Мақсаты: Сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: ақшақарлар.
Ойын барысы: тәрбиеші балаларға қағаздан жасалған ақшақарларды таратып береді. Балалар ауыздарын демге толтырып, дем шығарғанда ақшақарларды үрлеп ұшырады..
9.«Жаңылтпаштар»
Мақсаты: балаларды жаңылтпаштарды дұрыс әрі жылдам айтуға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: жаңылтпаштар
Ойын барысы: тәрбиеші балаларға жаңылтпаштарды айтады. Балалар оны дұрыс әрі жылдам қайталап айтуы керек.
10.«Не дыбыстайды?»
Мақсаты: балалардың ненің қалай дыбыстайтынын білуі,айтуы керек.
Ойын барысы: топта не дыбыстайтынын айтып беру. Сипаттау арқылы балалар не дыбыстайтынын табуы тиіс.
11.«Әртүрлі сөздерді жинақта»
Ойынның мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету.