Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет66/122
Дата12.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#67408
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   122
Байланысты:
toymataev
toymataev
Интернеттің жетістіктері
Интернет  технологиясы  жылдам  өзгеріп  отырады. Интернетпен  жұмыс
істеу  оңайланғандықтан, қазіргі  өзгерістер  торапты  кім  немесе  қандай
мақсатпен  қолдануында  болып  отыр. Дегенмен, «Web-тен  білгім  келген  нəрсе
туралы, информация  таба  аламын  ба?» - деген  сұрақ  туындайды. Сол  себепті
бір  жаққа  телефон  соғудан  бұрын  немесе  кітапханаға  барар  алдында Web-тен
информация алады.
Адамдарды  іздеу.  Егер  қажетті  адамыңыздың  қайда  екенін  білмесеңіз,
оны қайда болмаса да сіз қазіргі уақытта тауып алу мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін
сіз қызмет каталогын немесе телефон кітапшасын қолдана аласыз.
Компанияларды, өнімдерді  немесе  басқа  да  қызметтерді  іздеу. Сары


156
парақ (Yellow Page) атты  жаңа  каталог  қызметі- сізді  қызықтыратын
мамандықтары бар компанияларды іздеуге мүмкіндік береді. Оның адресін тез
табу үшін сіз сол облысқа сəйкес кодты бере аласыз. Осылайша өзіңіз қолыңыз
жетпей жүрген затыңызды да табуға болады.
Зерттеу.  Заң  кенселері  бұрын  қажетті  информациялар  үшін  сағатына
$8600 төлесе, қазір  олар  оны  Интернеттен  өте  аз  бағаға  ала  алады.
Жылжымайтын  заттармен  айналысатын  фирмалар, олардың  бағасын  бағалау
үшін  Интернетке  сай  келетін  демографиялық  мəліметтерді  пайдаланады.
Ғалымдар  өздерінің  соңғы  зерттеу  нəтижелерімен  ауысады. Интернет
көмегімен бизнесмендер болашақтағы нарықтарды үйренеді.
Білім.  Мектеп  мұғалімдері  бүкіл  əлемдегі  оқыту  программаларын
бақылап  отыра  алады. Колледж  оқытушылары  өз  шанырақтарымен
электрондық  почта  арқылы  хабарласып, сонымен  қатар  телефонмен  сөйлесу
ақысын  үнемдейді. Студенттер  компьютерде  курстық  жұмыстарын  жасайды.
Сонымен қатар, диалогтық режимде энциклопедияның соңғы басылымын жəне
басқа да қажетті материалдарды алуға болады.
Сапар.  Үлкен, кіші  қалалар, штаттар  жəне  бүкіл  мемлекеттерді Web-те
туристік жəне басқа да қажетті информациялардан табуға болады. Желіде сапар
шегушілер  ауа  райы  туралы  мəліметтерді, транспорт  қозғалысының  уақыт
кестесін немесе мұражайдың жұмыс уақыттары туралы мəліметтер ала алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет