Дайындаған: Унгарбаева Аяужан Маңғыстау ауданы 2016 Түсініктеме



бет1/7
Дата08.02.2022
өлшемі20,09 Kb.
#121559
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
00123c0d-3c28fd91


Қазақ тілінде оқытатын мектептердің 2-сыныбына арналған шығармашылық тапсырмалар.

Дайындаған: Унгарбаева Аяужан
Маңғыстау ауданы
2016

Түсініктеме.
Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымдарда оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат-өмірдің барлық саласындағы белсенді шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек. 
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс.Олар: 
1)Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу
2)Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жайында болу; 
3)Шығармашылық іс-әрекетке жағдай тудыру;
Оқушының іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз –оқушының ойлай білуге үйрету болып табылады. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпестен бұрын соған үйреткен дұрыс. Ойлап үйрену үшін оқушының зейінін тұрақтандыру, интеллектісін дамыту керек. Білім негізі-бастауышта екені ешкімге құпия емес. Оқушыны қазіргі нарықтық заманға лайықты, білімді етіп тәрбиелеуде бастауыш сыныптан бастап жүргізілетін жұмыстарға да аса мән берілуі керек. Сондықтан ұсынылып отырған «Қазақ тілінде оқытатын мектептердің 2-сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін ұштауға арналған тапсырмалар» атты әдістемелік құрал бастауыш 2-сынып оқушыларының ой-өрісін, қиялын, шығармашылығын дамытуға зор үлес тигізетін құрал.
Бұл дидактикалық материалда жинақталған тапсырмалар оқушылардың танымдық дүниесін, логикалық ойлауын қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерінің ұшталуына, жаңаша ойлап, айналаға жаңаша көзқараспен қарауға көмегін тигізеді.ұсынылып отырылғын «Ұйқасын тауып ойнаймыз», «Өлең құрау» сияқты тапсырмалар баланы өзі үшін жаңалық ашып, өз күшін сезінуге, сөздік қорларын молайтуға, қажетті сөзді қажетті жерінде айтуға мүмкіндік береді. «Ертегі құрау» тапсырмалары оқушының ой-қиялын дамытуға, байланыстырып сөйлеуге, монологтік тілінің дамуына үлес қосады, ғажайыптар жайлы қиялдауға , әлемнің тылсым құпияларын ашуға ұмтылыс тудырады. «Жалғастыр» тапсырмалары оқиға желісін сақтай отырып, жүйелі түрде мәтін құрауға баули түседі. Мұнда оқушылар оқиғалардың бір-бірімен сатылай, тізбектей байланысатындарын байқап, соны өз беттерінше топшылап үйренеді. «Үстел үстіндегі карта» ойыны оқушыларды тапқырлыққа, табанасты ойланып сөйлеуге үйретуге көп көмегін тигізеді. «Себебін айт» тапсырмалары оқушылардың ештеңенің жайдан-жай болмайтындығын, кез-келген оқиғаның белгілі бір себептерге байланысты екенін ұғынып, соның себебін табуға барлық күш-жігерін жұмсауға, шығармашылық танытуға жетелейтін жұмыс. «Мен кіммін?» ойыны арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, жан-жануарлар тіршілігі жайлы, оларға қамқорлық қажеттігі жайлы тереңірек ойлануларына зор үлес қосады. Оқушыларды мейірімділікке, адамгершілік қасиеттерінің дамуына жол аша түседі. «Артық сөз» ойыны оқушылардың кез-келген заттар мен құбылыстардың белгілі бір заңдылықтарға бағынатындықтарын өздері үшін жаңалық ретінде ашауға көмектеседі. Кез-келген сөзге ассоциация жасау оқушылардың ұғымдардың арасындағы байланыс пен айырмашылықты анықтауға неғұрлым көбірек байланыс ашуға талпындырып, шығармашылыққа баули түсері сөзсіз. Тіл сабақтарын меңгеру оқушылардан түрлі шығармашылық қабілеттерді қажет етеді. Бұл жинақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өз ісіне сын көзбен қарауға, өзіндік пікір айтуға, ой еркіндігінемүмкіндік беріп, өз бетіммен дұрыс шешім қабылдауға үлес қосады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет