онда ерекшелеуді өшірмей тұрып, DELETE батырмасын басып, оюъектіні жоямызда жаңа төртбұрыш суретін қайта саламыз. Салған төртбұрышымыздын бұрыштарында боялмаған кішкене квадраттар бар екеніне көңіл бөліңіз Бұлар сегменттердің аяқталған жерлеріне орналасқан. Оларды қалай қолдану керектігіне кейінірек тоқталамыз. Тағы бір көңіл болетін жайт, төртбұрыш салынғаннан кеиін, қасиеттер тақтасы өзгереді. Положение объектов енгізу өрісінің сол жақ өрісінде ерекшеленгеноюъектінің центрінің x және у координатасы туралы ақпарат беріледі. Сіздердже бұл координаталар басқалай болуы мұмкін. Объектінің центрі суретте х-пен белгіленген.Сіз салған фигураның центрінің координатасын өзгерту үшін Қасиеттер тақтасындағы Положение объекта енгізу өрісінде жаңа қажетті мәндерді енгізуге болады.
Объектіні ерекшелеп, х-тің координатасын Положение объекта енгізу өрісінде тышқанды екі шертіңіз.
Пернетақтада х-тің жаңа координатасын 2.50 енгізіңіз және ENTER пернесін басыңыз. Баспа бетунде фигура жаңа орынға ауысқанын байқадыңыз
Өндірісінде х – тің жаңа мәндері көрсетіледі.
Өз беттеріңізбен объект центрінің у – тің мәнін 5,5 етіп өзгертіңіз. Объект өлшемі (Размер объект(ов)) енгізу өрісінін оң жағында объект өлшемі туралы ақпарат көрсетілген (Сурет 2).
Яғни төменгі өріс биіктігін, ал үстінгі өріс енінің өлшемін көрсетіп тұр. Объект өлшемі (Размер объект(ов)) енгізу өрісінде объект өлшемін өзгеруге болады.
Объекті ерекшелеп, үстінгі өрісті фигураның енінің өлшемің енгізіңіз. Өлшем мәні ерекшеленеді.
Пернетақтадан жаңа мән 2.9 енгізіңіз және ENTERпернесін басыңыз. Объект өлшемі (Размер объект(ов)) енгізу өрісінде жаңа мәндер көрсетіледі.
Өз беттеріңізбен объект биіктігінің мәнін 4.0 етіп өзгертіңіз. Егер төртбұрыш суретін салған кезде CTRL пернесін басып тұратын болсақ, объектіміз квадрат болым шығады. Төртбұрыштың оң жағына квадратты салыңыз. Құралы таңдалғанына көз жеткізіңіз. Егер тандалмаған болса, таңданыз.
Тышқанның сол жақ батырмасын босатыңыз.
CTRL пернесін босатыңыз. Квадратты салу аяқталып, ол кішкене квадрат маркерлермен ерекшеленеді.
Эллипстарды салу төртбұрыштарды салуға ұқсайды. Айырмашылығы эллипстің шеттерінде төрбұрышты квадрат маркерлер болады, оларды габаритті рамкалар деп атайды. Оның өлшемі эллипс өлшемін анықтайды. Эллипсты салу құралы (F7) көмегімен салынады. Егер сурет салу кезінде CTRL пернесін ұстап тұратын болса, онда дұрыс шеңбер суреті салынады. Құрылған (F7) таңдап өзбеттіңізбен эллипс және шеңбер суретін салыңыздар (Сурет 3).