«Адал Ұрпақ»ерікті мектеп клубы туралы ереже
1. Ерікті «Адал Ұрпақ» мектеп клубының Негізгі мақсаттары мен міндеттері мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту бойынша ынталыларды мадақтау, жемқорлыққа қарсы сипатты шаралар ұйымдастыруға қатысу болып саналады.
2. Ұжым:8 д сынып оқушылары .
3. Құрылымы
Ерікті «Адал Ұрпақ» мектеп клубы келесі сипатты секциялардан құралған: Жемқорлыққа қарсы білімдер; жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық; жаппай- мәдени іс шаралар.
3.1 Жемқорлыққа қарсы білімдер секциясы дәрістер, «дөңгелек үстелдер» және басқа да ағартушылық шараларын ұйымдастыруға қатысады.
3.2 Жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар шаралары мен сайыстарын ұйымдастыруға қатысады.
3.3 Жаппай- мәдени іс шаралар секциясы науқандар, флэш-мобовтар, диалог алаңдарын, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарымен,мемлекеттік органдармен кездесулер және де басқа әлеуметтік-мәндішаралар ұйымдастыруға қатысады.
«АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБЫНЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Ақтөбе қаласының №57 жалпы білім беретін орта мектебі бойынша
«Адал ұрпақ» ерікті
мектеп клубының жұмыс жоспары
2018-2019 оқу жылы
Жалпы ережелер
Осы Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) Тұжырымдамалық тәрбиелеу негіздеріне сәйкес дайындалған және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқитын балаларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыруды қамтитын тәрбие жұмысын жүргізу тәртібін белгілейді.
Тәрбие жұмыстың мақсаты және міндеттері
2.Осы Бағдарламаның мақсаты мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін жағдай жасау.
3.Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады:
рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;
оқушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру;
оқушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;
оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.
4.Кешенді іс-шаралар өткізу үшін келесі тәрбиелеу түрлері қолданылады:
адамгершілік тәрбиелеу мораль дық-этикалық қағидаларын
қалыптастыруға, әр оқушының сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған;
әлеуметтік-құқықтық тәрбиелеу азамат және мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың мәні туралы түсінік алуға, құқықтар мен міндеттер туралы білім алуға, құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігіне көз жеткізуге, сыбайлас-жемқорлық қоғамдық қауіпін түсінуге бағытталған;
эстетикалық тәрбиелеу оқушылардың эстетикалық талғамын және қоршаған ақиқатқа мейірімді және патриоттық көзқарасын тәрбиелеуге жәрдемдесетін оқушылардың өнер, әдебиет туындыларының көркемдігін түсінуін дамытуға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |