Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова


Бастауыш сыныптарда өлеңдерді оқыту.Өлеңдердің тәрбиелік мәні



бет38/81
Дата28.10.2022
өлшемі361,51 Kb.
#155435
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   81
Байланысты:
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі

3. Бастауыш сыныптарда өлеңдерді оқыту.Өлеңдердің тәрбиелік мәні.
Бастауыш сынып оқулықтарында берілген өлеңдер алуан түрлі:
- кейбірі белгілі бір оқиға құрылса (Ө.Тұрманжановтың «Қарлығаш»).
- кейбірі табиғат құбылыстары жайында (Күз, Жазғы дала, Жазғытұрым, т.б.)
- кейбірі автордың көңіл-күйін, асқақ ойын білдіреді (М.Мақатевтың «Үш бақытым»).
Өлеңді оқыту тәртібін шамамен былайша беруге болады:

  1. Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай әңгіме өткізіледі. Онда өлең жолдарында кездесетін оқушы түсінігіне қиын сөздердің мағынасы түсіндіріледі.

  2. Егер өлең көлемі өте ұзақ болмаса, онда мұғалім үлгі ретінде мәнерлеп оқып шығады. Осы кезде оқушылар өз кітаптарынан іштей бірге оқып отырады.

  3. Оқушылар дауыстап, мәнерлеп, дұрыс оқиды.

  4. Өлең мазмұны талданады. Көлемді өлең бөлімдерге бөлініп талданса, ал қысқа өлеңдер тұтас талданады.

  5. Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап әдіс қолданылады.

  6. Өлеңді екінші рет, қорытындылау мақсатында оқуға дайындық жұмысы жүргізіледі (оқу техникасы, мәнерлеп оқу, дауыс сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту, т.б.).

Өлеңдердің тәрбиелік мәні.
Өлең– қоғамдық тұрмысты ең шоғырлы түрде бейнелеп беретін, терең идеялық мазмұнға, күшті де нақты сезімге, аса бай бейнелеу қуатына, жанды да бейнелі тілге, белгілі ұйқас пен ырғаққа ие ең ықшам әдеби форма. 
Оның басты ерекшеліктері мыналар: 
- Өлеңде шындық өмір мен адамдардың көңіл-күй сезімі аса шоғырлы түрде жинақталып бейнеленеді. 
- Өлең аса күшті сезімге және мол көркемдеу амалына сүйеніп, өмірді жинақы да бейнелі бейнелейді, әсіресе, сезім өлеңнің жаны ретінде есептеледі. Сезімнен айырылған өлең өзінің өміршеңдік қуатынан да айырылады. 
- Өлеңдегі бейнелі ой басқа жанрларға қарағанда тіпті де күшті болады. 
- Өлеңнің мазмұны шындық өмірдің өскелең дәрежедегі ықшам көрінісі болғандықтан, оның тілі ықшам, дәл, анық, бейнелеу қуаты күшті, өлеңдік бояуы қанық, алуан түрлі болуы талап етіледі. 
- Өлеңнің тілі ырғақты, лепті және әуенді болуы талап етіледі. Өлең талабының әуендігі дегенде, біріншіден, өлеңдегі ырғақ ескерілсе, екіншіден, ондағы ұйқас, буын сияқтылар ескерілуі тиіс.
Демек, қазақ өлеңінің құрылысын құрайтын негізгі фактор мыналар: шумақ, тармақ, буын, ырғақ, ұйқас. 
Бастауыш мектеп оқулығына кіріктірілген мәтіндердің ішінде өлең едәуір салмақты орын алады. Өлеңдерді оқытуда оқушылардың жас ерекшелігіне және қабылдау заңдылығына сай төменгі сыныптар (1-2 сыныптар) мен жоғарырақ сыныптардың (3-4 сыныптар) өлең оқытуына жеке-жеке тоқталуға тура келеді:
Төменгі сыныптарда (1-2 сыныптар): 
1) Мәнерлеп оқу.
Төменгі сыныптарға кіргізілген өлеңдердің көбі балаларға арналған өлең болып, бұл өлеңдер қарапайым және түсінікті, есте сақтауға қолайлы, жаттауға оңай болғандықтан, мәнерлеп оқуға өте лайық келеді. Сонымен бірге өлең мазмұны арқылы мүлтіксіз идеялық тәрбие беруге де болады. 
2) Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру. 
Өлеңде бейнелеу амалдары көп болғандықтан, онда ауыспалы мағыналы және теңеулік көркем сөздер көп болады. Сондықтан оны мұқият түсіндіру, сол арқылы оқушылардың өлең мазмұнын түсінуіне негіз қалау керек.
3) Өлең тармақтарының мағынасын түсіндіру негізінде шумақтардың мағынасын түсіндіру керек. Ең соңында, өлеңнің өзекті идеясын және онда бейнеленген идеялық сезімді оқушыларға қарапайым, түсінікті тілмен жанды түрде жинақтап беру керек. Мысалы, «Аққу, шортан һам шаян» өлеңінде төрт шумақ болып, оның шумағында аққу, шортан, шаян – үшеуінің бірлесіп жүк тартпақ болғандығы, бірақ үшеуінің үш жаққа немесе үш бағытқа тартқандығы айтылады, бұл шумақты түсіндіргенде, не үшін аққудың аспанға, шаянның жерге, шортанның суға қарай тартқандығын олардың тіршілік ерекшеліктерімен бірлесіп түсіндіру қажет.
Екінші шумақта бұл үшеуінің қаншалық қиналса да жүкті орнынан қозғай алмағандығы айтылады. Бұл шумақты түсіндіргенде, оқушыларға «Жүк неліктен орнынан қозғалмады?» деген сұрауды қоя отырып, оны олардың қаншалықты машақат тартқандығы және бар күштерін салып аянбай қимылдағандығын, бірақ сонда да жүктің қозғалмағандығын бейнелейтін, тармақ мазмұндарымен бірлесе отырып, талдап түсіндіру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет