Дайындалған: Каирбекова Аружан доивк-81 тобының студенті кеақ Шоқан Уәлиханов атындағы



бет5/7
Дата12.03.2022
өлшемі35,55 Kb.
#135291
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
мақала Каирбекова

Негізгі бөлім
Баланың өмірге алғашқы қадам басардағы кимыл әрекеті ойын арқылы болады, оның өзін қоршаған ортасын тануы, өмірге көзқарасы ойынмен қалыптасатынын ғалымдар да айтады. Ойын кезінде балалар өздерін еркін сезініп, тапқырлық әрекеттерге шыңдалады.
Белгілі орыс педагогы В.А.Сухомлинский: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес» дейді.[1] Расында, баланың көңіл-күйіндегі қуаныш пен реніш ойын арқылы анық көрінеді. Ойын арқылы бала тілін дамыту алдымен оның өз айналдағысын тану жолы дер едік. Себебі, бала ешқашан үнсіз ойнамайды. Жалғыз ойнағанның өзінде өзімен-өзі сөйлесіп, ойлау қабілеті артады. Өзге балалармен ойнау арқылы сөйлесу қарым-қатынасы жақсарып, пікірлесу, әсер алу сияқты мінез-құлық сипаттары қалыптасады.
Ойынның мазмұны – жансыз бейнелерді жанды еткізіп, оның қызықтылығын арттырады, ойнауға деген ықылас-ынта құлшынысын жоғарылатады. Қарапайым құмның өзінен бала көзімен ғимараттар тұрғызылады, табиғат құбылыстары жасалады. Ойын технологиялары негізінен бірнеше түрге бөлініп, қарастырылады. Мысалы, сюжетті ойындар көбіне мектеп жасына дейінгі балаларға тән ең сипатты ойындар болып келеді. Мұндағы ролдік бейнелерді балалардың өздері жасайды, өздері орындайды. Балалардың мұндай ойын түрлері өзінің қызықтылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұн мен сипаты ғана өзгеріп отырады.
Ал, дидактикалық ойындарда кішкентай балаларға ой мен қимылды ұштастыру арқылы олардың сөйлеу қабілетін дамыту басты орында болады. Соған баланың бар назарын аудару, зейінін қойғызу және осы арқылы түйсік пен қабылдау қабілеттерін дамытуға негіз қаланады.
Ойын – балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рольдік ойындарда барлық балаларға бірдей роль тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал ұстаз тек бағыттаушы болады.[2]
Осындай ойын тәсілдері балалардың тілге деген қызығушылығын арттырады. Ең бастысы, балалар өздеріне лайықты рөлді ойнап шығады, ойынды нанымды ойнаса, тілі де жатық шығады. Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.[3]
Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.[4]

Ойын технологияларын жүзеге асыру кезінде басты назар аударатын жағдайлар:


- Ойын басталар алдында оған қатысушы барлық балаларға оның қалай ойналып, қалай жүргізілетіні жөнінде хабардар ету;
-Балалардың барлығының бір кісідей қатысуына ерекше назар аудару;
-Ойын кезінде балалар өздері ойнаған рөлдерде шешім қабылдап, ойлана білу үшін жағдай жасау;
-Ойындар баланың жас ерекшелігіне орай таңдалынып, кейін күрделі ойындарға көшу арқылы дамыту;
-Ең соңында ойынның нәтижесі қалай болды, соны барлық балаларға жеткізу.

Кез келген ойынға үлкен шығармашылықпен келу – ұстаздың басты міндеті. Оған жүріп-барып қарауға болмайды. Болашақ тұлғаны қалыптастыру жауапкершілігі бар екенін ұмытпау керек. Сондықтан ойынға қажет барлық құралдарды дайындап, ізденудің де маңызы зор. Себебі, ойын көпке қосыла алмай, шегіншектейтін балаларды да тарта түсуі тиіс. Балалар ойынды жеке ойнағаннан гөрі, көппен ойнағанда тартымдылығы артады. Жаңағы шеттеу тұратын балалар да ойын қызықты болса, ұжымға үйренеді, тілі де ұшталады, өмірге деген қызығушылығы да жақсарады.


Менің тақырыбым – мектепке дейінгі жастағы балаларға ойын технологиялары арқылы тілін жаттықтыру болғандықтан ойынның түрлі арналалары арқылы сөздік қорды көбейтуге назар аударылады. Кез келген бала өз жас ерекшелігіне орай сөздік қорды иеленуі керек. Егер ол өз құрбыластарынан қалып қойса, оның тұлғалық дамуы да қалыңқырайды. Мысалы, сөйлеу тілін түсінуі жақсы болса да, ойлауы шектеулі. Мұндай балаларда сөйлеу тілі басқа балаларға қарағанда кешірек шығады.
Сондықтан, ойын арқылы сөйлеу белсендігі арта түседі, сөздік қоры көбейеді, бірақ балалар буындарға бөлгенде, сөздерді айтқанда әріптерді шатастыруда қиналады. Олардың сөйлеген сөздері қоршаған ортадағыларға түсініксіз болып келетіні де содан.
Қандай ойын түрін таңдап аларда балалардың жас ерекшелігін, олардың мінез-құлық сипаттарымен танысып алып, сөйлеу тілінің деңгейін де бақылап барып, сосын ғана кіріскен әлдеқайда тиімді. Бұл орайда ойынды өткізуге әзірлік, өткізу және талдау кезеңдерін қамтыған үш бағытта болғаны жөн. Дайындық кезеңінде ата-аналармен де бірлесе отырып, әр баланың дүние танымы жайлы зерделеу жүргізіп, ойынға қажет материалдар мен құралдарды таңдау жүзеге асырылса жақсы болады.
Міне, осындай алдын ала жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ойын түрлері таңдалынады. Ойын түрлерінің ішінде қимыл мен қозғалысқа негізделген түрлері ең ұтымдыларының бірі дер едім. Осы арқылы бала ұдайы қозғалыста болады, ойнап жүріп тілдік қарым-қатынасқа түседі. Осылай жаңа сөздерді үйренеді, оны тілдік қорына қосады. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық пен шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін.Ең бастысы, ойындағы қиялды ғана емес күнделікті өмір құбылыстарын сомдау баланы қызықтырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет