Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова


Түскі тамақ пен кешкі тамақ



бет73/81
Дата28.10.2022
өлшемі361,51 Kb.
#155435
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   81
Байланысты:
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі

Түскі тамақ пен кешкі тамақ
Спандияр Көбеев

Бала түске дейін үйде бос отырды. Түскі асты ішетін уақытта шешесі ет пен сорпа әкелді, бала сорпаны татып көрді де: «Бүгін сорпа дәмсіз екен», - деді. Шешесі айтты: «Бұл дәмсіз болса, кешке дәмді сорпа пісіріп берермін», - деп. Түскі тамақтан соң әкесі шөп тасыды. Баласы аттың басына мініп, шөптің төбесіне шығып, бек шаршап кешке үйіне келді. Кешкі тамаққа түстен қалған сорпаны, нанды дастарқанның үстіне қойды. Баласы сорпаны татып байқады да, айтты: «Түстегі сорпадан мына сорпа дәмдірек», - деп.


Сонда шешесі айтты: «Бұл түстегі сорпаның қалғаны еді, саған бұл сорпаның дәмді болғаны — сен түстен кейін жұмыс қылып, бек шаршадың. Таңертең ешбір жұмыссыз үйде тек отырған соң, ас саған дәмсіз көрінді», - деп.
Екі соқа
Спандияр Көбеев

Бір зауыттан екі соқа қатар жасалып шықты. Біреуі егіншінің қолына түсті. Ол онымен жер жырта бастады. Екінші соқа еш қимылсыз аулада жатты. Арада бірнеше уақыт өткен соң, екі соқа кездесіп қалды. Жұмыс істеген соқа күмістей аппақ болып жарқырап тұр. Ал қимылсыз жатқан соқа тот басып қарайып кеткен.


- Сен неге мұнша жылтырап, кеткенсің? - деп сұрайды екіншісі.
- Мен еңбек еттім. Ал еңбек кімнің де болса шырайын кіргізбей ме? - деп жауап қайырыпты.


Кәрім - Жалтақбай
Зейнел-Ғаби Иманбаев

Орыс тілі пәнінен жатқа жазу са- бағы жүріп жатқан. Кәрім соңғы сөзді жазып болып, қайта оқып шықты. «Морковь» деп ішінен әлденеше айтты, дұрыс жа- зылғандығына сене алмай отыр. Көрші баланың дәптеріне қарап еді, «мәрковь» деп жазыпты. Солай бір түзеп қойды да, «Қайкен қалай жазды екен деп?» мойнын созып, алдыңғы баланың дәптеріне үңіл- ді. Ол «мәркөв» деп жазыпты. «Әй, осының жазғаны дұрыс бо- лар» деп ойлаған Кәрім «О» әрпін «Ө» ге түзетіп, мұғалімге дәптерін тапсырды. Келесі күні мұғалім: - Өз күшіне, өз біліміне сенбей, жұртқа жалтақтаған Кәрім бір сөз- ден үш қате жіберіпті, сондықтан екілік алды,- деп, хабарлады бала- ларға. Оқушылар ду күлді. Содан бастап Кәрім де жұрттың дәптеріне қарамайтын болды.




Аян мен Баян
Зейнел-Ғаби Иманбаев

Кешкі тамақтан кейін Баян сурет салуға отырды да, Аян кітап оқуға кірісті. Ас үйден шешелері ыдыс жууға шақырды.


- Мен Қиыр шығыс тайгасында саяхатта жүрмін. Дерсу Узалаға еріп, солтүстікке қарай кетіп барам... Ыдыс жууға уақыт жоқ, - деді Аян, кітаптан бас алмай.
Ыдыстарды жуып тастап, кеш бойы сурет салармын, - деп, Баян ас үйге кетті. Ас үйді тәртіпке келтірген соң, бояуларына қайта кірісті. Аян кітапты оқып болып, жанына қойды да, Баянға қарап:
- Міне, мен де саяхаттан оралдым. Енді ыдыс жууға болады, - деді.
- Ыдыстар мана жуылып болған.
- Бетіңдегі не?
- Білмеймін, - деп, Баян бетін сипады.
- Балдың жұғыны екен ғой.
- Алақай, мен де бал жеймін! - деді Аян қуанып.
- Балды мен тауысып қойғам.
- Неге?
- Апам өз тиесіңді де, Аяндікін де жеп ал. Ол Қиыр шығысқа кетсе, жуырда орала қоймас, - деп, бәрін берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет