Дақылдың маңызы ІІ негізгі бөлім


Тыңайтқыштардың жүгері өніміне әсері



бет4/5
Дата07.12.2022
өлшемі239 Kb.
#161669
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz
1571800633-KTZH-Geografiya-10-synyp-zharatylystanu-matematikalyk-bagyt, СОЧ Биология 7кл каз В2, osh sor geometrija ogn 10-klass kaz, Нуриева Мариям бөж тарих, қызметтік хат 25.11, М. бала аев ж не аза деби тіл нормалары серманыз . – т-17 т
Тыңайтқыштардың жүгері өніміне әсері

Әртүрлі дақылдардан алынған белгілі өнім көлемі жан-жақты пайдаланылады. Олардың бір-бірінен артықшылығы халық шаруашылығы саласының қоятын талаптары тұрғысынан бағаланады. Мұның өзі астық сапасын бағалайтын көптеген әдістерді шығаруға түрткі болды. Ондай әдістердің көмегімен кез-келген дәнді дақылдардың тамақтық, мал азығындық және техникалық сапасы жөнінде мағлұмат алынады. Өнім сапасы жөніндегі көрсеткіштер мемлекеттік стандарттарда қаралған.
Тыңайтқыштарды қолдану топырақтың құнарлылығын жақсартуға, жүгері егістігінен мол өнім алуға, оның көлемінің қауырт өсуіне себеп болады. Жүгері егістігінің сапасы көптеген көрсеткіштермен сипатталады. Олар шартты түрде мынадай үш топқа бөлінеді:
а) физикалық көрсеткіштер: дәннің көлемдік салмағы —1000 дәннің массасы, олардың өсу кезеңдеріндегі құрғақ заттардың массасы. 1 өсімдіктегі собықтың саны, ылғалдылығы.
б) химиялық көрсеткіштер: белок, крахмал, майлар, күлдер, мал азығындық өлшемдер.
в) дәннің ұндық және нандық қасиеттері.
Аталған көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланысты. Жүгері егістігінің сапасы жөніндегі көрсеткіштер шаруашылықтар экономикасында маңызды роль атқарады. Астық қабылдау пункттері астық сапасының бір ғана көрсеткіші — кондиция шарттарына сәйкес келмесе, қосымша баға төлемейді.
Жүгері егістігі, басқа да тірі организмдер сияқты, өзінің вегетациялық дәуірі кезінде әртүрлі даму кезеңдерінен өтеді. Мәдени өсімдіктер өнімінің басты көрсеткіштерінің бірі — өсімдіктер вегетациясы кезінде түзілетін құрғақ заттар болып табылады. Мұның өзі өсімдіктерде болатын әртүрлі физиологиялық процестерге (фотосинтез, өсімдіктердің тыныстауы, углеводтар мен белоктар-дың алмасуы) байланысты болады. Өсімдіктердің жеке өніп өсу сатылары кезінде құрғақ заттардың түзілуіне тыңайтқыштардың елеулі әсер ететіндігі көп ғалымдардың зерттеулерінен белгілі.
Тыңайтқыштарды қолдану кезінде өсімдіктердегі құрғақ заттар салмағының артуы жүгерінің шашақтануынан толық пісу кезеңіне дейін байқалады. Ашық қара қоңыр топырақта егілген жүгері өзінің шашашақтануы сатысына келгенде, тыңайтылмаған алқаптағы бір өсімдіктегі құрғақ зат массасы 93,9 грамм болғанда, әр гектарға 60 кг фосфорлы тықайтқыш қолданғанда 114 граммға өскен. Нормалары әрқилы азотты тыңайтқыштарды осы фосфорлы тыңайтқыштармен араластырып қолданғанда құрғақ заттардың массасы 151,9 грамнан артты. Құрғақ заттардың ең көп өсуі — әр гектарға 30 тонна көң беріп, оған азот пен фосфорды араластырып қолданғанда — 171,1 грамм болды. Топырағында фосфор аз алқаптарда қолданылған фосфорлы тыңайтқыштардан құрғақ заттардың массасы өспеді.
Сонымен, тыңайтқыштарды қолдану арқылы топырақ құнарлылығын едәуір жақсартып, жүгеріні қауырт өсіруге болады. Бұл жалпы өнімге де әсер етеді. Өсімдік түсімінің сыртқы белгісіне және оның негізгі элементтеріне мыналар жатады: I есімдіктегі собықтың, дәннің саны және бір собықтағы дәннің, 1000 дәннің массасы, I собықтағы дәннің процент есебіндегі үлес салмағы. Осы аталғандардың бәрі жүгерінің биологиялық өнімін құрайды. Жалпы өнім үшін бұл элементтердің әрқайсысының үлкен маңызы бар. Суармалы жерлердегі ашық қара қоңыр топырақта егілген дәндік жүгері өнімінің өсуі — собықтағы дәннің көп болуы мен 1000 дәннің массасының өсуіне байланысты болады. 30 тонна көң мен минералды тыңайтқыштарды араластырып қолданғанда әрбір 100 өсімдік 102—107 собық, ал тыңайтылмаған алқаптарда 98 собық шығарды. 60 кг супер-фосфат қолданғанда жүгері собығындағы дән санының өсуіне әсер етті. Тыңайтылмаған алқаптағы жүгері собығынан 120 дана дән, бір собықтағы дәннің массасы 38,1 грамм артық алынды. Ал азотты тыңайтқыштардың әртүрлі нормаларын 60 және 90 кг фосформен араластырып қолданғанда, бір собықтағы дәннің санын 815—865 данаға, массасын 213,3—229 грамға, I өсімдіктегі дәннің массасын 51,1—78,8 грамға арттыруға болады екен. 1000 дәннің массасының ең көп өсуі — N120 Р90 N150 Р60 — 30 тонна көңді қолданғанда алынды. Бұл екі варианттағы алынған 1000 дәннің массасы 288,9 және 293,2 грамм болса, бақылау вариантындағы 1000 дәннің массасы 233,3 грамм яғни, жоғарыдағы тыңайтылмаған алқаптармен салыстырғандағы 1000 дәннің өсуі 24—26% болды.
Калийге құнарлылығы — орташа және жоғары топырақтарда азотты және фосфорлы тыңайтқыштарды қолдану басты роль атқаратынын көрсетті. Ал қолданған калийлі тыңайтқыштар жүгері егістігінің сыртқы белгілерін көбейтпеді. Қоректік заттардың жүгерінің өсу кездеріндегі құрғақ заттар мен сыртқы белгілеріне әсерлерін қадағалау — бізге керекті тыңайтқыштарды өсіп, даму сатылары кезінде жүгеріге қалай, қанша қблдануға болатынына негіз жасайды. Әртүрлі топырақтардағы жүгері етістігінің өнімі мен сапасына тыңайтқыштардың әсері — шаруашылықтағы егіншілік мәдениетіне топырақтың құнарлылығына, дақылдардың сорттарына байланысты болады. Сондықтан да кез-келген ауыл шаруашылығы дақылдарына қажетті тыңайтқыштардың нормасын, тәсілдерін анықтау үшін, белгілі топырақ-климат аймақтарындағы олардың әсерлерін зерттеген тәжірибе жұмыстары басшылыққа алынады. Тыңайтқыштардың топырақтың құнарлылығына, ылғалдылығын сақтауға, көп өсімдіктердің ыстыққа, суыққа төзімділігін арттыруға, олардың тамырлары мен жапырақтарының ұлғайып өсуіне және тез пісуіне әсер ететіндігі анықталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет