Массасы m890г мыс білеушесі толығымен суға батырылған. Осы білеушеге әсер ететін Архимед күшін анықта. .
Құдықтан суы бар массасы 15кг және көлемі 0,01м3 шелекті тартып шығару үшін қандай күш жұмсау керек? .
Көлемі 80см3 білеуше су бетінде қалқып жүр. Оның массасы 32 г болса, оның су үстіндегі бөлігінің көлемі неге тең? .
Массасы 540г алюминий білеуше жартылай суға батырылған. Осы білеушеге әсер ететін Архимед күші қандай? .
Б-ТОБЫ
Теңізде мұз жүзіп жүр, оның 195 м3 көлемі судың бетінде болса, мұздың жалпы көлемі қандай? , .
Дене суда жүзіп жүр, дененің көлемінің ¾ бөлігі су бетінде болса, дененің тығыздығы неге тең болар еді? .
С-ТОБЫ
Темірден жасалған шар сынапта жүзіп жүр (сурет). Егер ыдысқа шар толық бататындай су құйсақ, шардың сынапқа батқан көлемінің өзгерісі жалпы көлемінің қанша пайызын құрайды?