Спортшы еденнен массасы 120кг штанганы 1,5с-та 2 м биіктікке көтереді. Осы уақыт ішінде спортшының өндіретін қуаты қандай?
Адам үйдің алтыншы қабатынан тоғызыншы қабатына көтерілгенде 5кДж жұмыс істейді. Үйдің әр қабатының ара-қашықтығы 3,2м болса, адамның массасы қандай?
Шығырлар жүйесі тепе-теңдікте болу үшін (сурет), салмағы қандай жүкті ілу керек? (Шығырдың салмағы мен үйкелісі ескерілмесін).
Қабырғада ілулі тұрған сағаттың тетіктерінің өндіретін қуаты 0,0001Вт. Егер сағаттағы жүктің массасы 860г болса, ол тәулігіне қандай биіктіктен түсер еді?
а) Арқанның а, в, с, d, e нүктелеріндегі керілу күшін анықтаңдар.
б) Осы жүйе күштен қандай ұтыс береді?
Ұзындығы 1 м рычагтың ұштарына салмақтары 2 және 18Н жүктер ілінген. Рычаг тепе-теңдікте болу үшін тіреу нүктесі қай жерде болу керек?
С-ТОБЫ
Массасы m=9 кг, ұзындығы =1м сырыққа екі тіреу қойылған. Тіреудің біреуі сырықтың сол жақ басына, ал екіншісі оң жақ басынан а10см қашықтыққа қойылған. Әр тіреуге түсетін қысым күшін тап?