Ыдыстың көлемі 0,5 дм3. Осы көлемді куб метрмен, куб сантиметрмен өрнекте.
«Восток-3» зымыраны 2'600'000 км-ді 94 сағат 22 минутта ұшып өтсе, зымыранның орташа жылдамдығын (м/с) есебімен өрнекте.
Машина жолдың бірінші бөлігін (4 км) 20 км/сағ орташа жылдамдықпен, ал қалған бөлігін (12 км) 40 км/сағ орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Машина барлық жолды қандай орташа жылдамдықпен жүреді?
Ұшақ Алматыдан Аягөзге 9 сағат 30 мин ұшып шықты. Ұшақтың орташа жылдамдығы – 600 км/сағ. Егер Алматы мен Аягөздің арасы жуық мөлшермен 720 км болса, ұшақ қай уақытта Аягөзде болады?
Б-ТОБЫ
Мотоциклшілер бір мезетте бір-біріне қарама-қарсы шығып, 10м/с және 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Егер олардың бір-бірінен қашықтығы алғашында 95 км болса, 30 мин кейін олардың ара қашықтығы қандай болар еді?
Моторлы қайық 1,5 км ара қашықтыққа өзенмен және тынық сумен жүзіп барып қайтты. Егер өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ, ал моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 8 км/сағ болса, қайықтың өзенмен және тынық сумен барып қайтуына қанша уақыт кеткен?
С-ТОБЫ
Өзен ағысына қарсы жүзіп келе жатқан ескекші көпірдің астынан өтер кезде бас киімінің түсіп қалғанын байқады. Ол бас киімінің жоқ екенін 10 мин өткен соң ғана біліп, кері бұрылып, көпірден төмен d=1км қашықтықта бас киімін тауып алса, су ағысының жылдамдығы қандай?