Үй шатырына жабатын ұзындығы 1420мм, ені 710 мм және қалыңдығы 0,51 мм табақ болаттың массасы 3,98 кг. Болаттың тығыздығы қандай?
Жүк көтергіштігі 4 т машинаға өлшемдері 250х120х65 мм құрылыстық кірпіштің қанша данасын тиеуге болады? К1800 кг/м3.
Бір кесек заттың массасы 474,5г, көлемі 65 см3. Тығыздығы қандай?
Толтыра керосин құйылған ыдысқа, массасы 7,1 кг мыстан жасалған зат толық батырылған болса, асып төгілген керосиннің массасы қандай? К800 кг/м3. М8,9 г/см3.
Б-ТОБЫ
Бос ыдыстың массасы 0,34 кг. Егер осы ыдысқа толтыра су құйса оның массасы 0,959 кг болды, ал осы ыдысқа толтыра сүт құйса оның массасы 0,978 кг болады. Осы мәліметтерге бойынша сүттің тығыздығын тап. су103 кг/м3.
Диаметрі 0,5м құбырмен 1 м/с жылдамдықпен 1 сағ ішінде қанша мұнайды тасымалдауға болады? М800 кг/м3.
С-ТОБЫ
Алтын мен күмістен жасалған қорытпаның массасы 0,4 кг, тығыздығы 1,4104 кг/м3. Осы қорытпадағы алтынның массасы қандай және ол қорытпаның жалпы массасының қанша пайызын құрайды? з19300 кг/м3. к10500 кг/м3.