Қуаты 5 кВт мотор массасы 4 т жүкті 20м биіктікке қанша уақытта көтеріп шығарады?
Массасы 20 т бу балғасы 120см биіктікке он рет көтерілетін болса, ол қандай жұмыс атқарар еді?
Көлемі 1,2м3 мәрмәр текшесін 8 м биіктікке көтеру үшін қандай жұмыс істеу керек? Осы мәрмәрді, сол биіктікке су ішінде көтеру үшін қанша жұмыс істейді? , .
Оқушы массасы m жүкті ұзындығы l=2 м, биіктігі h=1м көлбеу жазықтықтың ең биік жеріне бір қалыпты сүйреп шығарды. Бұл жүкке көлбеу жазықтыққа параллель F=100Н-ға тең күш әсер ететін болса, жүктің массасы неге тең? (Шығын есептелмесін).
Б-ТОБЫ
Рычагтың ұштарына 4Н және 36Н күш әсер етеді. Рычагтың ұзындығы 2 м. Егер рычаг тепе-теңдік қалыпта болса, оның тіреу нүктесі қай жерде болғаны?
Массасы 200г жүкті шығырлар жүйесімен көтереді. Жүкті бір қалыпты көтеру үшін жүктің А нүктесіне қандай күш түсіру керек? (Үйкелістер ескерілмесін).
С-ТОБЫ
Массасы m1=400кг, ұзындығы l=7м бөрененің бір ұшынан a=2м қашықтықта массасы m2700кг жүк ілінген. Бөрененің екі ұшына тіреу қойылған. Әр тіреуге түсетін қысым күшін тап.