6-дәріс. Оптика Дәріс жоспары: 1. Шағылу және сыну заңдары.
2.Толық шағылу құбылысы.
3. Фотометрия.
Оптикада жарық сәулесінің табиғаты мен қасиеттері жэне олардың затқа өтетін эсерлері қарастырылады. Оптиканың негізгі заңдары болып мыналар саналады:
Сәуленің түзу сызық бойымен таралуы.
Шағылу заңы.
Сыну заңы.
Толық ішкі шағылу заңы.
Жарықтың түзусызықты таралу заңы
Оптикалық бір қалыпты ортада жарық түзу сызық бойымен таралады.
Тәуелсіз жарық шоғырларының заңы
Жеке шоғыр шығаратын әсер, басқа шоғырлардың бірге немесе шеттелгендігіне тәуелсіз.
2) Шағылу: Екі ортаның шекарасына түсетін шағылатын сэулелер және екі сэуле ортасынан өтетін шекараға түсетін перпендикуляр бір жазықгықта жатады. Түсу бұрышы шағылу бұрышына тең болады.
а - түсу бұрышы, - сыну бұрышы
2) Екі ортаның шекарасына түскен сәуле және сынған сәуле ортаның шекарасына түскен, екі сэуленің ортасынан өтетін перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
Сыну заңы
Түсу сәулесі, сыну сәулесі және бөліну шекарасына түсу нүктесінде жүргізілген перпендикуляр, бір жазықтықта жатады; түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы сыну көрсеткішін береді:
Бұл жерде - екінші ортаның бірінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші.
Абсолют сыну көрсеткіші. абсолют сыну көрсеткіші с электромагниттік толқын жылдамдығының фазалық жылдамдығының қатынасына тең:
ХҮІІ ғасырдың аяғында жарықтың табиғаты туралы екі түрлі ғылыми түсінік болды. Олардың біреуі жарықтың толқындық теориясы, жарықтың корпускулалық теориясы. Жарықтың корпускулалық теориясын тұжырымдаған И.Ньютон (1672 ж.). Бұл теория бойынша жарқырауық денелердің ұшып шыққан жарық бөшектерінің ағыны. Корпускула - бөлшек деген ұғым, яғнижарық бөлшектері инерция заңына ұқсас түзу сызықтық бойымен таралады. Осыдан, ягни айнаға түскен жарық бөлшектің шағылу бұрышы түзу бұрышына тең.
Екі ортаның шекарасында жарықтың сыну себебі жарық бөлшектері екінші ортаның бөлшектеріне тартылады. Соның салдарынан бірінші ортадан екінші ортаға өткенде жарық жылдамдығы өзгереді. Сонда бірінші ортаға қарағанда екінші орта тыгыздау болса, жарық жылдамдығы артады. Корпускулалық теория бойынша жарықтың сыну көрсеткіші (п) жарықтың екінші ортадағы жылдамдықтың бірінші ортадағы жылдамдықтың қатынасына тең.