Байланысты: Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы
Жинақты Есептеу Қуалау Сандық Дәл Ғылыми стильде әдіс сөзінің негізгі қасиетін анықтау әрі әдістің әр түрлі қасиетін көрсету үшін пайдаланған.
Заң саласында да сын есім мемлекет пен жеке тұлға немесе жеке тұлға мен заттардың айрықша белгілерін анықтау үшін жұмсалынады.
Ғылыми стильде сын есімнің қызметі терминдік сипатта келеді. Мысалы: Қылмыс істеу уақытының ұзақтылығына қарай жалғаспалы және созылмалы қылмыс болып бөлінеді(Ғылыми оқулық).
Осындағы жалғаспалы, жылжымалы қатыстық сын есімдер терминнің рөлін атқарып тұр. Заң құжаттарында қылмыстың сипатын анықтайтын терминдер ретінде стилистикалық акценттік категорияны айқындайды.
Публицистикалық стильде де сын есімдердің семантикалық тобына жататын түрлері еркін қолданысқа түседі, экспрессивтілік арқалайтын бағалаушы лексиканың ең жанды бөлігі болып табылады. Жалпы қазақтың ұлттық патриоттық қозғалыстары мен ұйымдарын тұншықтырған осылар ғой. Ол талантты ақын, журналист еді, оның шығармашылығына Ш.Айтматов, Олжас Сүлейменов сынды көрнекті қаламгер жоғары баға бергенін айтсақ та жеткілікті шығар (“Қазақ әдебиеті”).
Публицистикалық стильде стилистикалық бағалау категориясына жататын сын есімдер: ұлттық, патриоттық, талантты, белгілі, көрнекті, танымалсияқты сапалық, сандық қасиеттерді анықтайтын сын есімдер жиі қолданылады, оған қарама – қарсы мағынаны білдіретін стилистикалық жағымсыз бағалау категориясына тән түрлері жиі ұшырасады: Мысалы: қауіпті аймақ, кеңестік дәуір, арандатушылық әрекет, тоталитарлық орта, қоғам әлеуметтік ортаның көрсеткішінің келенсіз, теріскей жақтарын көрсетуге арналған сын есімдер публицистикалық стильде бір шоғыр топ құра алады.
Публицистиканың негізгі қызметі – хабар беру функциясы.Публистикалық стильдің осы функциясын атқару мақсатындағы сын есімдер семантикалық топ болып ерекше экспрессивтік қызмет атқарады. Халықаралық термин, жаңа өмір, деректі хабар, демократиялық қоғам, жаңа формация, ерікті халық, салауатты өмір т.б. публицистикалық стильдегі стилистикалық бағалау категориясының қызметін атқарады.
Публицистикалық стильде сын есімдер сапа дәрежесінің көрсеткіші ретінде стилистикалық бағалау категориясына қызмет етеді.
Стилистикалық мағына тілдік тұлғалардың эмоционалды – экспрессивті қызметінен туындайтыны белгілі. Басқа да сөз таптары сияқты сын есімдердің де функциональды – стилистикалық ерекшеліктері стилистикалық әсер тудырады. Кез келген эмоционалды – экспрессивтілік реңк тудыра алатын көркемдік тәсілдер сын есімдерден жасалынаы.
Көркем әдебиет стилінде адамның жүзін, бет – әлпет, түр – түсін суреттеуде бейнелі сын есімдер емес, суреттемелік сын есіммен беру стильдік бояуға ие. Қап – қара толқынды шашы аппақ маңдайын айқындап, аша түседі. Қоңырша шәлінің астынан аппақ сұйық шаш көрініп тұр. Поляктың аппақ шашы тау басындағы аппақ қардай күнге шағылысып тұр. Бетти! Алтын шашты, сүйкімді Бетти! Қамбар өткір көзді, ат жақты, қара торы жігітке зерделей қарады. Қарасұр тартып суалған жағы, қой көздеріндегі жанып сөнген ұшқын жігіттің ауыр, азапты сапардан аралғанын айқындағандай (Р. Сейсенбаев).
Жоғарыдағы келтірілген мысалдарда адам бейнесінің жалпы портретін нақты кескін – келбетін беруде сын есім стильдік портрет жасау үшін қолданылып тұр. Адамның бет – пішін жүзі, көзі, жалпы сипаты адам ойының, жан – дүиесінің, көңіл – күйінің, ақыл – парасатының айғағы ретінде алынады. Адам портретін беру арқылы оның сырт келбетімен ішкі әлемінің контраст суреті шықса, кейде бірін – бірі толықтыратын ішкі – сыртқы ортақ информация алынады. Кей сәттерде адамның сыртқы сұлылығына ішкі әлемнің сай еместігін көрсетіп, жансыз, сезімсіз бейнесін танытады. Адамның жүзін, шаш, мұрын, маңдай, көз мүсінін сын есім ғана стильдік мәні арқылы көрсетіп бере алады, оған басқа сөз таптары жете алмайды. Менсінбек жөпшендіні көп маңғаздар.Тең таппай кекеп, мұқар сансыз таңдар. Қайрылып қарамасын, “қап!” демеймін.Табылды шараққа көз салар жандар (Мағжан). Адам бейнесінің әр сәтін,әр деталін суреттеу суреттемелік сипатының мәнін сұлулық әсер ету, көңіл қуанышын бере алады, құштарлық сезімін оятады,өмірдің әр кезеңіндегі жас, орта жас, егде адамның ерік – жігерін танытады. Сөз таптарының ішінде сын есім басқа сөз таптарымен салыстырғанда “сұлулық сырын ашушы” сөз образы ретінде ең көрнекті орынға ие бола алады.
Көркем шығармада - лар сын есімдерге, есімше формасына қосылғанда оларды субстантивтендіруде көптік мағына қосады. Маңғаздар, таңдар сын есімдерді –лар көптік жалғауын қосып алып ауыспалы мағынада қолданғандықтан, оның эмоциялық әсері әр түрлі мақсатта жұмсалады. Мәтіндегі стилистикалық бағалау категориясының жағымсыз жағын суреттеу үшін алынады. Маңғыздар мен паңдардың астарында танбаның прагматикалық мақсатын былай көрсетуге болады: менсінбеушілік пен тәкаппарлық, өркөкіректік, кербездік, көкірек керу, көзіне ілмеу сияқты мәнді танытып тұрса, “жандар” - адамдар, бірақ олар жағымды мән тудыру үшін алынған. Сөз мағынасының ішкі (лингвистикалық) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құралға келіп қосылғанда бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналарымен өзара қарым – қатынасқа түсіп, солармен бірге стильдік байланыста болады. Автор өзінің поэзиясында көптік жалғаулы сөздерді бір – біріне қарама – қарсы қою мақсатында да қолданған. Маңғаздар мен паңдар – жағымсыз, ал жағымды мағына жандар сөзі болса, оның сыртқы мағынасыңа үңілсек, салыстырып отырған заттың қарама – қарсы мағынасы да анық байқалады.Қазақ тіліне антонимдер көбінесе сын есімдерден болады, автор паң мен маңғаз сын есімдерге көптік жалғауын жалғап заттандырып, зат есім жандары қарсы қойып суреттеп отыр.
Публицистикалық стильде керемет жаңалық, таңқаларлық хабар сияқты гиперболалық сын есімдер өзі хабарлап отырған мәліметтің сипатын ерекше тосын қуатын көрсету мақсатында пайдаланады , осындай хабарлар публицистикада әр түрлі хабар жеткізу деректерінің қаншалықты сапаға ие болғанын көрсетеді.Публицистикалық стильдегі мезгілсіз қайғы, мезгілсіз ажал деген сияқты хабарлар адам басына түсер ауыртпалықты көрсетеді, бұл өмірдің “мәңгілік емес” сияқты танымдық қөзқарасты жеткізу процесінде сын есімдерді пайдаланады.
Сын есімдер өзінің образды емес қызметінде стильдердің барлық түрінде кездесе алады: хабарлама сипатта – қалалық ,әкімшілік, қалалық департамент; кейде сапалық касиеті белгілі контектсте бейнелегіш мәнерімен стильдік өң алып отырады: ақ мрамор, қара мрамор, ақ сатен. Функциональдық стильдерде сын есімнің салыстырмалы шыраймен келетін тұстарында бір затпен екінші заттың көлем, мөлшер сапалық қасиетін салыстырғанда нақты шындық ұғымды дәлелдеуді мақсат етеді. Сондықтан стильдік салыстыру ұғымы тек қана контраст суреттеуді көрсететін лексикалық қабаттың жеке меншігі емес,морфологияның да кұзыретіне жатады. Ауызекі сөйлеуде прагаматикалық әсер ету ерекшелігін танытатын сын есімдер кейде заттың, құбылыстың стильдік нәрін айқындау үшін жиі қолданысқа түсіп отырады. Мысалы: ащы шындық, жалғаны жоқ шындық, жылы қабылдау, жылы сөйлеу, тамаша ақыл, т.б. Сын есімдердің сөйлеу стиліндегі қарапайым формасы да кездеседі. Мысалы: сұлу – көркемдік бейнемен айтылады, ал сұлусымақ деген кекесінді түрде айтылады. Сұлу – сөзі сын есім, ол өзі аңықтайтын сөзбен тіркесіп сұлу қыз, сұлу жігіт деп нақты адамның кескін – кейпін анықтайтын сөз ретінде алынады, бір қарағанда сұлу қыз,сұлу жігіт сын есімдері эмоционалдық қызметімен жігіт пен қыздың бейнесін ажарландырып тұр. Ал осы сөз таза стильдік айшыққа айналып эстетикалық бейнелілікке көтеріле алады, оңда сұлу сөзі стилистикалық басқа мағыналық тіркеске еніп, стилистикалық образға айналды.