Сабақ тақырыбы Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы



бет1/2
Дата29.01.2018
өлшемі283,14 Kb.
түріСабақ
  1   2
Сабақ жоспары Физика пәні

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.4 В Жарықтың сынуы

Күні:

Сынып:

Мектеп: ХББ НЗМ Атырау қаласы

Мұғалімнің аты –жөні: Алдигулова Н.Ж.

Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар саны:-

Сабақ тақырыбы

Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

ОМ 6 - жарықтың сыну құбылысын сипаттауда қолданылатын түсінікті білу: түсу бұрышы, сыну бұрышы мен сыну көрсеткіші;

Сабақ мақсаттары

Жарықтың сыну заңының мәнін ашу

Жетістік критерийлері

Білу Түсіну. Қолдану

жарықтың сынуы бойынша тәжірибе жүргізеді;

сызбада түскен және сынған сәулелерді, түсу және сыну бұрыштарын, сыну көрсеткіштерін көрсетуге мүмкіндік бар және дұрыс анықтайды;

өз жасаған тәжірибесін өзге оқушыға түсіндіреді.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Жарық

Свет

light

Жарықтың сыну заңы

Закон переломления света

Law of refractiveof light

Түсу бұрышы

Угол падения

angle of incidence

сыну бұрышы

Угол переломления

angle of refractive

Сыну көрсеткіші

Коэфициент переломление

The refractive index
Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Бір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтың таралу бағытының өзгеруі жарықтың сынуы деп аталады.

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)

  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру

  • Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Пәнаралықбайланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Есептер мысалын АКТ көмегімен ұсыну

Бастапқы білім

Жарықтың шағылуы.Айналар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3мин

Ой шақыру

7 мин


Қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыру

1.Оқушылармен амандасу

2.Түгендеу

3.Сыныптың сабаққа дайындығы


Демонстрация

Шыны блок, монеталар, парақ (онда үлкен әріптермен текст жазылған), қарындаш немесе сызғыш, суы бар үлкен стақан.



http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/further-refraction-demonstrations

Оқушылар хабарламасы

Кубик


Сабақтың ортасы

20 мин


«Жарықтың шағылуы. Жарықтың шағылу заңы»

1.Жарықтың сынуы жайында мәлімет беру.

Жарықтың шағылу және сыну заңдарын алғаш рет Христиан Гюйгенс ұсынған.Оның принципі бойынша екі ортаның шекара бетінен шағылған сәуленің бағынатын заңын қорытып шығарған.Ауа және су шекарасында жарықтың сыну құбылысы (тәжірибелер көрсету) Жарықтың сыну құбылысының анықтамасы,



Біртекті ортада жарықтың тузу сызықты таралатыны белгілі. Бір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтың таралу бағытының өзгеруі жарықтың сынуы деп аталады.

Жарықтың сынуын сипаттайтын шамалар: түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөліп тұрған шекарада түсу нуктесінде жургізілген перпендикуляр.

Жарықтың сынуы кезіндегі жарық сәулелерінің қайтымдылығы

2. Жарықтың сыну заңы

Жарықтың сыну заңының тұжырымдамасы:

1 заңы

түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.


2 заңы

Түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады



n-ортаның сыну көрсеткіші.

Жарықтың сынуының екінші заңын көбінесе Снеллиус заңы деп атайды. Оны XVII ғасырда 1621ж. Снеллиус тұжырымдады. Ал 1630ж. Декарт оған теориялық жағынан негіздеме жасады.

Сыну көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес және тек шекаралык ортаның оптикалык қасиеттерімен аиықталады. Тәжірибелік жолмен әр түрлі орта шекараларындағы сыну көрсеткіштері анықталып және кестеге түсірілген.

Заттың ауамен салыстырғандағы сыну көрсеткіші "абсолют сыну көрсеткіші" деп аталатын заттың вакууммен салыстырғандагы сыну көрсеткішіне дәлме-дәл сәйкес келеді.

Жарық бір ортадан екшші ортаға өткенде , сәулелердің сыну себебі әр түрлі ортадағы жарықтың таралу жылдамдығы да әр түрлі болады.


с-жарықтың ауадағы (вакуумдегі) жылдамдығы, ал 9- жарықтың ортадағы жылдамдығы.

Абсолют сыну көрсеткіші көп ортаны оптикалық тығыздығы үлкен, ал абсолют сыну көрссткіші аз сртаны оптикалык тығыздығы аз орта деп атайды.


http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10910

Практикум

25 мин


Жарықтың сыну құбылысы

Практикалық жұмыс (дәптерге орындайды)

Оқушылар жұптасып жұмыс жасауы қажет. Оларға құрал жабдық

арқылы өтетін жарықтың кескінін алуға және кері процесс үшін тәжірибе жүргізуін сұраңыз.Оқушылар үш түрлі түсу бұрышымен тәжірибе жүргізіп, әрбір бұрышқа жеке сызба сызуы тиіс.

Барлық жарық сәулелері қағазда нақты бейнеленіп, белгіленуі тиіс. Түсу және шағылу бұрыштары өлшеніп, белгіленуі тиіс. Оқушылардан тәжірибе бойынша қысқаша нұсқаулықты жазып, негізгі терминдерге анықтама беруді және өз нәтижелерін жалпы түрде қорытындылауын сұраңыз. Содан соң, оқушылар өз жұмыстарын өзге жұпқа сипаттап берулері тиіс. Мұғалім сынып ішін аралап,олардың тәжірибе жүргізу кезіндегі басқа жұпқа түсіндіргенін сырттай бақылап, талқылауларын тыңдау керек. Сонымен қатар ол сұрақтар қойып, жазбаша жұмысты бағалай алады.



Оқушылар практикалық жұмысты орындап болған соң, Білімлэнд сайтынан берілген тапсырмаларын жұптармен орындайды.




Каталог: uploads -> doc -> 0a96
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a96 -> Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Білім беру саласы
0a96 -> Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын. Арқан тартыс. Білімділік мақсаты: Оқушыларға ұлттық ойындар жөнінде түсінік беру.Ұлттық
0a96 -> Сабақтың тақырыбы: Шахмат фигураларының жүрістері Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу