Д. Т. Курманова, З. А


Оқу әдістері мен құралдарын іріктеу



бет29/53
Дата05.09.2020
өлшемі1,28 Mb.
#77328
түріКонспект
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53
Байланысты:
1849338815321 Курманова

6.4 Оқу әдістері мен құралдарын іріктеу
Педагогикалық қызмет әдістері мен жабдықтарын таңдау көптеген объектив және субъектив себептерге тәуелді, атап айтатын болсақ, олар:


  • оқу заңдылықтары және оларға негізделген принциптер;

  • адамның оқу, тәрбие және дамуына байланысты жалпы мақсаттар;

  • нақты білімдену –тәрбие міндеттері;

  • оқуға болған ынта деңгейі;

  • нақты оқу пәнінің әдістемелік ерекшеліктері;

  • материал мазмұны;

  • материал игеруге бөлінген уақыт;




  • оқу материалының саны мен күрделілігі;

  • оқушылардың дайындық деңгейі;

  • шәкірттердің оқу дағдыларының қалыптасу дәрежесі;




  • дәріс түрі мен құрылымы;

  • оқушылар саны;

  • балалар қызығулары мен ықыласы;




  • оқу еңбегі процесінде қалыптасқан ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас (қызметтестік не әміршіл - әкімшіл);




  • материалды – техникалық қамсыздандырылуы;




  • педагогтың тұлғалық ерекшеліктері мен біліктілік деңгей- дәрежесі.

Аталған жағдайлар мен шарттарды ескере отырып, оқытушы нақты әдіс пен құрал – жабдықты іріктеу, таңдау жөнінде шешім қабылдайды немесе дәріс өткізудің жағдайына орай бірнеше әрқилы әдіс не құралды біріктіре пайдалануды көздейді.


Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегімен сүйене отыра меңгереді.
Оқыту – күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу жіне ақыл-ойы мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылатындығын жоғарыда айттым. Яғни, жеке тұлғаға біртұтас ықпалды көздейді. Осыған орай. Оқыту процесінің бірінші қызметі – оқушыларға білім беру.
Екінші қызметі – тәрбиелеу. Оқыту процесі барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге, оқыту барысында тәрбиенің мақсат-міндеттері және мазмұны мен тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципіне негізделіп, бірлікте қолданылады. Яғни, тұлғаға білім бере отыра, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра білім береміз. Себебі, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.
Үшінші қызметі – дамыту. Бұл қызмет оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті, т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Яғни, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерінің басқа да анықтамалары кездеседі. Онда оқыту әдістері оқытушының оқушыларға оқу материалынан білім беру тәсілдерінің жиынтығы немесе оқытудың құралдары ретінде, сонымен қатар оқыту әдісі мұғалімнің оқу материалдарын оқушыға жеткізу тұрғысында ғана қарастырған. Бұл анықтамалар оқыту әдістерінің сипаттамасын толық бере алмайды. Сондықтан оқу процесі барысында мұғалім мен оқушылардың өзара қарым -

қатынасын білген дұрыс. Дәлірек айтқанда, қарым-қатынас субъект-объект түрінде болады.


Ал, соңғы оқыту әдісіне берілген анықтамада мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас көрсетілмейді. Сондықтан, оқыту әдісінің субъективті-субъективтілік ішкі заңдылық негізі ашылмаған. Бұл жағдайда оқыту процесі барысында оқуы пассивті поцизияда қалады. Ал оқушының оқыту процесінде белсенді ролі болу үшін мұғалім мен оқушы арасында ғы қарым-қатынас субъекті-субъектілік негізде құрылуы керек.
Сонымен қазіргі педагогикада оқыту әдісі оқуылардың білімді меңгеру және олардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған оқушы және мұғалім арасындағы бірлесіп жүргізілетін іс-әрекеттің субъект-субъектілік қарым-қатынас құралдары ретінде анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет