Ғылыми стильдегі фразеологизмдер
Ғылыми стильде жалпыxалықтық тілдегі фразеологизмдер кездеседі: атап айтқанда, баға берді, байлаулы сөз (үзілді-кесілді, тоқтаған, байлаулы пікір-ой) көкейкесті (кесті) кіндік тамыр, ойға қонымды, қозғау салды, назар аударды, ой салды, ортаға салды т.б.
Жазба тілдің негізінде қалыптасқан фразеологизмнің бір түрі – терминдер. Ғылыми стильде күрделі терминдер сөз тіркесі күйінде жұмсалып, зат пен құбылыстың атауын білдіреді (өзіндік құн, тап жауы, қосымша құн), зат пен құбылыстың атауы тұрақты категория болып саналады, стилистикалық акценттік категорияны көрсетуге жұмсалынады.
ФТ ғылыми-публицистикалық стильде жазылған ғылыми еңбектерде де кездесіп отырады. Мысалы: Анлауыттағы г, ғ ұяңдарының ана тіліміздің байырғы сөздерінде кездеспейтіндігін айту үстінде бұл арада тағы бір кілтипан барын әңгіменің бас жағында ескерткен едік. Сондықтан Ғабең айтқандай алқындырып алмай тұрып көнергеннен әуестенуден аулақ болсақ демекпіз. Алайда мүйіз сұраймыз деп жүріп құлақтан айырылып қала жаздаған бір жайды ғана енді ғсна аңғара бастадық (“Сөз өнері” жинақ).
ФТ ғылыми-танымдық шығармаларда жиі ұштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |