1.12.2 Сүрекдiңдер құрамы мен құрылымы. Сүрекдiңдердiң аумақта орналасуы, олардың құрамы мен құрылымы түрлi себептерге және бiрiншi кезекте, жағрапиялық жағдайларға, ағаш түрлерінің биологиялық және экологиялық ерекшелiктерiне, адам қызметiне және сыртқы орта факторларына тікелей байланысты. Өсiмдiк қауымдастықтарын мақсатты түрде өзгерту, жақсарту осы аталған себептердi немесе әрбір жеке жағдайда оларды ескергенде және тиiмдi әсер еткенде ғана сақтау мүмкiн болады. Биологиялық орнықты және шаруашылық тұрғыдан бағалы алқа ағаштар қалыптастыру қажет.