Рычагтың ұштарына салмақтары 78,4 Н және 235,2 Н жүктер ілінген. Кіші иіннің ұзындығы 0,5 м болса, онда үлкен иіннің ұзындығы неге тең?
Массасы 40 кг қыз бала, рычагтың көмегімен пілді қалай тепе-теңдікте ұстап тұруға болатынын ойластырды. Рычагтың бір ұшында 10м қашықтықта массасы 4 т піл тұрса қыз бала тіреу нүктесінен қандай қашықтықта тұруы керек болар еді?
Ат массасы 300кг шананы 2 м/с жылдамдықпен бірқалыпты тартып келеді. Егер шананың 1 сағаттағы орын ауыстыру жұмысы 2,1 МДж болса, үйкеліс күші шананың салмағының қанша бөлігін құрар еді?
Массасы 15кг жүкті көлбеу жазықтықтың бойымен бір қалыпты орын ауыстырғанда, жүкке байланған динамометр 40Н-ға тең күшті көрсеткен. Көлбеу жазықтықтың ұзындығы 1,8м, биіктігін 30 см деп алып, оның ПӘК-ін есептеңдер.
Б-ТОБЫ
Салмақсыз рычаг тепе-теңдікте тұр (сурет). Егер рычагтың ұзындығы 40 см, АВ=30см, m2=6кг болса, m1 жүктің массасы неге тең?
Шығыр валының диаметрі 20см-ге, ал дөңгелегінің радиусы 0,6-ге тең. Құдықтан салмағы 120Н суы бар шелекті көтеру үшін шығырдың дөңгелегіне шамасы қандай күш түсіру керек?
С-ТОБЫ
Массасы 10кг, ұзындығы 40 см сырықтың ұштарына массалары 40 кг және 10 кг жүктер ілінген. Осы сырық тепе-теңдік қалыпын сақтауы үшін, тіреуді оның қай жерінен қою керек?