1-тапсырма: ҚЫШҚыл жауындар



Дата20.11.2023
өлшемі1,09 Mb.
#192305
Байланысты:
функционалдық сауаттылыққа тапсырмалар


1-тапсырма: ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР
Төмендегі берілген суретте Кариатидами деп аталатын, Афинадағы Акрополда 2500 жыл бұрын тұрғызылған мүсіндер келтірілген. Бұл мүсіндер мрамор деп аталатын тау жынысынан сымбатталған. Мрамор карбонат пен кальцийден тұрады 1890 жылы мүсіндердің түпнұсқасы Акропольдың музейіне ауыстырылып, ал оның орнына көшірмесі тұрғызылды. Мүсіндердің түпнұсқасын қышқыл жауындар жеп қойған.

Қышқыл жауындардың мраморға әсерін үлгілеп білу үшін, мраморды бір түнге
сірке суына салып қойса болады. Сірке суы мен қышқыл жауынның қышқылдық
деңгейі шамамен бірдей. Бір кесек мраморды сірке суына салғанда газдың
көпіршіктері пайда болғанын бақылауға болады. Құрғақ мрамордың массасын
тәжірибенің басы және аяғында өлшейді.
Сұрақ: ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР
Осы тәжірибені өткізген оқушылар түнде бір кесек мраморды сірке суына, ал екіншісін жай (тазартылған) суға салды.
Оқушылар бұл сынауды өздерінің тәжірибесіне неліктен қосқанын түсіндіріп жазыңыз
.................................................................................................................................................................................
.................................................................................................................................................................................

ЖАУАП: Қышқыл (сірке су қышқылы) реакцияның өтуінде міндетті шарт екені көрсетілген


• Осы реакцияны жасау үшін жаңбырдың суы қышқыл болу керек (қышқыл жаңбыр сияқты) және таза сумен реакция болмайтынына көз жеткізіңіз
• Мәрмәр кесектерінде ақаудың барына тағы қандай себептер бар екендігін қарау
• Өйткені, мәрмәрдің кесектері неше түрлі сұйықтықтарға әсет етпейді, себебі су бейтарап болып саналады.
2-тапсырма: Бір түнге сірке суына салғанға дейін мәрмәр кесегінің салмағы 2,0 г тең болды.
Келесі күні бұл кесекті сірке суынан шығарады және кептіреді. Кептірілген мәрмәр
кесегінің салмағы қаншаға тең болады?
Жауап:
A. 2,0 г кем
B. Тура 2,0 г
C. 2,0 г және 2,4 г арасында
D. 2,4 г артық

3-тапсырма: Құмырсқа (Formicidae) – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр аралдарда және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олар Жер биомассаның 10-25% құрайды. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым мирмекология деп аталады. Құмырсқаларды зерттеген алғашқы ғалымдардың бірі - Эрих Васманн.


Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады.
Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден-ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған.
Көптеген жағдайда құмырсқалардың шағуының бір түрдегі басқа жәндіктерден басты айырмашылығы - бұрынғылардың тұтас отарда шабуылдап, бірнеше рет шағуы. Бұл жағдайда құмырсқалар күшті жақтарымен жәбірленушіге жабысып қалады және оларды бір-бірден теріні жұлып алуға тура келеді. Егер бұл жасалмаса, денеде шағудың жарты шеңбері қалады. Серуенге шыққан оқушылардың табиғатта құмырсқалармен сәтсіз кездесуі орын алса, тістеген жерге дереу натрий гидрокарбонатының ерітіндісін басты.

Оқушылар бұл ерітіндіні өздерінің тәжірибесіне неліктен қолданғанын жазыңыз. Адам денесіндегі болған жағдайды түсіндіріңіз.
.................................................................................................................................................................................
.................................................................................................................................................................................
.................................................................................................................................................................................
.................................................................................................................................................................................

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет