Тозағаштан жасалған суға батпайтын дөңгелектің көлемі 20дм3, оның суға жартысы ғана бататын болса, оған әсер ететін Архимед күші қандай болар еді? .
Судағы нәрсеге 2700мН-ға (милли Ньютон) тең Архимед күші әсер етеді. Осы нәрсені керосин қандай күшпен кері итерер еді? , .
Қайықтан массасы 75 кг ересек адам түсті, оның орнына біреуінің массасы 32 кг, екіншісінікі – 37кг екі бала отырды. Осының нәтижесінде қайықтың ығыстыратын суының көлемдерінің айырмасы қаншаға өзгерер еді? .
Дененің судағы салмағы вакуумдегі (газдың сиретілген күйі) салмағынан 5 есе кіші. Егер судың тығыздығы 1 г/см3 болса, дененің тығыздығы неге тең?
Б-ТОБЫ
Іші қуыс темірден жасалған шардың ауадағы салмағы 6 Н. Шар толығымен суға батырылған, оның ішіндегі қуыстың көлемін анықта. , .
Табан ауданы 100см2 дөңгелек ыдысқа тығыздығы 1,2 г/см3 сұйық құйылған. Оның ішінде массасы 300г мұз кесегі жүзіп жүр. Осы мұздың нәтижесінде ыдыс түбіндегі қысым айырмасы қанша өзгереді? Егер мұз түгел еріп кетсе қысым айырмасы қанша өзгерер еді? .
С-ТОБЫ
Массасы 11,7кг темір кесегі, салмағы 0,012Н болатын тығын кесегімен жіп арқылы жалғастырылып, суға тасталды. Осы кезде жіптің крілу күші 0,064Н болса, тығынның тығыздығы қандай? ,