Мақсаты:Оқушылардың халық дәстүрі ұғымдарын кеңейту.
Міндеттері:
-Халық дәстүрінің маңыздылығы туралы түсінік беру;
-Халық дәстүрінің мәнін түсініп, оны қадірлеп, бағалай білуге баулу.
-Сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
«Қазақтар - әдет-ғұрып, салт-сана, тіл жағынан біртұтас ұлт» В.В.Радлов.
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт - дәстүрлерімен, ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жол – жосындарымен талай елді таң қалдырып келеді. Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында.

Қазақтың ұлттық би өнері ерте замандардан бастау алып, күні бүгінге дейін өркендеп келеді. Би өнері халқымыздың салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігіне байланысты туындаған.
Қазақтың ежелгі би өнері үлгілері жөнінде дастандарда, ертегілерде, батырлар жырларында да айтылып отырады. Белгілі музыкалық шығармалар, күй әуендері биді сүйемелдеу үшін пайдаланылған. Мысалы, “Қаражорға”, “Бүркіт биі”, “Қаз-қатар”, “Насыбайшы”, “Құсбегі-дауылпаз”, “Аю-би”, “Киіз басу”, “Өрмек тоқу”, “Аққу”, “Ортеке”және т.б билер сондай әдіс-тәсілмен орындалған.