Covid-19 Орындаған Тексерген: Алматы 2020 Жоспар



бет1/10
Дата07.02.2022
өлшемі436 Kb.
#91503
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
COVID -19 реферат


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

COVID-19
Орындаған
Тексерген:

Алматы 2020


Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

2.1. Коронавирустық инфекция туралы негізгі мәліметтер
2.2. Қазақстандағы 2020 Коронавирус пандемиясы

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер



I.Кіріспе
Коронавирус ауруының пандемиясы 2019 жылы, желтоқсан айының ортасында орталық Қытайда орналасқан Хубэй провинциясына кіретін Ухань қаласының Хуанань жануар мен теңіз өнімдері базарында болған тұрғындары түсініксіз пневмонияға шалдыққаны анықталған кезден басталды.
Індеттің басталуы жайлы алғашқы мәлімет 2019 жылдың 31 желтоқсаны жарияланды, ал науқастардағы алғашқы клиникалық көрініс 8 желтоқсан күні біліне бастаған[9]. Уханьдағы базар жабылып, клиникалық әйгіленімдері бар науқастар оқшауланды.
2020 жылдың 27 қаңтары белгілі болған Қытайдың ресми мәліметі бойынша 2 809 адамның вирусты жұқтырғаны тіркелген. Ауру әйгіленімдері 2019 жылдың 8 желтоқсаны мен 2020 жылдың 2 қаңтары аралығында көріне бастаған. 7 науқастың жағдай өте ауыр деп бағаланды. 11 қаңтар күні 61 жасар науқас қайтыс болса, 15 қаңтарда 69 жасар науқас вирусты жұқпа салдарынан көз жұмды. Қазіргі мәліметке сәйкес барлығы 80 адам қайтыс болған. Қайтыс болғандардың барлығы Қытайдан.
Осыдан кейін жұқпаға күдігі бар науқастармен қатынаста болған 700 адамға, оның ішінде 400 медицина қызметкеріне мониторинг жасалды. ПЦР-тест көмегімен Ухань аймағындағы 41 науқаста 2019-nCoV коронавирусының бар екені анықталған[1]. Кейінірек жұбайы базарда болмаса да, ауруға шалдыққан ерлі-зайыпты жайлы ақпарат тарады, алайда осы отбасынан үш адам аталған базарда жұмыс істеген. 2020 жылдың 9 қаңтарында Уханьда 61 жасар ер адам қайтыс болды. 16 қаңтарда Қытай үкіметі Уханьда тағы да бір 69 жасар ер кісінің қайтыс болғанын мәлімдеді.
Қытайдан тыс алғашқы жағдай 2020 жылдың 13 қаңтары белгілі болды. Ол 8 қаңтар күні Уханьнан Бангкокқа (Тайланд) ұшып келген 61 жасар әйел. 18 қаңтарда Қытайдан тыс орын алған жағдай саны үшке таяды (Тайландта екеу, Жапонияда біреу).
Қытайдан тыс бірнеше ауруға шалдығу жағдайы тіркелгендіктен, эпидемиологтар Уханьдағы вирус жұқтырғандар саны ресми тіркелген 41 жағдайдан да көп (1-2 есе) болуы мүмкін деген шешімге келді.
Науқастарды қараған дәрігерлердің де ауруға шалдығуы — вирустың адамнан адамға берілетінін дәлелдеді.
Сингапур мен Гонконг әуежайларында Уханьнан келген жолаушыларды арнайы тексерістен өткізіп, пневмония симптомдарын сұрастырды. Тайланд, Оүтүстік Корея, Малайзия мен Филиппин әуежайларында да дәл осы шаралар қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет