Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Метафораның стильдік қызметі



бет17/54
Дата24.02.2022
өлшемі337,45 Kb.
#133222
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
Байланысты:
Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы

Метафораның стильдік қызметі
Метафора тілдің “өрнекті” рөлін барлық стиль түрінде толық қамти алатын әмбебап стильдік сөз ретінде бағаланады. Метафора тілді безендіруші таңба ретінде нормалардан ауытқу тудырады, соған қарамастан эстетикалық мәнерлі әрі экспрессивтілігі өте жоғары стильдік құрал. Метафора жеке сөздердің ішінде стильдік әлеуеттілігі жоғары, ал мәтін ішінде стилистикалық сапаға ие болады.Ғылымдағы метафораға жаңаша көзқарас зерттеудің ракурсын стиль элементі ретінде өзгертеді.М.Н. Кожинаның пікірі бойынша “метафора ғылым тілінде ғылыми түсінек үшін көркем шығармада образды сөз ретінде, публицистикалық стильде эмоциялық образдылықтың негізінде түсінікті үйлестіріуші ретінде стильдік қызмет атқарады.Функциональдық стильдерде автор метафораны әр түрлі прагматикалық мақсатта қолданады, атап айтқанда, қызығушылық тудыру үшін, аялық білім таныту, “өз пайдасына жету” т.б.Ғылыми стильде метафора ойлау стилінің нәтижесінен терминдердің жасанды формасын беруге де күш салады, сондықтан метафора ғылыми болжау идеяларының нәтижесінде туындаған деп те атуға болады.
Метафора –өте көне тілдік тәсіл болуымен қатар көптеген ғылым нысаны бола алатын әнбебаптық құбылыс.Оның әнбебаптық құбылыс ретінде негіз болатын нарсе оның көптеген ғылымдардың, атап атқанда әдебиет,философия, лингвистика, психология, эстетика, логика, семасиология ғылымдарының зерттеу нысаны бола алатындығымен дәлелденеді.
Аристотель заманынан бері риторика, поэтиканың негізгі арқауы болып келе жатқан метафораның коммуникативті-прагматикалық, семантикалық-стилистикалық жүйесі өте күрделі. Метафора “жасырын теңеу” деп теп те аталынған, сондықтан оның жасалу моделі мен тілдік айналымға түсуінде үлкен танымдық логикалық бейнелілік мағыналар өзара бірлесе отырып қызмет атқарады.Метафора лингвистика ғылымында ауспалы мағынаға ие болуы мен ұқсату заңының негізінде қарастырылады. Метафора әдебиетте көркемдік әлем картинасы ретінде алынады, философияда рух пен материяның шынайы болмысын ғана емес, оған қайта талғау, синтездеу әрекетіне байланысты түсіндіріледі.Метафораның психологиямен байланысы өте күрделі, пайда болуы адам сезімінің қабылдау түйсігінің орасанзор әрі өте нәзік жай-күйімен тығыз байланысты. Метафораның балама ретінде қолданылатын тәсілі ой мен сезімінің тең түскен бірлескен қызметінен туындайды,ауыспалы мағынадағы сөздер жасауға, синонимдік қатар құруға, эмоционалды лексиканың молаюына сөздердің бейнелілік мәнге ие болуына тікелей ықпал етеді.Метафораның кең көлемде ауқымды тілдік қызметі функциональдық стильдердің кез келген саласында стильдік жүк арқалайды.
Функциональдық стильдердің қай-қайсысында болсын, сөз тіркестері сөйлемнің өзі де кез келген құрылымдық сипаты жағынан алып қарағанда коммуникативтік қызыметімен қоса эстетикалык, бейнелілік қасиеті қатар жұмсалынады, сондықтан қарым-қатынанас әрі көркемдік құрал ретінде айтылуда да, жазылуда да көріне алады. Метафораның екі түрі, екі қызметі бір-бірімен тоғыспайтын екі бөлек нәрсе керсінше тілдің поэтикалық қызметі коммуникативтік-прагматикалық қызметке иек артады.Метафора тілдік тәсілдердің өнерге тән эстетикалық және әлеуметтік-тарихи заңдылықтарғабағынған жаңа әлемінің моделін беруге күш салады.
Метафора жалпы және авторлық қолданыстағы метафора болып бөлінеді, қазіргі стильдердің жанрлық түрлерінде метафораны қолдану сипаты, ерекшелігі қандай дәрежеде екенін көрсету мәселесі көлденең шығып отыр.
Метафораның ең көп кездесетін жері –көркем әдебиет стилі. Функциональдық стильдердің ішінде көркем әдебиет көп стильдерімен ерекшеленеді, сондықтан метафораның көп кездесетіні заңды құбылыс.
Достық, қастық, бар қызық - жүрек ісі Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық Арың-ақылың - бұл күннің мәртебесі(Абай).
Дүниеде арыстан басымен қыңсылаған күшігендерге көшбасшы болғаннан артық қорлық бар ма екен? Қарсақтай ғана қауқары бола тұрып, жолбарыспын деп жөнді-жөнсіз жонын күйдіретін, көрінгенмен шақылдасып, тілдесіп бағатын жұртқа бас-көз болудан асқан аздап бар дейсіз бе?Құланың құла шөлінде өлгендері өліп, жеткендері жетіп,шұбырынды халықтың алды болып, Хиуақа құлады (Ә.Кекілбаев).
Осы екі көркем шығармада метафора екі түрлі жолмен жасалғанын көруге болады. Біріншісі–Абай өлеңіндегі достық, қастық,бар қызық-жүрек ісі метафораның қызметінің әр түрлі әрекетін достыққа, қастыққа, бар қызыққа балап айтуы метафора семантикасының шексіз екендігін көрсетеді. Екінші шығармадағы адамға балама ретінде алынған арыстан, күшіген метафоралы сөздер дәстүрлі метафораның үлгісі ретінде алынса, өзінің бейнелілік қасиетін толық сақтап, көркем шығарманың эстетикалық өрісін ажарландыруға қызмет етеді.
Метафораланудың ең басты белгісі жеке сөйлеушінің өзіндік құбылыс пен затқа тән белгілерді басқа сөзбен бөлек айтуы болса, кейде мүлде бір-біріне мағыналық жақтан қиыспайтын сөздердің метафоралануы жеке тұлғаның когнитивті-ассоциациалықойлаудың жеке көзқарасынан шығарады. Метафора өзінің о баста жеке сөз қолдану мәнерінен шығып, кейін жалпыхалықтық, кейін уақыт өте дәстүрлі метафораның қатарынан орын алған.
Метафора троптың эпитет, теңеу, метонимия сияқты түрлерімен тығыз байланыста болады.
Метафора туралы осындай түрлі ғылыми көзқарастар негізінде оның ассоциациялық, коммуникативті-прагматикалық стилистикалық фреймдер арқылы жасалатындығын көруге болады. Метафораның жасалу тәсілі –біріншіден, көркемдік, екіншіден, танымдық, үшіншіден, қажеттілік. Адамның өмір құбылыстарын саралап, дүниетанымдық қабылдаулары метафора арқылы жасалатындығына қөз жеткізуге болады. Сондықтан метафора функциональдық стильдердің барлық түрінде жиі байқалатын тілдік стильдік құбылыс бола отырып, стилистикалық норманы тұрақтандырады.
Дайын тілдік қолданыстағы метафоралар да өзінің бейнелілік қасиетімен ерекшеленеді. Тілдің көркемдік амал-тәсілдерін сөз еткенде, әсіресе, метафораның жаңа қолданыстағы әрі көркемдегі сипаты өте айшықты болып келеді. Автордың сөз ауыстыру, “метафораны жаңарту” байырғы дәстүрдің түрлерінен бөлек каналдарын табу мәнері тілдің стилистикалық ресурстарының қайнар көзі болып табылады.
Метафора көркем әдебиет стилінің негізгі сөздік қазынас болғанмен (көркем әдебиет стилінің көп стильділігін ескерсек), сол көркем шығармадағы ресми, ғылыми ортаның өміріне қатысты оқиғаларға байланысты метафораның жаңа тұлғасын табу автордың прагматикалық мақсатын айқындайды. Метафораны табу суреткердің көркемдік әлемді тану дағдысымен , ерекше сезімталдық , көркемдігі жіті байқағыш қасиетіне де тікелей байланысты болып келеді. Қазіргі уақытта ауызекі сөйлеу тілінде де, шешеннің әлеуметтік ортада сөйлеген сөзінде де кездеседі. Публицистикалық стильде оның жанды, жаңашыл, көркем, өзгеше реңктегі тұлғаларын ұштастыруға болады. Мысалы:Олардың бұл әрекеті - психологиялық құлдық, тәуелділік. (“Жас Алаш”).
Метафораның мәтіндік табиғаты мен көркемдік көріністі тілдің лексикалық қабатының баюын ғана емес, автордың ойлау ниетінің, ой бейне суретінің, стилистикалық фреймдерінің жаңаша мазмұнға құралған эстетикалық мәнерінің кемелденуіне, толығуына әкеледі. Оның басты себептеріне мыналар жатады:қоғамдық өмірдің ілгері дамуына қатысты құбылыс, зат атауының жаңа әлеуетті сөздерімен белсенділігі артуы, болмыс пен рухқа қатысты абстракт ой– толғамдардың, соған қатысты философиялық танымының баламалық мағына табуы әрі кейбір қарапайым сөздердің көркемдік сипатқа, сапалық жағынан көтерілуі, дискурс пен мәтін тканіне ене отырып, стилистикалық мүмкіндіктерді молайта түседі.
Қазақ ұлттық әдеби тілінің мағыналық бейнелілік жақтан жаңа руының басты– негізі қоғамдағы тіл статусының орнығуы алғы шарт болып табылады, оның әлеуметтік - саяси қызметінің өсіп - өнуіне сөздің таралу, қолдану аймағының кеңуі де метафораға тікелей байланысты.Адамның, жеке тұлғаның ой - өрісі шексіздігінің белгісі, сөздің қасиетін көрсету мүмкіндігі,тілдің дами, өсе беретіндігі,яғни оның өріс жаю кеңістігін танытудың бір сыры метафорада жатыр. Жаңа әлеуметтік топтардың , олардың идеяларының соңы мағыналы сөздерге ұмытылу процесінің жеделдігінде, көне сөздердің баламалық ауыспалы мағынаға қайта қосылу, даму құқығына, экстралингвистикалық фактілердің көп кездесуі метафораны пайдаланудың стилистикалық мүмкіндіктері мен “автордың” прагматикалық мақсатын жүзеге асыруына тікелей ықпал етеді.
Қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістердің барлығы тікелей лексиканың жаңару, толығу, мағыналық балама табу мүмкіндігі тілдің лексика саласына қатысты.Лексика –тілдің өзгермелі саласы, өте құбылмалы болып келеді, сондықтан метафора осыған байланысты толығып,өзеріп, стилистикалық нормаларға ұласатындығы жие байқалады.
Метафора автордың ақпарат беру қасиетінде лексика-семантикалық,семантикалық-стилистикалық, коммуникативтік-прагматикалық жағынан ерекшеленеді.
Ең басты метафораның эстетикалық қызметі дүниенің толық суретінің бір бөлшектерін балама құбылысқа жарату тәсіліне байланыста көрінеді, оның функциональдық стильдер жүйесіндегі қызметі өте жылжымалы, еркін, тілдік айналым каналына өту мүмкіндігі өте жылдам болып келеді.Метафора тілдің қатысымдық функциясының жан-жақтылығымен (троптың басқа түрлері сияқты) ерекшеленетін қасиеті, оның стильдердің барлық түрінде қолданылатындығына негіз бола алады. Метафора ғылыми стильде де жиі қолданылады,концептуалдық метафораның шығу көздері болып табылады.
Ғылыми стильдегі метафораның стильдік қасиеті қарама-қарсы тенденцияға негізделеді. Метафора балама қасиеті арқылы ауыспалы мағынада жұмсалса да, терминдік метафораға айналғанның өзінде де, оның анықтық, дәлдік қасиеті өте түсінікті, нақты болумен қатар, қарама-қарсы ауыспалы мағынадағы сөздің өзінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары болумен қатар метафоралық мағынада алынған сөз суреттеліп отырған құбылыс пен заттың реалды бейнесіне негізделіп шынайы көрінісін бере алады.Оның тағы бір қасиеті авторлық шеберлікті ғылыми түрде негіздеп,стильдік мәнерде жиі қолданылуы байқалады. Ғылыми стильдің әр түрлі жанрлық түрлерінің өзінде метафоралық қолданыс аясының өрісі ерекше байқалып тұрады. Бірақ ол қамшының сабындай келте ғұмырдың әлде қашан қыр асып,оралмасқа кеткен алтынға айырбастағысыз аяулы тәуліктерінің орнын толтыра ала ма?Бір шеті өмір деген ұлы дариядан басталып, барар жері өлім деген тұңғиықпен тұйықталынатын бес күндік жалғанның көш кернеуіненбіреулердің ерте, біреулердің кеш сыпырылып түсіп қалып жататындығын , адамдық ғұмырдың жалт етіп сөніп қалатын жалындай қысқалығын дүние қызығын қуып жүріп кеш түсінетіндігіміз неткен өкінішті десеңізші?(“Заң және заман” журналы ).
Бұл үзінді қоғамдық –саяси, ғылыми-құқықтық журналдан алынып отыр. Ғылыми мәтінде оқиға, құбылыс пен затты нақтылап суреттеген, автордың кейінгі одан шығар қорытынды мен түйін ретіндеалынған белгілі ойы мәтіндік стильді тұжырымдағанда метафоралық сөз тіркестерін көркемдік мақсатта қолданғанын жіті байқауғаболады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет