Covid-19 аухалына байланысты



Дата07.02.2022
өлшемі14,35 Kb.
#86970
Байланысты:
Абстракт


Абстракт

Зертеу обьектісі Сыр өңірі. Сыр өңірінің ресми әкімшілік атауы Қызылорда облысы. Көпшілік мұраты қызық кешу философиясына құрылғандығын, бұқаралық сипаты ессіз көптің қасиетіне айналған бұқаралық мәдениет құбылысы Сыр өңірінде де бар ішкі мәнімен көрінбей, тысымен жұрт көзіне түсті. Бұл сипатты жіктей, зерделей келе үлкен мәселе бар екенін аңғарамыз. Алайда басты мәселе толассыз ақпараттар тасқыны мен идеологиялық ұстанымның «жылтыр мәдениеттің» жетегінде екендігінен қауіптенеміз. Медиа кеңістік ұсынып отырған мәдени құндылықты қоғам еріксіз қабылдайды. Яғни медиа арқылы адамның мәдениеті, мәдени-идеологиялық талғамы тиянақталады. Одан кейін өңірлік деңгейде осының барлығын қамтитын үлкен аксиологиялық карта қалыптасады. Дегенмен өзіндік ерекшелігімен қалыптасқан өңірдің мәдени үдерісіне COVID-19 аухалы өңірдегі тұрғындардың өңірлік басқарушы билікке деген сенімсіздіктің өршуіне, тұрғындардың қоғамдық дәстүрлі қарым қатынас құндылықтарының өзгеруіне ықпал етті.


Сондықтан зерттеуімізде Сыр өңіріндегі COVID-19 аухалына байланысты экрандық мәдениет барысындағы өңірлік медианың ықпалы мен әлеуметтік желі қолданушылардың арасындағы қарым-қатынастың дәстүрлі формаларын, яғни тікелей байланыс жасауын, өңірдегі азаматтардың карантин кезіндегі іс әрекеттеріндегі уақыт өлшемдеріне деген көзқарастарын анықтау, желіге тәуелділігі, эмоциялық символдық мінез-құлқын, өңірдегі басқа адамдарға деген құрметі мен кеңістігі мәселелерін анықтағым келеді.
Сонда өңірлік медиа мен әлеуметтік желілердегі наразы топтардың виртуальды қарым-қатынастағы коммуникативті және репрезентативті мүмкіндіктерін, мәдени құндылықтардағы өзгерісі бағамдалады деп ойлаймын.
Бұл үшін биліктің халық тарапынан наразылыққа ұшыраған әрекеттерінің мәдени алгоритмін жасап, мәліметтерді талдау арқылы наразылық фактілерін анықтауымыз қажет. Яғни өңірдегі COVID-19 аухалына байланысты наразы топтардың шиеленістік деңгейін, қарсы тарапқа қойылатын талаптарды тұжырымдау, күрделенуі, шарықтау шегі, қалыпты деңгейге түсіп тұрақталу кезеңдері зерттеледі.
Зерттеуді аналитикалық, гипотеза, теориялық негіз, қорытындылау, прагматикалық пайымдама, сауалнама алу әдістерімен жүргізгенімізбен, тапсырыс беруші тараптың ұсынған әдістері мен бағыт бағдарын міндетті пайдаланамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет