Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы



бет12/54
Дата24.02.2022
өлшемі337,45 Kb.
#133222
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
Байланысты:
Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы

Көркем әдебиет стилі
Ұлт тілінде көркем әдебиет тілінің алатын орны ерекше болады.Көркем әдебиет тілінде сол ұлт тілінің барлық байлығы еркін қолданылады.Көркем әдебиет түрлерінің жанрлық жақтан топтастырылуы, олардың тілдік көркемдік ерекшеліктеріменсараланып жіктелуі, қазіргі таңда стилистикалық категориялар-мәтін стилистикасы- автор бейнесі- қабылдаушы категориясы деген ұстанымдарды қажет етеді. Көркем әдебиет стиліндегі шығармаларды тарихи шығармалар, эпопея, романдар, фантастикалық шығармалар, сатиралық туындылар, эсселер т.б деген бөлініске бөлудің өзі осы бір стильдің көркемдік жағын тануда күрделі талдауды қажет ететіндігін танытады. Бұл мәселе-қазақ филология ғылымы алдында тұрған көкейкесті мәселелердің бірі. Филология ғылымдарының қазіргі зерттеу деңгейі соны талап етеді.
Көркем шығарма тілі табиғатының ерекшеліктері, олардың іштей жанрлық жағынан бөлінуіне, оның осы салаларының негізгі функциясына байланысты айқындалатындығына көңіл аударылып отыр. Көркем әдебиет стилі - өте күрделі стиль саласы.
Көркем әдебиет стилі туралы сөз қозғағанда “концепт” туралы айта кету керек. Концепт өте танымал атау ретінде қазіргі лингвистикада жиі қолданып жүр. Оның пайда болуы тіл ғылымындағы антропоцентрикалық парадигма және когнитивті прагматиканың әдіс-тәсілімен тікелей байланысты. Ол кейде “дискурс” , “әлем картинасы” атауларымен қатар айтылады. Жеке тұлға туындысында әлемді тану эмоционалды қарқындылықтыөз санасында қайта қарап бейнелілікке айналдыруы болып саналады.
“Концепт” термині туралы ғалымдардың зерттеулерінде “идеялды -ақиқат”, “сөз бен экстралингвистикалық ақиқаттың делдалы, сарапшысы”деп қорытындылайды.
Концепт әлем картинасының адам санасында бейнеленетіндігін көрсету мақсатында пайдаланылады. Концепт термині тек көркем әдебиет стилінде ғана емес , функциональдық стильдерде , тіл ресурстарының стилистикасында , оның барлық жүйесінде қолданылады.
Публицистикалық стильде ассоцияциялар арқылы стилистикалық фреймдер жасалынады. Қазіргі уақытты семантикалық талдау мен концептуалды талдау туралы пікірлер айтылып жүр. Семантикалық талдау сөздің мағынасын түсіндірсе , концептуалды талдау әлемді тану білімін қамтиды. Концепт арқылы талдау стилистикалық тәсілдерді түсіндірудің жаңа баспалдақтарын көрсете алады. Көркем әдебиет стилінде концепт термині арқылы тілдік-стильдік құбылыстың мазмұнын кеңейтіп қана қоймайды, оның терең мазмұнында стилистикалық әсерді қалыптастырудағы жаңаша рухани ой-сана әлемін танытады.
Көркем әдебиет стилі көп қабатты , көп қырлы дүние, “лингвистикалық микроскоппен” тануды қажет етеді.
Көркем әдебиет стилінің тереңінде иерархиялық мағыналық деңгейлердің стилистикалық қабаттары түзіледі:
-заттық мағына (денотативті кеңістік );
-бейнелі мағына (көркем әдебиеттің эмоцияналды-бағалаушы кеңістігі);
-идеялық мағына ( көркем әдебиет стилінің концептуалды кеңістігі);
Көркем әдебиет тілінің де, сондай-ақ , әдеби тілдің де негізгі материалы-халық тілі, халық тілі байлығының барлық қат - қабаты. Осы тұрғыдан алғанда әдеби тіл менкөркем әдебиет тілінің өзара ортақ қасиеті бір-бірімен ұқсастығы ретінде қарауға болады. Бірақ әдеби тіл мен көркем әдебиет тілінің осы ортақ материалды халық тіл байлығын пайдалануы бірдей емес. Себебі, функциональдық стильдердің қай-қайсыныңда , әсіресе , ғылыми әдебиеттер мен кеңсе стилінің өзіне лайықталып тұрақталған белгілі бір сөздер тобы, “дайын” сөз орамдары және өздерінің мазмұнына сәйкес әр алуан ұғымдар мен бұларға тиісті арнаулы атаулары болатыны мәлім.
Осы айтылғандарға қарағанда, әрбір функционалдық стильдің өзіне ғана тән айрықша белгілерімен оларды бір-бірінен даралап көрсететін жеке факторлар болатыны аңғарылады.
“Сөз сөзге жарығын түсіріп тұрады, көлеңкесінде түсіріп тұрады” (Ғ.Мүсірепов) деп айтқандай , “сөз сөзге жарыған түсіріп тұруы” деген сөз ең алдымен, әсем сөздер мен сөз тіркестеріне қатысты айтылған. Көркем әдебиетте осы уақытқа дейін тың тіркестер ерекше бейнелі қызмет атқарады. Көркем әдебиет стилі ұлттық әдеби тіл қазынасынан алынады. Көркем шығарма суреткер лабораториясында пісіп жетіледі, көркем әдебиет стилі ұлттың көркем әдебиет нормаларының мәнерлі көркемдік , эстетикалық күш-қуатын толық көрсете білуге негізделеді. Қазақтың ұлттық көркем әдебиет нормалары жалпыұлттық әдеби тіл нормасының ортасынан жеке дара бөлініп шығады. Көркем әдебиет стилінде тілдің барлық стилистикалық ресурстары пайдаланылады, оған тән басты белгілер болып аса бейнелі тілдік бірліктер қазынасы көрінеді: метафора; фразеологиялық тіркестер; синонимдік қатардың көптігі; тура мағынадағы сөздің ауыспалы мағынаға ауысу қабілетінің күштілігі; сөз, сөз тіркестерінің семантикалық стильдік қызметінің шексіздігі.
Онсыз өмір өгей өмір сияқты ойлап ойлап кешке жақын Күнекей күйеулер жаққа тағы кетті. Еламан сең соққан балықтай сергелденге түскен жаны соқтықпалы өмірден іздеп Шалқарға бер қойды. Қызға тесіле қараған батыр Баян жүдей жаудыраған қарақат көздің қиығынан өзіне дегеен бір өшпенділіктің ұшқынын сезіп қалды.
Көркем әдебиет стилінде әр уақытта суреткер жаңа тіркеспен өз ойын ажыраландыру контекстегі сөйлемді көріктендіруші үшін қолданылатын өгей өмір, соқтықпалы өмір, жүдей жаудыраған қарақат көз деген әсерлі тіркестер жасайды, бұл ерекше стильдік тәсіл. Жанна осны айтып керемет бір жұмбақ сыр ұялаған сиқырлы көзбен қарады. Кімді болса да тереңіне тартып әкететін тойымсыз тұнжыр көз.
Суреткер кейіпкердің бейнесін, портретін көзі арқылы көрсетіп тұр. Басқа функциональды стильдерде көз дәл осылайша көркемдік тәсілмен беріліп бейнелік сипат ала алмайды. Көз сөзіне бірнеше сөздерді тіркестіріп стильдік мәнерге айналдырғаны таңбаның әрт түрлі прагматикалық әрекетін таныта алады. Тілдегі эмоциональды экспрессивті қасиет кез келген сөзде болуы мүмкін, жоғарыда келтірілген көркем әдебиет стилінде келген сөздер тобы лексикалық грамматикалық тұлғасына қарамастан стильдік ажар алған сөздер тобы деуге болады.
Сүт теңізіндей ақ сәуле тау басына бір сәт толқын тұрды да, лықсып төгіліп кетті. Торғын шымылдықтай таңғы мұнар лезде айнала ап айқын көрінді. Қарттың көз шарасына көкжиекпен астасқан шетсіз щексіз кең дала еркін сиып кеткендей.
Ойлау өнері... адам миының тынымсыз ойлау әрекеті арқылы өнердің әр түрін жасайды. Біреу ойлау өнерінің арқасында өзінің жан дүниесінің толқынынан шыққан би, ән, сурет, сәулет жасаса, біреу әсемдік пен сұлулыққа құштар етеді. Көркем әдеби стилінің басқа стильден ерекше көзге түсетін басты қасиеті эстетикалық көркемдік фукциясы, ол жеке сөздерден де грамматикалық тұлғалардан да, сөйлемдердің әр түрлі құрылымдарынан тұрады.
Көркем әдебиет стилінің шағын жанрын, мысалы әңгіме жанрын алғанда жай сөйлемнің әр азат жолда берілуі стильдік мақсатқа құрылғанын көруге болады. Бұл стильдік тәсіл тек шағын әңгіме жанрында ғана емес, романдарда да көптеп кездеседі. Жазушы шығармасының тілі, оның стильдік ерекшелігі шығарманы мазмұн, идеялық жақтармен байланыстыруды қажет етеді.
Көркем әдебиетте есімді сөйлемдер өз алдына стильдік жүк арқалап, үлкен суреттемелік образды көркемдік әлемнің бір сәттік көрінісін береді. Тілдің табиғи болмысы тұрақты болса да көркем әдебиет стилінде тілдің әр түрлі заңдылықтары мен өзгерістері жиі ұшырасады. Әлеуметтік орта, болмыс, адамзат қоғамының үздіксіз өзгеріп отыруы тілдің жанды құбылыстық процесіне тікелей байланысты болып келуінде екен.
Ресми стиль, жанрлары, тілдік стильдік белгілері
Ресми стильге ресми құжаттың барлық түрі жатады: іскери, әкімшілік, низамшылық, ресми кеңсе, іскери шешен сөз, әскери ресми құжат, заң, елшілік, т.б. Қазіргі қазақ әдеби тілінің фукциональдық қызметінде ресми стиль толық өзінің ақпарттық мазмұндық мәнін толық көрсете алады. Қоғамдағы құқықтық, үкімдік, әкімшілік халықаралық ішкі және сыртқы қарым - қатынастардың мемлекеттің ішкі басқару жүйесіне қызмет ететін барлық құжат түрлері ресми стильдің құрамына кіреді. Қазақ тілінің функциональдық стильдерінің ішінде ресми стиль бізге дейін ауызша жазбаша құжаттар арқылы жетті.
Ресми стильдің жанрлары басқа стиль жанрларына қарағанда тақырыбы біршама тұрақты мәтіндерден тұрады. Ресми стильді ғылыми стиль жанрларымен салыстырып қарағанда ресми стиль жанрлары анық, дәл, тұрақты тілдік стильдік белгілермен ерекшеленіп тұрады.
Ресми стильдің жанрлары туралы толық ғылыми мағмұматтар берілген уақытта ғана оның функциональдығы және стилистикалық нормасы тұрақталынады. Егер әлеуметтік мәдени қызметтің құқықтық түрін жеке қызметтің иерархиялық ұйымдастырылған жүйесі ретінде қарастыратын болсақ, онда олардың негізінде жанрлардың ішкі стильдік сыныптамасын әрі қарай жалғастыруғаболады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет