«Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.
№4 «Горка» «Төбешік»
«Төбешік» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.
№5 «Трубочка» «Түтікше».
Тіл ауыздан шығарылады да, түтікше түріне енгізіледі. Жаттығуларды алдымен жайлап, айна алдында жасалады, сонан соң біртіндеп жоғарырақ ырғаққа көшу керек. Әрбір жаттығу 10 секундтан 6-8 рет орындалады.
№ 6 «Часы» «Сағат»
«Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
«Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.
№ 7 «Дәмді тосап»
Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.
Қысқаша сипаттамасы:Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап,ауыз қуысына кіргізу.
Әдістемелік нұсқау.1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау кере.2.Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек.3.Тіл оңға-солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек.4.Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя-пя-пя» жаттығуына оралу қажет.Бала тілін жалпақ қалпына келтірген сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.