Ойынның құрал-жабдықтары:жыл мезгілдерінің суреттері
Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға жыл мезгілдерінің және табиғат құбылыстарының суреттерін таратып береді. Содан кейін әр баладан бұл құбылыстар қай кезде болатынын сұрайды. Мысалы: қар жауып жатқан суретті алған бала бұл қыс мезгілінде болады деп жауап береді.
35.«Керісінше айт»
Ойынның мақсаты: Антоним сөздерді дұрыс айтуға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары:доп
Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызады да допты лақтырып кез келген сөзді айтады. Балалар сол сөзге керісінше сөзді айтады. Мысалы: ақырын-жылдам, суық-ыстық...