Ойынның мақсаты: Сөздерді таза айтуға үйрету.
Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға қиын, тілі келмейтін сөздерді айтады,балалар соны қайталайды.
Мысалы:ракета,шкаф...
19.«Сендердің тілектерің – біздің тілегіміз»
Ойынның мақсаты: Грамматикалық сөздің құрылысын қалыптастыру
Ойынның мазмұны:Тәрбиеші өзінің тілегін айтады,балалардан өз тілектерін айтуларын сұрайды.
20.«Кімнің үйі?»
Ойынның мақсаты:Кімнің қайда тұратынын ажырата білу
Ойынның құрал-жабдықтары:үйдің,апанның, ұяның,тиіннің інінің суреті
Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға сурет арқылы кімнің үйі екенін тауып көрсетуін сұрайды.
21.«Кімде не бар?»
Ойынның мақсаты:Заттардын атын дұрыс атай білуді үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары:қолдарында заттары бар жануарлардың суреттері
Ойынның мазмұны:Суретте бейнеленген жануарлардың немесе ойыншықтардың қолында қандай зат бар екенін атайды және сол затты сипаттайды.
Мысалы:қоянның қолында сәбіз бар,ол көкөніске жатады. т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |