Cтатиканың негізгі ұғымдарына нені жатқызуға болады? Осы ұғымдар қалай анықталады?


Байланыс деп нені айтады? Байланыс реакциясы деген не



бет5/5
Дата18.04.2022
өлшемі38,28 Kb.
#139752
1   2   3   4   5
Байланысты:
Статика

4. Байланыс деп нені айтады? Байланыс реакциясы деген не
Кеңістіктің кез келген бағытында қозғала алатын дене еркін дене деп аталады. Қозғалысы кеңістікте басқа бір немесе бірнеше денемен шектелетін денені еріксіз дене дейді. Дененің орын ауыстыруын шектейтін шарттарды механикада байланыстар деп атайды. Мысалы, иілгіш жіпке О нүктесінде ілінген А жүгін (1.10-сурет) еріксіз дене деп айтуға болады. Өйткені жүктің төмен қарай бағыттағы козғалысы керілген жіппен шектеледі, яғни жіп осы жүкке жасалған байланыс болады. Осы шектеу кезінде дене тепе-теңдікте болады деп есептелетіндіктен, оның байланысқа әсері 4-аксиома бойынша қарсы әсер туғызады. Осы байланыс тарапынан қарсы әсер болатын күші байланыстың реакция күші немесе байланыс реакциясы деп аталады. Реакция күшін қарсы әсер күші деп түсіну керек. Сонымен, байланыс реакциясы байланысты ойша алып тастаған кездегі мүмкін болатын дене қозғалысының бағытына қарама-қарсы бағытталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет