XII ғасырдың басында қыпшақтыр Алтайдан Дунғайға дейінгі бүкіл далалық аумаққа үстемдік етті. Бұл аумақ Дешті Қыпшақ даласы деп аталды. Дешті Қыпшақ даласы екі ірі бірлестікке бөлінді
XII ғасырдың басында қыпшақтыр Алтайдан Дунғайға дейінгі бүкіл далалық аумаққа үстемдік етті. Бұл аумақ Дешті Қыпшақ даласы деп аталды. Дешті Қыпшақ даласы екі ірі бірлестікке бөлінді.
XII ғасырдың басында қыпшақтыр Алтайдан Дунғайға дейінгі бүкіл далалық аумаққа үстемдік етті. Бұл аумақ Дешті Қыпшақ даласы деп аталды. Дешті Қыпшақ даласы екі ірі бірлестікке бөлінді.
Тоқсоба әулеттік руы басқарған Батыс қыпшақ бірлестігі Дунайдан Еділге дейінгі аумақты иеленді. Еділден Алтайға дейінгі аумақты қоныстанған қыпшақтар Шығыс қыпшақ бірлестігін құрды. Оны Елбөрілі руынан шыққан хандар басқарды.
Қоғамдық құрылымы. Көне түркі дәстүрін ұстанған Қыпшақ хандығы екі қанатқа бөлінді: оң қанатының (басыс) ордасы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласы, сол қанатының орталығы Сығанақ қаласында орналасты. Сол (шығыс) қанаты ең қуаттысы еді. https://youtu.be/wSBiCiBiOIA
Қыпшақ этносының қалыптасуы. Қыпшақтар этнос ретінде Орталық және Шығыс Қазақстан аумағында VIII ғасырда қалыптасты. Қыпшақтардың саяси беделінің артуына орай тайпалар мен этникалық топтар «қыпшақ» этнонимін қабылдады. XI-XIII ғасырларда Еуразияның бүкіл далалық аймағы «Дешті Қыпшақ» аталды.
ІХ ғасырдың соңында қимақ тайпасының атымен Қимақ қағанаты құрылды. Қағанат Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Орталығы – Имақия, екінші астанасы – Алакөл жағасындағы Карантия болды. Парсы тарихшысы Гардизи қимақтар құрамында жеті тайпа болғандығын жазған. Олар: эймур, байандур, татар, ланиказ, ажлар, имек, қыпшақ. Ең атақтылары – қимақтар мен қыпшақтар. Қағанат билеушісі – “қаған”. Бұл атақтан екі саты төмен “ябғу” атағы болды. Жеке тайпа көсемдерін “шад-түтік” деп атаған.
Х ғасырдың басында қимақтар тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы Жамлекесті жаулап алды. Қимақтар Енисей бойындағы қырғыздарға да шабуылдап тұрған. Қимақтарға 10 ғасырдың екінші жартысында Қарахан мемлекеті шабуылдай бастады. Қарахандықтардың жорықтары 11 ғасырда жиілей түскен. Осы жорықтардың әсерінен Қимақ қағанаты әлсіреп, ыдырай бастады. Қимақ қағанатының құлауының екі себебі болған. Біріншісі – қыпшақ тайпасы көсемдерінің билік үшін таласуы. Екіншісі – сыртқы қайшылық.
Қимақтарда мал шаруашылығы басым болды. Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, малдан айрылғандар жатаққа айналып, қолөнер мен балық аулауды кәсіп еткен. Қола айнадағы жазулар 9-10 ғасырларда қимақтардың ежелгі түрік жазуымен жазғанын көрсетеді. Қимақ шонжарлары 10 ғасырда ислам дінін қабылдай бастады.