Key words: game technology, preschooler, game, speech development, speech.
«Ойын – бала үшін ойын емес, шындық»
К. Д. Ушинский
Кіріспе
Жаһандық даму үрдістері берік еніп жатқан кезде елдің ертеңгің тізгінін ұстар азаматтарды тәрбиелеу аса маңызды міндеттердің бірі саналады. «Білімді ұрпақ – ел ертеңі» дейтін даналықтың астарында қаншама сыр жатыр. Қоғамның осындай келелі мәселелерін шешуде ұстаз иығына артылар жүк те жеңіл емес. Жаңа заманның қарбалас өміріне етене араласқан ұрпақтың бойында зерделі білім, саналы тәрбие болғанда ғана болашақтың жарқын болары анық.
Қазір қарыштып дамыған ғаламторлық жүйе кезінде өзіміздің ұлттық дәстүрімізден алшақтап қалып, ұялы телефон, әлеуметтік желімен тәрбиеленген ұрпақ бойынша тіл мүкістігі анық байқалып тұрады. Оның алдын алу үшін не істеуге болады? – деген сауал барша қоғамды толғандырады.
Сондықтан баланың зейінді де, зерделі, әрі білімді болып өсуі үшін ұстаздардың әртүрлі тәрбие тетіктерін пайдалануы аса маңызды дер едік. Біз осы мақсатта баланың даму ерекшелігіне байланысты ойынның ерекше әсері бар екенін ескере отырып, осы тұрғыдағы технологияларды дамытуға барынша назар аударамыз. Себебі, ойын баланың болмысына сай шындықпен жалғасатын, оның қиял-арманына айналатын, сол арқылы өсіп-жетілетін ерекше құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |