Өлшемдері 10х8х6 см жезден жасалған білеу ілінген серіппе қандай күшпен созылған? ж8,5 г/см3.
Серіппе 20Н күштің әсерінен 4 см-ге ұзарады. Осы серіппені 7 см ұзартатын күштің шамасы қандай?
Көлемі 120 см3 мыс шардың салмағы қандай? м8900 кг/м3.
Б-ТОБЫ
Көлемі 120л ыдыстың ішіне оның үштен екі бөлігіндей су құйылса, ыдыс еденді қандай күшпен қысады? с103 кг/м3. Ыдыстың массасы есептелмесін.
Кубтың қырының ұзындығы 5 см. Егер осы кубтың салмағы 5 Н болса, куб жасалған заттың тығыздығы қандай?
С-ТОБЫ
Алюминийден жасалған кубтың толық бетінің ауданы 150 см2. Осы кубтың салмағы қандай? А2,7 г/см3.
Күш және салмақ НҰСҚА 4 7/3
А-ТОБЫ
Қорғасын білеушенің салмағы 28 Н. Оның көлемі қандай? Қ11300 кг/м3.
Көлемі 570 см3 білеушенің салмағы 38,2 Н. Бұл білеушенің тығыздығы қандай?
Сүт құйылатын ыдыстың массасы 5,1кг. Осы ыдысқа 30л сүт құйылса, оның салмағы қанша болар еді? с1030 кг/м3.
Ұзындығы 10см серіппе 4Н күштің әсерінен 2 см ұзарды. Егер осы серіппеге 6Н күш әсер етсе, ол қаншаға ұзарар еді?
Б-ТОБЫ
Топырақтан жасалған кірпіштің іші қуыс болады. Массасы 4,5кг, өлшемдері 25х12х14 см кірпіштің ішіндегі қуыстың салмағы қандай? Топырақтың тығыздығы 1300 кг/м3. ауа1,29 кг/м3.
Массасы 1 кг ыдысқа 5 л керосин құйылған Массасы 50кг бала ыдысты көтеріп келеді. Баланың еденге түсіретін қысым күші қандай? к800 кг/м3, g10 Н/кг.
С-ТОБЫ
Биіктігі 20 см, ені 9 см, қалыңдығы 5 мм, платина пластикасынан “F” әріпін қиып алды. Әріп сызықтарының ендері бірдей 3см-ден. Осы әріптің салмағы қандай? п21,5 г/см3.