1.Үй тапсырмасын тексеру



Дата08.09.2017
өлшемі7,71 Kb.
#31772
  • Тақырыбы:
  • Етістер. Өздік етіс.

1.Үй тапсырмасын тексеру

  • Етістік дегеніміз не?
  • Негізгі етістік, туынды етістік дегеніміз не?
  • Дара етістік, күрделі етістік дегеніміз не?
  • Болымды, болымсыз етістік дегеніміз не?
  • Сабақты, салт етістік дегеніміз не?
  • 236-жаттығуды тексеру.

1-тапсырма. Кестені толтыру.

  • Мысалдар
  • Болымды
  • Болымсыз
  • Сабақты
  • Салт
  • Айт
  • Өшірді
  • Барма
  • Кітапты оқы
  • Айтады
  • Келген емес
  • Тапсырманы орындады
  • Үйге келді

Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды жалғап, етістіктің түрін анықта. (Сабақты, салт)

    • І-топ: Жігіт қадірі өнері . . . . өлшенеді. ( ) Су . . . . шым тоқтатар, сөз . . . . шын тоқтатар. ( ) Жаманға сырың . . . . айтпа, сырың . . . . айтсаң да, шының . . . . айтпа. ( )
    • ІІ-топ. Төмендегі мақалдардан етістікті тап. Сабақты етістіктің астын түзу сызықпен, салт етістіктің астын ирек сызықпен сыз. Талапты ерге нұр жауар. Оқу-инемен құдық қазғандай. Дихан жерін мақтайды, Ұстаз шәкіртін мақтайды.
  • Тақырыбы: Етістер. Өздік етіс.
  • Сабақтың мақсаты: Оқушыларға етіс туралы түсінік беру және олардың түрлерін бір-бірінен ажрата білуге үйрету. Оқушыларды бірлесіп еңбектенуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Етіс дегеніміз-іс-қимыл мен оны орындаушының арасындағы қатынасты білдіреді.

  • Етістің төрт түрі бар.
  • Өздік етіс (істі орндаушының өзі істегенін білдіреді) Еістік+(ын, -ін, -н) Жуын, киін.
  • Өзгелік етіс (істің үшінші біреу арқылы орындалғанын білдіреді) -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, --ір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -т, -сет. Жаздыр, оқыт, көрсет.
  • Ырықсыз етіс (істің орындаушысы көрсетілмей, өздігінен жасалғандай көрінеді) Етістік+(-ыл,-іл,-л түбірде "л" әрпі болса, -ын,-ін,-н) Айтылды, алынды.
  • Ортақ етіс (істің бірлесіп, ортақтасып істелгенін білдіреді) Етістік+(-ыс, -іс, -с) Жазысты, бөліскен.
  • Оқулықпен жұмыс
  • 238-жаттығу. Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден өздік етіс жасаңдар.
  • І-топ: Ора, көр, сез, жасыр, қара, сыла, тазала, сүрт.
  • ІІ-топ: Ки, сал, гүлде, бу, біл, байла, арқала, күй, түй.

Адасқан әріптер ойыны.

  • І-топ: а, п, т, і, к. п, д, ш, ы, а, н, а, н. к, й, ө, е, л, к. т, е, м, р. ІІ-топ: р, ы, с, ы. қ, н, о, қ, а. б, т, ы, р, а. қ, а, м, ы, т, н, ы. т, р, е, м, е.

Берілген сөздерді септеңдер.

  • І-топ: мектеп, ауыл.
  • ІІ-топ: Мына сөздерді тәуелдеңдер. Киім, ойыншық.
  • Сабақты қорыту
  • Етістер, өздік етіс дегеніміз не?
  • Мысал келтір.
  • Үйге тапсырма:
  • Ереже жаттау
  • 240-жаттығу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет