Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Көркем әдебиет стиліндегі фразеологизмдер



бет26/50
Дата14.09.2023
өлшемі337,45 Kb.
#181048
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
Байланысты:
Ä. À. ?ëêåáàåâà ?àçà? ò³ë³í³? ïðàãìàñòèëèñòèêàñû

Көркем әдебиет стиліндегі фразеологизмдер
Көркем шығарма тілінде фразеологизмдер экспрессиясы күшті поэтикалық құрал ретінде танылады. Демек, жеке суреткер тіліндегі образды фразеологизмдердің типтерін, олардың көп аздығын, ескі жаңаларын түгендеу үстінде автордың байырғы қазынасын қаншалықты игеріп, кәдеге асырғанын, қаншалықты жаңаларын ұсынғанын көруге болады, осының бәрі шығармашылық контекст немесе авторлық даралық талғаммен ұштасады , суреткер тіліндегі фразеологизмдер әлемі оның поэтикалық тіл арқылы көрінетін дүниетанымын, көркемдік әлемін, тілді игеру қасиеттерін көрсетеді.
Фразеологизмдердің мағына жағынан да, құрылымы жағынан да өзгермейтін қасиеті бар. Фразеологизмдер поэзия тілінде де, проза жанрларында да өзгеріп қолданыла береді,оның бұл сипаты автордың өзіне тән стилі әрі көркем тілдің аясының емін-еркін екендігін көрсетеді.Фразеологизмдерді осылайша өзгерісте қолданудың мақсатта әр түрлі дәрежеде көрініс табады, бір стильдік мән арқаласа, екіншісі ұйқас үшін бұзылу сипатын көрсетеді, үшіншісі үстеме мағына беру мақсатын көздейді, ал кейбір өзгеру процесі автордың талғам әлеміне де байланысты ма деген ойға жетеледі. Неге қорқып тығылдың,айтшы көзім қарасы?Көз алдымда алаң етті, жан ата, орман патшасы (Мағжанның Гетеден аудармасы) тіркесі ықшамдалып алынып,өлең тармағына бағына қолданылып тұр, зорланып көзінен қан тамшылатты,Тұңғиық ханды жеген қап қара шер.Жүрегі тас болса да шыдай алмай, қамығып, қайғы басып, күрсінді жер деген өлең шумақтарындағы фразеологизмдер көзінен қан тамшылатты, көзіне қан құйылды тұрақты тіркес орнына алынған құйылды сөзінен тамшылатты әлде қайда мағынасы тереңірек әрі бейнелілік күші де әсерлі болуына байланысты алынған.
Ғылым тілінде трансформацияланған фразеологизмер контаминация деп аталады. Өлең мәтіндеріндегі фразеологизмдер прозалық шығармаларға қарағанда авторлық өзгеріске көп ұшырады. Прозада ФТ мағыналық тұтастығы толық сақталды. Фразеологизмдердің бейнелілік қуаты, стилистикалық әсері, прагматикалық ықпалы күшті тілдік тәсіл болғандықтан, кез келген мәтінде стилистикалық категориялардың жиынтығы құрайды. Өткен ғасыр басында жазылған Мағжаннның “Шолпанның күнәсі”әңгімесі – психологиялық күштілігі мен лиризмнің нәзік жібі қатар өрілген туынды.“Шолпанның күнәсі” әңгімесінде – әйел адамның жан дүниесінің әлемі, танымы, көзқарасы, мұң-зары, арман-тілегі, қайғы-қасіретін тұрақты тіркестер арқылы стилистикалық әсер беру үшін алған. Мысалы:жаны жара, бір қуарып, бір бозару; белін байлау; жүрегі сыздау; ішпей тығылып қалу; екі иінінен дем алу; жаны аласыру; суық жолды әдет қылу; басы айналу; тілі күрмелу; көзіне қан жауу т.б.
Мағжан қолданған фразеологизимдердің көбі әдеби тіл қазынасынан алынып,жалпы стильдік топ құрайды. Бірақ Шолпан ана ойлармен уланып, кірпік қаққысы жоқ.Жанына жақын көрген Сәрсенбайдың оның жан сырын, жүрек сырын ұқпағанына зығырданы қайнаушы еді.Бұрын барлық дүние суға ағып бара жатса ләм демейтін Сәрсенбай Шолпанды неге сілейтіп салды?Әзімбайды көргенде Шолпан журегі аузына тығылып, бір қуарып, бір қызары кетті.Дұрыс, құлмен жүрсе, сыр шетке паш болмас еді, жабулы қазан жабулы күйінде қалар еді.Сегіз жыл бал жаласып тұрған, еш шай деспеген жан жары Сәрсенбайдың көзіне шөп салу үшін Әзімбайды күтеді.Қит етсе, сынықтан сылтау тауып,балағаттап тастайтын болды. Неге ол аузына тас салғандай үндемейді?
Осындағы Мағжан қолданған кірпік қаққысы жоқ (ұйқысы келмеу), зығырданы қайнау (ызалану, ашулану), сілейтіп салу,(ұру, соғу),жүрегі аузына тығылу,(ұялу, қысылу),жабулы қазан жабулы күйінде қалу,(құпия күйінде қалу), көзіне шөп салу(күйеуін алдау),сынықтан сылтау тауып (себепсіз) сияқты фразелогизимдер мағыналық астары өте айқын, тыңдаушыға прагматикалық ықпалы ерекше болады.
Есім сөздер мен етістіктен тіркесіп құралған етістік мағыналы фразеологизмдер мәтінде жие ұшырасады. Олар семантикасы жағынан да түрлі болып келеді.Жоғары мысалдардан атау тұлғалы зат есім тәуелденген зат есім, шығыс септігіндегі зат есім мен етістік тіркесіп келген фразеологизмдерде кездеседі. Жалпы мәтінде етістік мағыналы фразеологизмдердің табиғаты, тілдік қызметі және стильдік жүгі тек мәтін ішінде ғана айқын көрінеді.
Фразеологизмдер мәтіннің тақырыбын ашады, ол – әйел адамның ішкі псиxологиялық әлемінің арпалысқан әрекеті, жан азабы, мұңы. Осыған сай әңгімеде жұмсалған бейнелілік тудыратын тіркестердің мағынасы сөйлемдердің құрылымдық сипатын жинақтап тұрады. Мәтін ішінде фразеологизмдерді лексикалық-семантикалық топқа бөлгенде ең басты назарға ілінетін әйел адамның ішкі жан жүрегінің тілек-ниеті, оны іске асыру жолындағы қайшыласқан сезім арпалысы, ол – бала тілегі, адалдық тілек, ұяттың қыспағы, жар алдындағы адалдық пен бала сүю тілегінің таразыны тең басуы, ақыры аналық маxаббаттың жеңуі, ол тіпті нәсіпқұмарлық, ғашықтық сезім емес, аналық сезімнің күші, өз еркінен тыс әрекетке бару жолындағы бала сүю маxаббаттың жемісі сияқты сан алуан әйелдің ішкі жандүниесінің псиxологиялық толғанысын беруде автор фразеологизмдердің бейнелілік тудыратын қызметіне жүгінген. Жанынан жақын көрген Сәрсенбайдың оның жан сырын, жүрек жырын ұрпағына зығырданы қайнаушы еді. Осында тұрақты тіркестер бірнеше сатылап келіп, әдемі құрылымға үйлесіп байланысқан.
Тұрақты сөз тіркесі – талай қайраткерлерінің алтын қоры. Тіл байлығын ұштауға, мәнерлі де бейнелі тіркестермен сөйлеуде фразеологизмдер сөзді жандырып, тілге өткірлік сипат береді. Көркем шығарма авторлары жалпы xалықтық тілдің тұрақты тіркес құрылымынан ең қажетін талғай отырып, мүмкіншілігіне орай оларды түрлендіріп пайдаланады.Өзінің мазмұндап отырған оқиғасына байланысты фразеологизмнің стильдік бояуын ажарлай түсіп, атқаратын қызметін күрделендіреді.
Мағжанның “Шолпанның күнәсі” әңгімесінде мақал-мәтелдер де аз емес. Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар, Ұрлық қыл да мал тап, ойнас қыл да бала тап, Ашу – дұшпан, ақыл – дос деген мақалдар мәтіннің өн бойында орынды жұмсалған. Жас жүректің тілегі бір, жібектің – түйіні бір, Бетке шықпай қала ма жүрек ізі, Орамал тастайды ғой теңдесіне, Ортасында екі оттың тәңірім мені қор еттің деген бейнелі сөздердің астаpында стилистикалық әсер мен прагматикалық мақсат айқын сезіліп тұрады. Экспрессивтілігі басым болып келетін фразеологизмдер әрқайсысы бір бейнелі сурет, мәтіннің мағынасы сол бір тіркестер арқылы ажарландырып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет