Д. Т. Курманова, З. А



бет38/53
Дата05.09.2020
өлшемі1,28 Mb.
#77328
түріКонспект
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53
Байланысты:
1849338815321 Курманова

8.2 Оқу жұмысын жоспарлау
Перспективті – тақырыптық жоспар оқу жылының алдында жасалып, оқу орны директоры бекітеді. Жоспарлаудың негізі сабақтар жүйесін тақырып бойынша құру. Әр сабақтың оқу материалы оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімі мен шеберліктеріне негізделетіндіктен, пән бағдарламасының мазмұнын қатаң логикалық тәртіппен ашуға мүмкіндік береді.

Сабақтар жүйесін жоспарлай отырып, оқытушы сабақтар мазмұнына сәйкес тақырып материалын бөліп, оларды оқыту тәртібіне сәйкес орналастырады. Сабақ тақырыбына сай материалды бөлу төмендегі тәртіптерге сай жүргізіледі: әр сабақта қарастырылатын жаңа материал тереңірек оқылатын түйінді мәселелердің бірнешеуінен тұруы шарт; мазмұны бойынша сабақ материалы аяқталған сипатта болуыкерек; тақырып материалын сабақтарға бөлуде оның негізгі дидактикалық мақсатын және оны оқытудың ұйымдастырылуы мен әдістемесін айқындау қажет; сабақ бойынша оқу материалының орналасу реті пән логикасына сай болуы керек, ішкі өзара байланысты қамтамасыз етуі керек және оқу мәселелерінің біртіндеп күрделене түсуі шарт; сабаққа жоспарланатын материал көлемін анықтауда, оны оқу мүмкіндігін ескеру керек, сабаққа бөлінген уақыт көлемінде білім, шеберлік және дағды бекітілу мәселесі ескерілуі тиіс.


Тақырып бойынша сабақ жүйесін жоспарлауда материал мазмұнына сәйкестеориялық оқыту сабақтарына қажетті уақытты ескеру керек - 90 мин. Және өндірістік оқыту сабақтары– 270мин. Сабақта жаңа материалды оқытуды тарата отырып оқытушы бекіту және алынған білімді практикада қолдана алу сабақтарын, қайталау сабақтарын, бақылау және зертханалық-практикалық сабақтарды, экскурсия және т.б. ойластырып, оларды қосады.
Осылайша, тақырыпты толық оқу бойынша оқу үдерісі құрылымы мен реті анықталады. Перспективті –тақырыптық жоспарда тақырып бойынша сабақ нөмірі, оларды өткізуге қажетті сағат саны, сабақтар тақырыбы мен олардың қысқаша мазмұны, сол секілді әр сабақтың мақсаты келтіріледі. Сабақтар нөмірі оқытушыға оларды өз кезегінде орындауға, бағдарламаның сағат бойынша орындалуына мүмкіндік береді.
Сабақ тақырыбы — бұл басты ой (оқушылар оқуға тиісті), мазмұны — негізгі сұрақтар, олар оқу материалының, жоспарланатын сабақтың мағынасын білдіреді. Тақырыпқа перспективті дайындықта сабақ мақсаттары мөлшерленіп белгіленеді.
Сабақ мақсаттары оның мазмұны мен ұйымдастырылу құрылымына байланысты анықталады. Көбінесе перспективті-тақырыптық жоспар: алғашқы түсініктер беру…, меңгерілуін қамтамасыз ету.., түсінік қалыптастыру…, маңыздылығын ашу…, қарым-қатынасын көрсету…. және т.б. секілді түйінді
сөздерденқұралатын сабақтың білім беру мақсаттарын бейнелейді. Сабақ мақсаттарын кеңірек Сабақтың мақсаттарын анықтау жайлы кеңірек «Кәсіптік мектептерде сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаттарын анықтау» атты практикалық сабақта қарастырылады.
Перспективті –тақырыптық жоспармен жұмыс істей отырыпкәсіптік оқыту педагогыкөптеген факторларға: сабақ мазмұны мен мақсаттарына, жалпы жүйедегі оның орнына, оқушылардың дайындық дәрежесіне, оқытушының педагогтық түпкі ойына, оның тәжірибесіне, кабинеттің оқу-материалдық базасына байланысты болатын сабақтың тәсілі, өткізу жолдары және ұйымдастыру формаларын анықтайды. Перспективті жоспарлау оқушылардың өз

бетінше жұмысын таңдаудан, аудио көрнекі және мультимедиялық техника қолданылу орны мен уақытынан, жұмыс істеу жолдарын көрсетуден құралады.


Перспективті-тақырыптық жоспарда тақырып материалының пән аралық байланысы да көрсетіледі. Пән аралық байланыс орнатудың түрлері мен формаларын ойластыра келе, оқытушы оқушылар басқа пәндерден не оқығанын және қандай көлемде оқығаны жайлы, оларды қалай және қай жерде осы пәнді оқу барысында қолдана алатыны жайлы толық, әрі дәл ақпарат ала алуы керек. Сол секілді оқытушы осы пән бойынша алынған білімдерді оқушы басқа пәндерді оқу барысында қалай және қай жерде қолдана алатыны жайлы түсінігі болуы шарт.
Перспективті-тақырыптық жоспарларда жазу қысқа, ұйымдастыру тәртібін және оқу үдерісін басқару тәртібін бере алатын болуы керек.
Екінші кезеңде тікелей оқытушының сабаққа даярлығы басталады. Курсқа, оқу жылына, тақырыпқа дайындық жұмыстарының жетіспеушілігін оқытушы сабаққа дайындалу барысында толықтыра алады. Кезекті сабаққа қанағаттанарлықсыз дайындықты толықтыру, жөндеу мүмкін, себебі ол сабақтың сапасына тікелей әсер етеді.
Арнайы және жалпы техникалық пәндер бойынша сабақтар ерекшелігі оқу материалы мазмұнының практикаға бағытталуында, оқушылардың білімді меңгеруіне, алынған білімдерін өндірістік мәселелерді шешуде қолдана алуына қойылатын талаптардың артуы, оқылатын материалдың жалпы білім беретін пәндермен және өндірістік оқытумен үйлесуі.
Оқытушының сабаққа ағымдық дайындығы – ең алдымен, жоспар жазу – сабақ конспекті. Ол сабақтың белгілі бір тақырыбын ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі жоспарлаушы құжаты болып табылады. Бұл педагогтың дайындық жұмыстарының нәтижесі және кәсіптік біліктілігінің қажетті дәреже көрсеткіші. Сабақ-жоспарының қандай да бір міндетті стандарт түрі орнатылмаған, себебі сабақ формасы бірнеше факторларға: өткізу тәсіліне, материалды ашу тереңдігіне, материал мазмұнына, сабақтың нақты мақсаттарына, болашақта жасалынатын практикалық және бақылау тапсырмаларына байланысты.
Сонымен қатар, жоспар-конспект жасау және көркемдеу барысында ескеретін талаптар да бар. Ең алдымен, топ, күні және сабақ нөмірі көрсетіледі, сабақ типі айқындалады, сабақтың негізгі мақсаттары –білім беру, дамыту, тәрбиелік мақсаттары тұжырымдалады, оқушылар үшін мақсаттар айқындалады, материалдық-техникалық және дидактикалық жарақтандыру анықталады. Сабақтың жоспар – конспектін жасауда сабақтың өткізілу кезеңдері, уақыт бойынша хронометраж көрсетілетіндей етіп жасаған тиімді. Жаңадан жұмыс істеген педагогтар үшін тақырыпты оқушыларға түсіндіру барысында оларға арналған сұрақтар, қажетті суреттер, схемалар келтірілетін материал конспекті жасалады.

Сонымен қатар, оқытушының ағымдық дайындығы педагогтың өткізілген сабаққа өзіндік талдау жасай алуынан, сабақ өткізу барысындағы үздіктік немесе келеңсіздік факторларынанықтаудан, пән бойынша оқыту үдерісін тиімді өткізу жолдарын анықтай алудан құралады.


Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаудың схемасы










Мазмұны

Бұйым

Материалдар













р/с











































Технико-технологиялық мәліметтер










Шығы































н




Қондырғы, саймандар, құрылғылар
















Қамсыздандырылуы

Практикалық жұмыстар













Дидактикалық құралдар

Пән аралық байланыс







Тақырып




Сортамент

Бір бірлікке

Барлық бұйымға

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

















































































Ағымдық жоспарлау

Технология пәнінің жоспар-конспектісі (қызмет көрсетуші еңбек)


Сынып________________ Күні ________________


Бөлім атауы:


Сабақ тақырыбы:
Мақсаттары:
Білім берушілік – оқушылар танымын кеңейту Тәрбиелік – сапалылыққа тарту

Дамыту – дағдыны дамыту


Сабақты өткізу әдістері: (материалды бекіту бойынша әңгімелесу; оқытушының қадағалауымен оқушылардың өз бетінше жұмысыжәне т.б.)
Еңбек объекті:
Пән аралық байланыс: (математика – пішіндерді салу, ұзындық өлшемі; қазақ тілі – сөздердің жазылуы ….. және т.б.)
Материалдық-техникалық қамтылу:
Оқу шеберханалары қондырғылары, құралдар мен қондырғылар.
Дайындалатын бұйым эталоны.
Бұйым дайындаудың технологиялық картасы.
Бейнефильмдер.
Кестелер.
Кинофильмдер.
Оқытушыға арналған әдебиет.
Сыныптан тыс оқуға арналған әдебиет.
Сабақ барысы.
1.Ұйымдастыру бөлімі –3 мин.
Сабаққа қатысуын тексеру
Жұмыс киімдері мен сабаққа әзірлікті тексеру.
2.Өткен материалды қайталау –7 мин.
2.1. Өткен сабақтағы материал бойынша білімдерін карточка-тапсырма бойынша тексеру.
Топқа сұрақтар.
3.Жаңа материалды түсіндіру - 15 мин.
3.1. Әңгімелеу…
Бейнефильмдерді демонстрациялау…
Технология получения…
Еңбектің қауіпсіз шарттары…
4.Кіріспе нұсқамалық (инструктаж) – 10 мин

  • 4.1. Эталондық бұйымды көрсету және дайындау технологиясы картасы бойынша әзірлеуді талдау Еңбек әрекеттерін мейлінше ақырын көрсету… Жылдам көрсету…



  • 5.Оқушылардың өз бетінше жұмысы – 40 мин

Ағымдық нұсқамалық (инструктаж) - мақсатты аралау.


Бірінші аралау: жұмыс орнының дайындығын және еңбектің қауіпсіз шарттарының сақталуын тексеру.
Екінші аралау: еңбек шарттарының дұрыс орындалуын және операциялардың технологиялық ретінің сақталуын тексеру.
Үшінші аралау: өлшемдер дұрыстығын тексеру және оқушылардың өзіндік бақылауын іске қосу. Жұмыстарды қабылдау және бағалау. Жақсы үлгерген оқушыларға қосымша тапсырмалар беру.


  • 6.Қорытынды нұсқамалық (инструктаж) –7 мин.

Көп кездесетін қателіктерді талдау, олардың себебін айқындау. Әр оқушы жұмысы бағасын хабарлау.


Үйге тапсырма.


  • 7.Жұмыс орнын жинастыру –8мин.

Оқытушы ______________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет