Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы



бет5/54
Дата27.11.2023
өлшемі422,04 Kb.
#193722
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Ä. À. ?ëêåáàåâà ?àçà? ò³ë³í³? ïðàãìàñòèëèñòèêàñû

Когнитивтік лингвистика адамның ұғымдық, сезімдік əрекетімен сана əрекетінің ұшқыр жетілген процесін тіл арқылы көрсете біліп, үйретуді негізгі мақсат етеді.
Сөйлеу актілеріндегі тіл мен ойлау, тіл мен рух, тілдік бейнелеу жəне таңба сабақтастығында үлкен мəн- мағына жатқандығына ғалымдар ерекше назар аударады, оны жүйелі түрде зерттеу керек болады. Тілдің қызметімен қолданысы туралы ғылыми тұжырыммен нақты ойлау процесінің кешенді зерттеулер тууына осындай ғылыми ойлар себеп болған еді. Ол – В.Гумбольдт есімімен тығыз байланысты. Ойлау материясының элементтерінің күрделі құрылымдық негізі – тіл ойлау стилі арқылы жүзеге асатынына үлкен ықпал етті.
Стилистика ғылымының аясының кеңейуіне сөйлеу актілерінің теориясымен прагматиканың дамуы үлкен ықпал етті. Яғни тілді оқып үйрену оның классикалық тілдің құрылымдық зерттеу аспектілерінің аясынан шығып кетті. Адамның тілді пайдалану мəселесі психология, логика, когнитивті лингвистика, əлеуметтану, лингвомəдениеттану т.б. көптеген салаларда кеңінен қарастырыла бастады.
Тілді оқып- үйренудің көп аспектілі зерттеу мəселелері əр түрлі ғылыми жаңа бағыттардың пайда болуының негізгі феноменіне айналды. Мысалы, когнитивті ғылым – адамның танымдық қабілетінен туындайтын мағына қалыптастыру оны қолданыс тілінде орнықтыру ғана емес деп санайды, адамның тілді еркін меңгеруі, шығармашылық түрде қолданылуы ойлау стилі мен жеке стильді қалыптастыруға көмектеседі.
Зерттеуші ғалымдар когнитивті ғылым терминінің метофоралық атаумен ғылымның "қолшатыр" деп есептейді. Жоғарыда айтқандай, онда когнитивті аспектілер əр түрлі деңгейде қарастырылады: білім, таным, хабарлау, адам миы, сана, ақыл- ой осылардың барлығы түйіскенде ғана бірнеше ғылыми бағыттар шығады. Осы бағыттардың барлығы қазіргі гуманитарлық ғалымдардың сипатына тəн қасиет болып келеді. Бұл қасиеттер лингвистикаға, сонын бір саласы стилистикаға қатысты екені дау тудырмайды.
Стилистиканың даму бағыттарының пайда болуына гносеология саласы ықпал етті. Гноселогия- білім, логика, таным мəселелерінің жиынтығын қарастыратын философияның бір бөлімі. Адамның əлемді тану мүмкіндіктерінің заңдылықтарының жəне шындық, көзін жеткізу танымынын критерийлерін оқып үйретеді. Адам сөзін ақиқатпен жалғанға құруы белгілі прагматикалық мақсатын қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Стилистиканы жеке пəн ретінде қалыптастыруда В.В. Виноградов, Т. О. Винокур, Б.Гавренке, В.Мукаржовский, К.Гаузенбластын т.б.ғылыми тұжырымдары 60- жылдардағы функциональдық стилистиканы жеке ғылым ретінде қарастырады, 70 – 80 – жылдары мəтін стилистикасын онын жеке бір тармағы ретінде зерттей бастады. Стилистика аясы бір тұтас күрделі объектіні зерттеуге, онын түрлерінің жəне жаңа бағыттарының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Тілді оқып- үйрену көп аспектілері зерттеулерді қажет етеді, себебі онын осы феноменінің табиғатына тікелей себепші бола алады. Стилистика ғылымы лингвистика ғылымының шеңберінен шығып кетті.
Стиль құраушымен сөз бірлігі былайша қорытындыланады: ақыл- ой, ой- сана ең күрделі нысаны, оны оқып үйрену, меңгеру бір ғылым саласымен шектесе алмайтындығын дəл көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет