2.Статиканың қандай аксиомаларын білесіз және оларда не қарастырылады? 1 аксиома. Еркін қатты денеге түсірілген екі күш тепе – теңдікте болу үшін олардың модульдары тең болуы және бір түзуімен қарама – қарсы бағытталуы қажетті және жеткілікті
2 аксиома. Кез келген күштер жүйесіне нөлге эквивалент күштер жүйесін қосуға немесе алып тастауға болады, бұдан берілген күштер жүйесінің қатты денеге жасайтын әсері өзгермейді
3 аксиома. (паралеллограмм заңы). Қатты дененің бір нүктесіне түсірілген екі күшті бір тең әсер етуші күшпен алмастыруға болады. Тең әсер етуші күш берілген күштерден құрылған параллелограмм диагоналімен анықталады да, сол нүктеге түсіріледі