Дайындаѓан Баќынов Жєкен Оралѓазы±лы



бет74/99
Дата25.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#159736
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   99
Байланысты:
Дайындаѓан Баќынов Жєкен Оралѓазы±лы

ЭЛЕКТР ҚҰБЫЛЫСТАРЫ
НҰСҚА 5 8/3



А - ТОБЫ

1. Электр өрісінің кернеулігі 10·103 Н/Кл болса, онда осы өріс электронға қандай күшпен әсер етеді? е=1,6·10-19 Кл.


2. Сыйымдылығы 3·10-6 Ф конденсаторға 6·10-4 Кл заряд беру үшін конденсаторды қандай кернеуге дейін зарядтау керек?


3. Өзара параллель екі өткізгіш пластиналар арасындағы кернеу 500 В. Пластиналардың ара қашықтығы 0,02 см болса, олардың арасындағы өріс кернеулігі неге тең?


4. Біреуінің заряды екіншісінен 3 есе артық екі бірдей металл шарикті бір-біріне түйістіріп, қайтадан бастапқы ара қашықтыққа орналастырғанда, екеуінің бастапқы және соңғы кулондық тебіліс күштерінің қатынасы қандай болады?



Б -ТОБЫ

5. 40 нКл және 10 нКл зарядтар бір-бірінен 3 см қашықтықта орналасқан. Үшінші зарядты, осы екі зарядтың арасына қандай қашықтықта қою керек.


6. 20 нКл заряды бар бөлшекті потенциалы 700 В болатын нүктеден потенциалы 200 В болатын нүктеге орын ауыстырғанда өріс қандай жұмыс атқарады?



С - ТОБЫ



7. Суретте көрсетілгендей массасы 0,2 г бірдей кішкентай шарлар жіпке ілінген. Олардың ара қашықтығы ВС=3 см. Шарлардың әрқайсысына бірдей 10 нКл заряд берілген болса жіптің АВ және
ВС бөліктеріндегі керілу күші қандай екендігін табыңыз. Зарядтар аттас.



ЭЛЕКТР ҚҰБЫЛЫСТАРЫ
НҰСҚА 6 8/3

А - ТОБЫ

1. Бір-бірінен 3 см қашықтықта тұрған, әрқайсысы 20 нКл екі заряд өзара қандай күшпен әсерлеседі? к= 9·109 Н·м2/ Кл2.


2. Конденсаторды 1,4 кВ кернеуге дейін зарядтағанда ол 21 нКл заряд алатын болса, конденсатордың сыйымдылығы қандай болады?


3. Кернеулігі 2 В/м біртекті өрісте заряд күш сызықтары бойымен 0,2 м қашықтыққа орын ауыстырады. Осы екі нүктелер арасындағы потенциалдар айырымы неге тең?


4. Бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан кішкентай екі шардың бірдей теріс зарядтары бар және олар 0,23 мН күшпен өзара әсер етеді. Әр шардағы «артық» электрондардың санын табыңыз.





Б -ТОБЫ

5. Сыйымдылығы 0,02 мкФ жазық конденсаторды ток көзіне қосқанда алған заряды 10-8 Кл. Конденсатор пластиналардың аралығы 5 мм болса, электр өрісінің кернеулігі неге тең?


6. Дистилденген судағы 10 нКл нүктелік зарядтан қандай қашықтықта судың электр өрісінің кернеулігі 0,25 В/м болады. =81; к=9·109 Н·м2/Кл2

С - ТОБЫ

7. Бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан 40 нКл және -10 нКл екі зарядтың үшінші зарядқа әсер ететін қорытқы күші нөлге тең болу үшін осы зарядты қандай қашықтықта орналастыру керек?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет