Керей мемлекеті. XII ғасырда керейлер солтүстігінде Орхон өзеніне дейінгі жерді иеленді. Бас ордасы Битөбе деген жерде орналасты.
Керей мемлекеті. XII ғасырда керейлер солтүстігінде Орхон өзеніне дейінгі жерді иеленді. Бас ордасы Битөбе деген жерде орналасты.
XII ғасырдың екінші жартысында Керей мемлекетін Тоғрұл хан басқарған кезде мемлекеттің аумағы өсіп, нығайды. 80-жылдардың басында Тоғрұл манғолдардың жас қолбасшысы Темучинге қолдау көрсетті. Осы әрекеті арқылы өзінің моеғолдар арасындағы ықпалын нығайтуға тырысты. Біраз уақыт Тоғрұл хан керей – найман одағының жетекшісі болды. XII ғасырдың соңы - XIII ғасырдың басында Керей мемлекеті әлсіреп, монғолдар күшейеді. 1203 жылы бұрынғы одақтастар арасында соғыс болып, керейлердің жеңілуімен аяқталады.
Мемлекеттің құрылымы. Керей мен Найман мемлекеттері саяси құрылымы жағынан бір деңгейде және ұқсас болды. Мемлекетті мұрагерлік жолмен хан басқарды.
Елде тәртіп күшейтілді, ісқағаздар жүргізілді. Ресми құжаттар хан жарлығының шынайлығын растайтын мөрмен бекітілді. Ақсүйектердің қызметі әдеттегідей мұрагерлік жолмен берілді. Мемлекеттің бүкіл халқы әскери-әкімшілік жүйе бойынша мыңдық, жүздік, ондықтарға бөлінді. Қоғамда туыс тайпалардың бірігу үдерісі жүрді.
XIII ғасыр басында монғолдардың қысымымен найман мен керейлер Шығыс Қазақстан, Жетісу аумағына қоныс аударды. Олар бұл өңірлерде жергілікті халықтың мәдени және этникалық дамуына айтарлықтай ықпал етті.
Қыпшақ хандығы. VIII ғасырдан XI ғасырдың басына дейінгі қыпшақтар қимақтар тарихымен тығыз байланыста болды. Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің батыс қанатын құрған.XI ғасырдың басында Қимақ қағанаты құлағаннан кейін олардың жері қыпшақ хандарының қолына өтті.
XI ғасырдың ортасында қыпшақтар оғыздарды Сырдария аймағынан және Каспий даласынан ығыстырды. Осы кезде қыпшақтар Еділден өтті, бірқатар тайпаларды бағындырып, Дунайға дейін жетті. Батысқа жылжуы барысында олар Шығыс Еуропа, атап айтқанда, Русь, Византия, Венгрия халықтарымен байланыс орнатты.
XI ғасырда қыпшақтар Жетісумен қатар бүкіл Қазақстан жеріне үстемдік етті. Еуразияның Алтайдан Дунайға дейінгі аумағындағы үлкен тайпалық одақ саналды. Дәл осы кезден бастап жоғарыда аталған аралықтағы барлық түркі тайпалары «қыпшақ» атала бастады.