Егерде жас футболшы допқа ие болуды, тез жүгіруді және жоғары секіруді үйреніп алса, ол ойынды өзінің бес саусағындай біліп алады деп айтуға болмайды. Егерде футболшы алаңға есеппен қозғалса, өзінің қозғалысын, күшін және техникалық әдісін ойынның жағдайымен салыстыратын болса, онда оны жақсы ойыншы деп санауға болады. Сондықтан әр бір жас футболшы өзінің техникалық әдістерін үйрене бермей және физикалық қасиеттерін жақсарта бермеу керек, сонымен қатар ол ойынның тактикалық сырларын түсіну керек. Яғни дұрыс орын таңдап алу, мезгілінде әріптестеріне допты беру, қақпаға жақсылап доп соғу керек. Ең бастысы әр бір ойыншы ойынды жақсы «оқу» білу керек. Яғни ойын барысында әріптестерін және қарсыластарының ойларын байқап жүру керек. Футбол – ол ұжымдық ойын. Сондықтан әр бір ойыншы өзінің индивидуалдық қадамын ұжымдық және командалық тактикага келістіре білуі керек. Тактика команданың доп жүргізу мәнін және әр бір ойыншының нақты міндетін белгілейді. Сол үшін әр бір ойыншы әр түрлі футбол жүйесі туралы білуі қажет және ол ойынның басты принциптарын қорғауда және шабуылда білуі керек. Бутболшы алдағы және арттағы қатардағы ойыншылардың міндеттерін білуі керек. Қарсыласқа жүргізілетін күрестің әр бір әдісін тактика деп атауға болады. Мақсатпен құрылған тактика ойлаған нәтижеге жеткізеді, ал мақсатсыз тактика оған жеткізбейді. Сонымен тактика дегеніміз қарсыласпен күресе білу. Футбол ойынының тактикасы ол өте үлкен жетістікпен ойнау. Футбол тактикасының негізінде жатқан білім жиынтығы үлкен емес, әр ойыншыға қол жетерліктей. Басты мәселе осы білімді ойында жүзеге асыру.