Жер бетінен қанша қашықтықта еркін түсу үдеуінің мәні 1м/с



Дата18.01.2020
өлшемі31,5 Kb.
#56078
Байланысты:
10-с 1-тоқ аяғы Бақылау

10-с. 1-тоқ аяғы. Бақылау.

І нұсқа.

  1. Массасы 30Т ұшақ 144км/сағ жылдамдықпен келіп жерге қонды. Ұшақ толық тоқтағанға дейін жермен 800м жол жүрген болса, қозғалысқа қарсы күштің шамасын тап.

  2. Жер бетінен қанша қашықтықта еркін түсу үдеуінің мәні 1м/с2-қа тең болады?

  3. Қиғаштығы 300, биіктігі 10м қиғаш беттің төбесінен дене сырғанай бастады. Үйкеліс коэф-ті 0,1 болса, дененің қиғаш беттен түскен кездегі жылдамдығы қанша және түсу уақыты қанша болады?

  4. Ұзындығы 4м шаты жылтыр қабырғаға горизонтпен 600 бұрыш жасай , сүйеп қойылған. Шаты мен еден арасындағы үйкеліс коэф-ті 0,33-ке тең. Шаты еденмен сырғанағанға дейін адам шаты бойымен қанша жерге көтеріле алады? Шатының массасы ескерілмейді.

  5. Диаметрі 8см, массасы 0,5кг шар горизонталь жазықтықтың бойымен сырғанамай, 2айн/с жасап домалап келеді. Шардың кинетикалық энергиясын тап.


10-с. 1-тоқ аяғы. Бақылау.

ІІ нұсқа.

  1. Массасы 50кг жүкті канаттың көмегімен 2с уақытта 5м биіктікке шығарды. Жүктің алғашқы жылдамдығы нөлге тең болған. Егер жүкті жер 500Н күшпен тартатын болса, канат жүкке қанша күшпен әсер етеді?

  2. Жер бетінен қанша қашықтықта ауырлық күші 10%-ға азаяды? Жердің радиусы 6400км.

  3. Ұзындығы 10м, биіктігі 5м қиғаш беттің төбесінен дене алғашқы жылдамдықсыз қозғала бастайды. Қиғаш бетпен дене арасындағы үйкеліс коэф-ті 0,2-ге тең. Дене қиғаш беттен жерге түскен кезде қанша жылдамдыққа ие болады және осы түсуге қанша уақыт кетеді?

  4. * Шаты вертикаль қабырға мен горизонталь еденге тіреліп қойылған. Қабырға мен шаты арасындағы үйкеліс коэф-ті 0,5-ке, ал еден мен шаты арасындағы үйкеліс коэф-ті 0,4-ке тең. Шаты сырғанап кетпес үшін қанша бұрышқа дейін қисайтып қою керек?

  5. Диаметрі 10см, массасы 1,5кг шар горизонталь жазықтықтың бойымен сырғанамай, 8айн/с жасап домалап келеді. Шардың кинетикалық энергиясын тап.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет