Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет83/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап


2 БӨЛІМ. ОРМАНШЫЛЫҚ



2.1 БАСТЫ МАҚСАТҚА ПАЙДАЛАНУ КЕСУЛЕРI
2.1.1 Басты мақсатқа пайдалану кесу жүйелерi. Кесулер жүйесi дегеніміз – ұйымдастырушылық-техникалық көрсеткiштерi мен олардың орманның жаңаруына ықпал ету ерекшелiктерi бойынша өзара бір-біріне жақын кесу тәсiлдерi деп түсiну қажет.

Басты мақсатқа пайдалану кесулерi жүйелерiн былайша ажыратады: пісіп жетілген сүрекдіңдерді iрiктеп, жаппай және бiртiндеп кесулер.



Iрiктеп кесу – басты мақсатқа пайдалану кесуi, ол арқылы ағаштардың белгiлi жастағы, мөлшердегi, сападағы немесе жағдайдағы бөлiгiн кезеңді кесіп алып отырады. Iрiктеп кескенде орманның негiзгi элементтерi тұрақты сақталады. Мұндай кесу әр түрлi жастағы сүрекдіңдерде жүргiзiледi.

Жаппай кесу – басты мақсатқа пайдалану кесуi, ол арқылы кесілетін ормандағы барлық сүрекдiң қысқа мезгiлде бiр тәсiлмен кесiлiп тасталады.

Бiртiндеп кесу – басты мақсатқа пайдалану кесуi, ол арқылы толысқан (пісіп жетiлген) сүрекдiң бiрнеше мезгiлде бiр немесе екi сынып (класс) жасында кесiлiп тасталады. Бiркелкi жастағы алқа ағаштарда жүргiзiледi. Кейде бұл жүйелер орманды қалпына келтiру кесулерi деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет