0,5дм3-нің массасы 1250 г болатын заттың тығыздығын килограмм бөлінген куб метрмен (кг/м3) есептеп шығар.
Массасы 59г кірпіштің көлемі 50 см3. Кірпіштің тығыздығын анықтап, оны килограмм бөлінген куб метрмен (кг/м3) өрнекте.
Болат құйманың көлемі 750 см3. Құйманың массасын тап. Б7800 кг/м3.
Терезе әйнегінің қалыңдығы 2 мм, ені 50см, биіктігі 1 м, соған сәйкес екінші әйнектің өлшемдері 3 мм, 40 см, 80 см. Қайсы әйнектің массасы үлкен және қанша үлкен? 2,5 г/см3.
Б-ТОБЫ
Консерві қалбырының ішін таттан сақтау үшін қалайымен қаптайды. Оған 0,73г қалайы кетеді. Қалбырдың қалайы жабатын бетінің ауданы 400 см2 болса, қалайының қалыңдығы қандай болар еді? 7,3 г/см3.
Көлденең қимасының ауданы 2 мм2 мыс сым орамасының массасы 20 кг. Орамын тарқатпай, сымның ұзындығын қалай табуға болады? Ол неге тең? М8900 кг/м3.
С-ТОБЫ
Массасы 1 кг, 27 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан шар, тыныштықта тұрған алюминийден жасалған тұтас кубқа соқтығысты. Соқтығысқаннан кейін шар тоқтайды, ал куб 10 м/с жылдамдықпен қозғала бастайды. Алюминий кубтың қырының ұзындығы неге тең? а2700 кг/м3.