Дақылдың маңызы ІІ негізгі бөлім



бет3/5
Дата07.12.2022
өлшемі239 Kb.
#161669
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz

Өсіру технологиясы
Аймақтық ерекшеліктеріне байланысты жүгеріні ауыспалы егісте күздік және жаздық астық дақылдарынан, дәнді бұршақ дақылдарынан, картоптан, бақшалық дақылдардан және т б кейін орналастырады.
Жүгері топырақты терең қабатқа құрғататын кұнбағыстан, қант қызылшасынан , судан шөбінен және коп жылдық шөптерден кейін орналастыруға, әсіресе құрғақшылық жылдары , сондай-ақ жүгерімен ұқсас зиянкестері –жүгері көбелегі бар тарыдан кейін орналастыруға болмайды. Жоғары агротехникада және тыңайтқыш енгізілгенде жүгеріні бір танапта өнімділігін кемітпей бірнеше жыл бойы өсіруге болады. Жүгері жаздық дақылдар үшін жақсы алғы дақыл бола алады, ал көк балауса жемге өсіргенде күздік дақылдарға да.
Ферма маңындағы ауыспалы егісте жүгеріні ауысымсыз өсіреді немесе дәнді дақылдармен кезектестіріп себеді. Ең дұрысы оны сүрлейтін жеріне жақын өсіру.
Екі танапты ауыспалы егісті- жүгері –арпа енгізгенде, арпа үшін топырақты механикалық өңдеу барысында, егуге дейінгі ұзақ мерзімді дұрыс пайдаланып , арпаны маусымның 2-5 жұлдызында егіп, сондай-ақ арпа егістігінде гербицидтерінде қолданып танаптың арамшөптермен ластануын күрт төмендетуге болады.
Жел эррозиясына ұшыраған топырақтарда жүгеріні көп жылдық шөптермен кезектестіріп , жолақтарда өсіреді. Мехикалық құрамы жеңіл топырақтарда жолақтардың енін 50 м асырмай, басым жел бағытына көлденең орналастырады.
Жүгері үшін топырақты мұқият дайындайды. Өсіру жағдайына байланысты топырақты аударып жыртады немесе жазықтілгішпен өңдейді.
Солтүстік Қазақстанда өңдеу тәсілін алғы дақылға, танаптың арамшөппен ластануына, ылғал қорына, органикалық тыңайтқыштарды енгізудің сәттілігімен және оларды мұқият араластыруға байланысты анықтайды.
Жүгеріні қоңырбастардан кейін орналастырғанда, әсіресе жел эррозиясына ұшыраған аудандарда топырақтың жазықтілгіштермен өңдеу тиімді, ал құрғақ жылдары тілгішпен өңдеген дұрыс .
Қарқынды технология тиімді гербицидтерді, аурумен зиянкестермен күресу зат тарын қолдануды , өсім діктерді минералды қорекпен толығымен қамтамасыз етілуін , жоғары өнімді будандарды және қазіргі жоғары өнімді минералды қолдануды , агротехникалық шаралардың бүкіл кешенін жоғары жағдайда атқарылуын қарастырады.
Топырақты егу алдында өңдеу ылғалды сақтауға , армшөптерді жоюға бағытталған. Ол ерте көктемгі тырмалаудан, 2-3 рет культивациялаудан және бірнеше тырмалаудан тұрады. Бірінші культивацияны ертерек 10-12 см . Еліміздің құрғақ аудандарында себу алдында немесе сепкеннен кейін тығыздау өте тиімді.
Ғылыми негізделген агротехникада жүгерінің өнімділігі өте жоғары. Бұндай өнім қалыптастыруға ол, бірінші топтың астықтарына қарағанда өте көп қоректік заттарды шығындайды. 1 гектардан 5-6 тонна астық немесе 50-60 тонна көк балауса жиналғанда жүйелі топырақтан 150-180 кг азот,60-70 кг фосфор және 160-190 кг калий сіңіреді. Бұлардың жартысынан көбін даму кезеңінің екінші жартысында тұтынады. Сондықтан жаздағы үстеп қоректендіріудің маңызы өте зор,ал кең қатарлы және ұялап себу тәсілдері өсу-даму кезеңінде тыңайтқыш енгізуге мүмкіндік береді.
Жүгері егістігіне тыңайтқыш жүйесін қолдану негізгі отырғызу кезінде және үстеп қоректендіруден тұрады. Негізгі тыңайтқышты сүдігер көтергенде енгізеді.Бір гектарға тыңайтқыштың шамалы мөлшерін, айтайық шамамен 5-10 кг әсер етуші затын дән ұясынан 4-5 см қашықтықта және 2-3 см тереңірек енгізсек, оның әсері культивация астына тыңайтқыштың 20-30 кг әсер етуші затын енгізгендей болатынын зерттеулер дәлелдеп берді.
Тұқымның танаптық өнгіштігінің төмендеуін болдырмау үшін жоғарыда айтқанымыздай тыңайтқышты ұядан алшақтау орналастыру және оны қарашіріктермен араластыру керек. Мұндайда астықтың өнімі гектарына 5ц артады.
Тыңайтқыш мөлшерін топырақтың сапасына, алғы дақылына , бұрынырақ тыңайтқыштың қолданғанына, климат жағдайына, топырақтың химиялық құрамына және жоспарланған өнімділігіне байланысты анықтайды.
Шаруашылықтар жүгері тұқымын арнаулы зауыттардын, егуге толығымен дайын күйінде алады. Тұқымның өнгіштігі 95% кем болмау керек. Олардың өнгіштігін жоғарылату үшін себуден бұрын 3-5 тәуліктей жылы ауамен өңдейді.
Себу мерзімін қатаң сақтаудың маңызы зор. Тұқымды тым ерте ,жылынбаған топыраққа сепкенде өскіннің пайда болуы баяулайды, ал тұқымдар көбінесе ауруға шалдығады. Тым кеш егу топырақтың ылғалын жоғалуына әкеледі, ол өнімнің төмендеуіне себеп болады. Әдетте жүгеріні топырақтың тұқым сіңіру қабатында 10-120С жылынғанда еге бастайды. Жеңіл топырақтар тезірек жылынады,сондықтан егуді ауыр топырақпен салыстырғанда ертерек бастайды.
Сонымен себу мерзімін реттей отырып, өсімдіктің қажет сабақ жиілігін қалыптастыруға және де мұндайда тұқымның артық жұмсалуын болдырмай, танаптың арамшөппен ластану деңгейіне байланысты егуге дейін арамшөптермен тиімді күресу шараларын іске асыруға болады.
Жүгеріні сүрлемге нүктелеп немесе кең қатарлап себеді, ал кейде жай қатарлап та себуге болады. Гектардағы өсімдік жиілігі артқан сайын жүгері балаусасының, сондай-ақ құрғақ заттардың өнімі арта түседі.
Жүгеріні шаршы-ұялап егу үшін қатар аралықтары 70см СКНК-8, СКНК-6 нүктелеп СУПН-8,СУПН-6, СКПГ-4, СБК-4 тұқым сепкіштерін қолданады.
Қазақстан жағдайында суландырусыз жүгері отамалы дақыл ретінде кең қатарлап себу тәсілімен өсірілуі тиіс. Және мұндайда қатар аралығын кішірейту көк балауса өнімділігінің артуына себеп болады. Кейбір шаруашылықтарда жүгері тұқым сепкіштерінің орнына жүгеріні СЗС-2.1, СЗС-2.1Л астық сепкіштерін қолданады. Өндірісте , танапты себуге дейін сапалы дайындағанда және СЗС-2.1 тұқым сепкішін мұқият реттегенде көк балауса өнімділігінің кемуі байқалмаған.
Жүгерінің сүрлемге себу мөлшері өсімдіктің бір өлшем жердегі санын және оның өнімділігін анықтайды. Сабақ жиілігі топырақ-климат жағдайына байланысты: ылғалмен қамтамасыз етілуі жақсы аудандарда бір өлшем жердегі өсімдік жиілігі де жоғары болады. Қазақстанда жүгері өнімінің төмендігі көбінесе өсімдіктің қажет жиілігін қалыптастыра алмауымен байланысты .
Қазақстанның жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 290мм аспайтын аудандарында жинар алдындағы гектардағы оңтайлы сабақ жиілігі болып 60-70мың , ал топырақтағы ылғал қоры жақсы жылдары 70-80, ал жылдық жауын-шашын мөлшері 300-330мм асатын аудандарда көк балаусаның ең жоғарғы өнімін 90-100мың сабақ жиілігінде алуға болады. Жылдық жауын-шашын 350мм асатын оңтайлы сабақ жиілігі болып 100-180мың өсімдік саналады. Бірінші кезекте жиналатын танаптарда, тіпті жауын-шашыны 280-300мм аудандарда , өсімдіктің 1 гектарындағы жиілігін 120-150мыңға жеткізуге болады. Қажетті сабақ жиілігін алу үшін себу мөлшерін анықтаған кезде танаптық өнгіштікке, өсімдіктің өміршеңдігіне қажетті негізгі түзетулер енгізу керек.
Кейбір жағдайларда қажетті сабақ жағдайын тек тұқымның себу мөлшерін арттырып қана жетуге тырысады да, өсімдіктің сақталуына көңіл қоймайды. Жүгері тұқымының шығынын себу мерзімін , сіңіру тереңдігін дұрыс таңдап алумен , мұқият дәрілеумен, себу кезінде тұқымның зақымдануын төмендетумен, егістікті баптап- күту кезіндегі өсімдіктің шығынын кемітумен, әсіресе өскін пайда болғаннан кейін тырмалағанда, кемітумен, әсіресе өскін пайда болғаннан кейін тырмалағанда, кемітуге болады.
Топырақтың қалыпты ылғалдылығында жүгері тұқымын 6-8 см сіңіреді, ал құрғақ аудандарда себу тереңдігін 10-12 см жеткізеді, ауыр топырақтарда 4-5 см дейін кемітеді. Өскіндердің бірден және біркелкі пайда болуы үшін сепкеннен кейін танапьты қырлы және шығырлы таптағышпен тығыздайды. Ауыр топырақтан, әсіресе дымқыл ауа райында, басқаларын.
Жүгері танаптың арамшөптермен ластануына өте сезімтал келеді, әсіресе өсу-даму кезеңінің алғашқы кезеңінде. Егістікті механизм көмегімен баптап-күту шаралар жүйесінде негізгілері-егін көгі пайда болғанша және пайда болғаннан кейін тырмалау, культивациялау, үстеп қоректендіру, арамшөптермен химиялық заттардың көмегімен күресу. Егуден 3-5 тәулік өткеннен кейін-ақ бірінші тырмалауды жүргізу керек.
Тырма типін топырақтың күйіне қарай таңдайды:борпылдақ топырақтарда және өскін пайда болғаннан кейін жеңіл З-ОР-0,7 және орташа тырмаларды БЗСС-1,0 өскін пайда болғанша орташа БЗСС-1,0 немесе БИГ-3 қолданады. Егістікті егін көгі пайда болғанша тырмалауды агрегаттың жылдамдығы сағатына 6-7 км етіп жүргізеді. Өскінді тырмалағанда ең жақсы нәтижеге жеңіл және орташа тырмалармен төменгі жылдамдықта 4-5 км , күндізгі уақыттарда ,өсімдіктің тургоры жоғалғанда және сынғыштығы шамалы болғанда жетуге болады. Өндірісте, өскінді қаншалықты мұқият, баяу жылжып жүргізілгенімен өсімдіктердің шығынын толығымен болдырмаудың жолы жоқ, сондықтан бұл тәсілді қолданбау жағдайын қарастырған жөн.
Сегіз қатарлы тұқым сепкішпен себілген егістікте бірінші культивацияны КРН-5,6 культиватор ымен , алты қатарлы сепкіштің егістігін КРН-4,2 культиваторына қажетті қосалқы мүшелерін іліп жүргізеді. Мұндайда қорғағыш аймағы 10-12 см болуы керек, жұмыс мүшелері жоспарлас іздерін жабуы үшін агрегаттың алдынғы жағына екі 270 см сүйір табан қойылады.
Бірінші культивация әдетте 7-8 см, ауыр топырақта 8-10 см тереңдікке жүргізеді. Екінші культивацияны, бірінші культивацияда пайдаланған жұмыс мүшелерімен немесе сүйір табан жиынтығымен, саяздау жүргізеді.
Қайталап өңдегенде қорғағыш аймағын ұлғайтады, культиваторларға қосымша жұмыс мүшелерін іледі: ротациялы шабықтағыштың инелі дискісін, шабықтағыш тырма тіркестіріп және арамшөптердеі топырақпен көмеді. А рамшөптермен күресу үшін көктегенше және егін көгі пайда болғаннан кейін жүгері егістігінде гербицидтер, оның ішінде кең тараған 2,4Д тобінікі, кеңінен қолданылады. Өскін пайда болғанша 1-3 тәулік бұрын бүркудің мөлшері амин тұзы бойынша 1,5 кг/га, ал бутил эфирі-0,8 кг/га болады. Бір жылдық қос жарнақты және қоңырбастар тұқымдасының арамшөптеріне қарсы агеллонның 2-3 кг әсер етуші затын, атразиннің -3-4 кг, симазиннің 5-6 кг жүгері көгі пайда болғанша бүркеді.
Соңғы кездерде топырақтық жаңа гербицидтің- эрадиканың жоғары тиімділігі анықталынды, оны жүгеріні себерден 5-6 тәулік бұрын топыраққа бүркіп, культиватордың көмегімен топыраққа араластырады.
Жинау мерзімін анықтағанда сүрленетін массадағы қоректік заттардың мөлшерін және оның ылғалдылығын ескерген жөн. Жүгеріні сүрлемге дәнінің сүттене-балауызданып және балауызданып піскен кезеңінде жинаған тиімді. Өсімдікте осы кезеңде 60-65% су, жеткілікті мөлшерде қант болады, сондықтан көк балауса жақсы сүрленеді. Аталған кезеңдерге жете алмайтын аудандарда жүгеріні үсік түскенше жинайды. Жүгеріні 8-10 см биіктікте орады. Арнаулы сүрлем және жемшөп жинайтын комбайндар өсімдікті ұсақтайды және көліктерге тиейді. Жүгеріні көк балаусаға шаруашылыққа тиімді өнім деңгейіне жеткенде жинай бастайды. Өсімдіктің желінгіштігі шашақбасының гүлдегенінен кейін төмендейді.
Солтүстік Қазақстанда жүгері негізгі сүрлемдік дақыл болып табылады ,Республиканың оңтүстік аудандарында жемазықтық дақыл ретінде үлкен маңызы бар. 100кг жүгері дәнінде 120-130 азықтық өлшем, 100кг көк балаусасында өсіп-өну кезеңіне байланысты 12-ден 26 азықтық өлшем, 100кг сүрлемде 16-22 азықтық өлшем және 1,2-1,4кг сіңімді протеин бар.
Жүгері- ең маңызды және барынша өнімді жемазықты дақылдардың бірі. Соңғы жылдардағы орташа астық өнімі Қазақстан Республикасында 40-42ц\га.Жемазықтық дақылдарының өндірісін ұлғайту жолдарының бірі – жүгері дәні пісетін аймақтардағы егістік құрылымын жақсарту және оның көлемін ұлғайту,оған қоса Солтүстік аудандарға қарай ерте пісетін будандарын орналастырған дұрыс.Астыққа өсірілетін жүгері егістігінің жалпы көлемі Қазақстанда 120 мың га.
Құрғақ заттар мөлшері өсіп-өну кезеңдері мен жинау мерзіміне байланысты және 8-ден 27% дейін өзгереді, осыған сәйкес 100кг көк балауса мен одан алынған сүрлемде өсімдіктердің пісу кезеңіне байланысты 12-16 астық өлшем (собық түзілгенше) және 17-26 астық өлшем (собық пайда болғаннан кейін) болады.
Өсімдік табиғатында мынадай заңдылық бар: ең өнімді сорт немесе будан әдетте –кеш піседі, ал ерте пісетіндер өнімділігі төмен өсімдіктер. Жүгерінің көп балаусасы мен сүрлемнің бір азықтық өлшемнің протеинмен қамтамасыз етілуі 60-70г аспайды, ал зоотехникалық норма 105-110г , белок сапасы да төмен.
Мал азығына жүгері Қазақстан Республикасында 2,2млн. га шамасында өсіріледі ,немесе мал азықтық дақылдар егістігі көлемінің 19,0%. Солтүстік Қазақстанның алты облысында мал азығына жүгері 1,5млн.га жерге орналасқан (барлық мал азықтық дақылдардың 25,1%) ,соңғы жылдардағы көк балауса өнімдері 172-ден (Солтүстік Қазақстан облысы ) 97ц/га дейін (Павлодар облысы ) өзгерді.
Жүгері өнімі жөнінде өте жоғары потенциялды мүмкіндіктермен ерекшеленеді. Сүрлемге өсіргенде ол далалық және орманды-дала аймақтарының суарылмайтын жағдайында 150-300, ал суармалы жерлерде 600-850 ц/га дейін өнім береді.
Жүгерінің тамыр жүйесі, басқа астық тұқымдастар сияқты, шашақты , топырақта 2-3 м тереңдікке дейін бойлайды. Жүгерінің тамырлары өркен шыққаннан кейін алғашқы кезеңде қарқынды дамиды да, үшінші жапырақ пайда болғанда 30-50 см тереңдікке жетеді. Жүгеріде бес тамыр түрлері ажыратылады. Ұрықтық, гипокотильді, түйінді және сүйеніш тамырлар төрт қабат құрады. Ұрықтық тамырлар егін көктегеннен кейін алғашқы 20-30 күнде өсімдіктерді су мен қоректік заттармен қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады, алайда олардың рөлі шашақтануға дейін сақталады. Жүгерінің түйін тамырлары 3-4 жапырақ пайда болғаннан кейін түзіле бастайды.
Топырақтың 0-20 см қабатында тамырдың 55-60% шоғырланады, тарқатарлы егістерде кең қатарлыға қарағанда жүгерінің тамыры топыраққа тереңірек бойлайды, мұның өзі ең әуелі топырақтың су режімі ерекшеліктерімен байланысты. Бұл уақытта тамырдың тереңдеп өсуімен жер үсті бөлігінің биіктеп өсуі арасындағы байланыс 2:1 қатынасындай болады. Мәселен, 10-11 жапырақтар түзілгенде өсімдіктің орташа биіктігі 60-70 см жетеді де тамырлар 1 м аса тереңдікке бойлайды. Егер мұндай жүгеріні суармаса, онда шашақтану кезеңінде тамырлар 2 м дейін, ал сүттене – балауыздана піскен кезде олар 2,5 м және одан жоғары тереңдікке кетеді. Егер суаруды ерте жүргіссе, онда тамырлардың тереңдеуі саябырлайды да негізінен 0-70, 0-100 см қабатта шоғырланады.
Жүгерінің сабағы тік тұрады, биіктігі 0,5-2,5 м , мұның өзі ылғалдану жағдайы мен агротехникаға байланысты. Жақсы ылғалданған жағдайда немесе суармалы жерлерде өсімдіктердің биіктігі 13-14 жапырақтың пайда болу кезеңінде негізгі биіктіктің 40-50%, 17-18 жапырақта 60-65% және шашақтану басталғанда 82-85% шамасында болады. Сабақтың өзегі, борпылдақ, кеуекті, жас кезінде 5% дейін қант болады. Сабақтың жуандығы 1,5-2,5 см, ал сирек сабақ жиілігінде 3,0-3,5 см дейін жетеді. Сабақ түйіндерден тұрады, олардың саны сорттарына байланысты 8-ден 30-ға дейін жетеді. Соңғы 3-4 түйін аралығы барынша ұзын болады, кейде өсімдіктің жалпы биіктіктігінің 1/3 жетеді. Сабақта орта қабаттағы жапырақтардың қолтығында собықтар түзіледі. Көптеген будандардың өсімдіктеріне әдетте 1-2 сабақ түзіледі, кейде көп сабақты өсімдіктер де кездеседі.
Төменгі жапырақтардың қолтығындағы бүршіктерден кейде бүйір бұталары өсіп шығады, әдетте олар жақсы қоректену жағдайына байланысты түзіледі, сорттық ерекшеліктеріне байланысты.
Жүгерінің жапырағы кең сызықты.Өсіп-өну кезеңін ұзақтығы,әртүрлі жүгері сорттары жапырақ санымен де ажыратылады:ерте пісетін сорттардың жапырақтары мен түйін саны аз болады.
Сібірлік ультра ерте пісетін сорттардың өсімдіктерінде 8-10, ал кеш пісетін сорттарында 23-25 жапырақ болады. Солтүстік Қазақстанда 12-16 жапырақ түзетін орташа мерзімде пісетін және 17-19 жапырақ түзетін ортадан кеш пісетін сорттар аудандастырылған.
600 ц/га көк балауса өнімін қалыптастыру үшін әр гектардағы жапырақ бетінің ауданы 40-50 мың м2 болу керек деп есептейді, алайда мұндай дәреже суармалы жағдайда жапырақ бетінің ауданы 85-90 мың м2 га жетті , әр гектардағы өсімдік саны 120мың болды да 850 ц/га көк балауса өнімін берді. Табиғи ылғалдану жағдайында жапырақ бетінің ауданы 20-40 мың м2/га болды. Жапырақ беті ауданы сабақ бітіктігінің жиілігі , будандардың пісу мерзімі әсер етеді. Біздің тәжірибелерімізде табиғи ылғалдану жағдайында ортадан кеш мерзімде пісетін будандар әр гектар жерде 25-30мың м2, ал ерте пісетін будандар 12-16 мың м2 жапырақ бетінің ауданын қалыптастырады, көк балауса өнімі тиісінше 280-300 және 180-220 ц/га болды.
Жүгерідегі себуден піскенге дейін сорттар мен будандардың пісу мерзіміне байланысты белсенді температура жиынтығы 2100-30000 . Өнімділік пісу жылдамдығына кері пропорционалды тәуелділікте , будан неғұрлым кеш пісетін болса, соғұрлым ол өнімдірек және көбірек жапырақ түзеді.
Солтүстік Қазақстанда кең тараған будандардан ерте пісетін топқа Молдавский 216СВ, Молдавский 257 СВ, Днепровский 141Т және олар мұнда астық технологиясымен өсіруге ұсынылған : орташа мерзімде пісетін будан тобына Одесский 80МВ, Одесский 86МВ,Днепровский 247МВ, Жеребковский 86МВ жатады; ортадан кеш мерзімде пісетін топқа Казахстанкий 5 ТВ кіреді.
Солтүстік Қазақстан жағдайында жүгері мамырдың екінші онкүндігінде себіліп және тамыздың үшінші онкүндігі кезеңіндежиналғанда орта есеппен 1700-18000 белсенді температура жиынтығын алады, қыркүйектің ортасында жиналғанда ғана қосымша 250-3000 жылу немесе 1950-21000 жиынтық температура алады, мұның өзі алғашқы күзгі бозқырау кеш- қыркүйектің ІІ-ІІІ онкүндігінде түскен жылдары ғана мүмкін.
Шілде-тамыз айларында айтарлықтай жоғары температура болған және күзгі бозқырау кеш түскен жылдары орташа мерзімде және ортадан ерте пісетін жүгері будандары сүттене-балауыздана пісу кезеңіне жетеді және себу мерзімінен (20-25мамыр) егін жинауға дейінгі (20-25 қыркүйек) кезеңнің ұзақтығы 120-125 күн.
Жүгерінің ең ерте және ерте пісетін будандары республиканың солтүстік облыстарының үсіксіз кезеңіне ойдағыдай келеді, алайда олар собық түзе отырып, көк балаусадан аз өнім береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет